АЛТЫНОРДА
Новости

Сәнқой әдебиет

Olympia Le-Tan есімді француздық дизайнердің шағын ғана дүкенінде бірде-бір манекен, ілгіш немесе киім өлшейтін орын, тіпті айна да жоқ. Алайда, бұл жер — кітапсүйер қауым үшін «жұмақ» болып саналады. Өйткені, дүкен ішіндегі сөрелерге орналастырылған түрлі кітаптар, қойын дәптерлер, ерекше пішіндегі сүт қораптары, уылдырық банкалары көрген көздің жауын алады. Егер оларға жақын барып қарайтын болсаңыз бұлардың басқа емес сәнді клатчтар екенін анық байқайтын боласыз.

«Интелектуалдық аксессуарлар». Дизайнер өз туындыларына осындай атау берген. Оның ойынша кез-келген әйел затының қолданысындағы заттар тек қана әдемі емес, мәнді де мағыналы болуы керек.

Осылайша, аса талантты Olympia Le-Tan нәзік жандылар қауымына Шекспирдің барлық еңбектерін, Эрнест Хэмингуэйдің «По ком звонит колокол» және Владимир Набоковтың «Лолиты» сынды туындыларынсәнді аксессуар ретінде ұстап жүруге мүмкіндік беріп отыр.


Дизайнер мұнымен тоқтаған жоқ. Ол өз замандастарына сүт қораптарынан, тағам банкаларынан жасалған аспалы сәнді сөмкелердіде ұсынды. Әдемі әрі күлкілі.

Өте қымбат бағада болғандықтан бұл өнер туындыларын қолға түсіру екінің бірінің басына бұйыра бермесі анық. Және олардың ешбір жерде қайталанбайтындығы тағы бар.

Суреттер:starslife.ru,kulturologia.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

 

http://massaget.kz/bastangy/sn/7078