АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Сайран ҚАДЫРҰЛЫ:«Қазақ болып туғаным қылмыс болмаса, басқа ешқандай қылмысым жоқ!»

Моңғолия қазақтарының арасынан шыққан белгілі саясаткер, білікті дипломат Сайран Қадырұлына моңғол баспасөзінің «отанын сатқан», «Қазақстанның шпионы»  деген айып Моңғолия қазақтарының арасынан шыққан белгілі саясаткер, білікті дипломат Сайран Қадырұлына моңғол баспасөзінің тағып, елді дүрліктіргенін  айтқанбыз. Дипломатқа атажұрттағы қандастар да қолдау көрсетіп, бірнеше ақпараттық порталдар  хабар таратқан-ды.

Ал, facebook-та Сайран Қадырұлының  өзі  дүрліккен моңғолиялық қазақ жастарына  басу айтып, өзін қолдаған ағайынға алғысын білдірді. Сонымен бірге,  алдағы уақытта мәселенің мән-жайын айтуға  уәде етті. Біз  қандасымыздың өз  пікірін ұсынысып отырмыз.

«Ардақты ағайын, бауырлар, жастар!
Мен туралы жақсы пікір жазғандарға, қолдағандарға, және де теріс түсінікте жүрген бауырларға барлығына Алла разы болсын айтамын.
Ең әуелі айтарым алаңдайтын еш оқиға болған жоқ, мен кәзір Уланбатырдамын. Денсаулығым да жақсы, Құдайға шүкір.
Сәл сабыр етсеңіздер аз уақыттан кейін барлық жағдайды ашықтан ашық өзім міндетті түрде баяндап беремін. Бұл тек менің жеке басымның ғана мүддесі емес Монголиядағы бар қазақтың тағдырына, болашағына байналысты іс болғандықтан қайткен күнде барлық ағайынға толық мағлұмат беремін деп уәде етемін.
Ал мына баспасөз бетіндегі қара PR ға келсек бұл әдейі жасалып отырған іс. Иелері, демеушілері, қолдаушылары, ұйымдастырушылары бәрі бәрі маған таныс. Қай жақтан, қандай мақсатпен лақтырылған тас екені бесенеден белгілі. Әр сайлаудың алдында, сайлау барысында қаншама сөз айтылады, 23 жылда қаншама жала жабылды. Жан жақтан атқылап шұрық тесік жараланған қасқырдай болған түріміз бар…. Үлкен саясат оңай іс емес.
Монғолияда Қазақ болып туғаным қылмыс болмаса, басқа жасаған ешқандай қылмыс ісім жоқ. Ниетің түзу болса, ісің адал болса, білімің, тәжрибең жеткілікті болса ешкім сені төмендете алмайды.
Жастарға айтарым әлі көп, сабырлы болыңдар, басқаның ой-пікірін дұрыс түсініп, құрметтей біліңдер, ФБ сияқты әлеуметтік желісін дұрыс пайдаланып, халықтың ой пікірін дұрыс қалыптастыратын, мәдениетті, парасатты ақыл иесі болыңдар. Мен үнемі хабарларыңды, әңгімелеріңді оқып қадағалап отырамын.
Барлықтарыңа амандық тілеймін!»
Жебе-ақпарат

«отанын сатқан», «Қазақстанның шпионы»  деген айып тағып, елді дүрліктіргенін  айтқанбыз. Дипломатқа атажұрттағы қандастар да қолдау көрсетіп, бірнеше ақпараттық порталдар  хабар таратқан-ды.