АЛТЫНОРДА
Новости

Швецияға сіздің ұнауыңыз керек!

ШвецияЗаманауи Швеция – бірнеше ғасырлық тарих пен қызықты жаңалықтарға толы скандинавиялық аралдың алып елдерінің бірі. Швецияны өзінше бір сұлу мемлекет деп айта аламыз, алайда сіз естен кетпес демалыс өткізіп, саяхаттан ләззат аламын десеңіз, ақшаңызды аямауыңыз керек. Себебі,әлемнің ең бай елдерінің алдыңғы қатарында тұрған Швеция кім көрінгенге өз құндылықтарын оңайлықпен көрсете қоймайды. Бұл өңірдің таулары да биік, ауа-райы да өзгеше, қараша мен сәуір айларының аралығында ақ көрпесіне оранып жататын елдің көңілінен ол емес, сіз шығу керексіз.

Швеция сөзінің этнонимінің дамуы нақты белгілі емес. Дей тұрғанмен, бұл сөздің көнескандинавия тіліндегі «Svithjoth» деген сөзден шыққандығы туралы деректер бар. Бұл сөз герман тілінен аударғанда, «халық» деген мағынаны білдіреді екен.

Швецияның бас қаласы – Стокгольм. «Стокгольм» – «жақсы сақталған» деген мағынаны білдіреді. Астанада мұражай қалпындағы көретін дүниелер көп. Қаланың аты шатырда тұратын «Карлсон» және Нобель сыйлықтарын тапсыру шараларымен қатар аталады.

Швецияның ең үлкен қалаларының көшін Гереборг және Мальма бастап тұр. Ал әлемге кең танылған Идре, Сэлен, Оре таушаңғысына арналған шипажайларының есігі қашанда ашық!

Сондай-ақ, Стокгольмдегі 750 жылдық тарихы бар «Gamla Stan» орталығы, Патша сарайы, Астрид Линдгреннің кітаптарындағы кейіпкерлермен кездесуге апаратын Юнибакен ертегілік пойызы, Скансен атты ашық аспан астындағы мұражай, Солтүстік Еуропадағы ең үлкен ботаникалық бақ, Ғылыми ашылулар мен техникалық мұражай, Абиско аталатын Ұлттық саябақ сіздің көңіліңізді аулай алады.

Упсала шіркеуі, Гамла Стан ежелгі қалашығы, Висби үйі, жоғары сапада тұрғызылған Дроттингхольм сарайы, Кристалдар патшалығы, Стокгольмдік архипелаг уақытыңызды қызықты әрі пайдалы өтуіне себепкер бола алады.

Швецияның көрікті мекендерімен төмендегі видео арқылы таныс бола аласыздар:

 

Швеция мемлекеті туралы қызықты мәліметтер легімен таныс болыңыз:

1. Швед қыздары 30 жасында ғана өмірге бала әкелгенді құп көреді. Мұның басты себептерінің бірі – мансап. Яғни, олар бала бақпастан бұрын, бизнес саласында үлкен жетістіктерге жетіп, мансаптың жоғары баспалдағына көтеріліп алуды жөн санайды.

2. Дәл қазіргі уақытта Швецияда 10-на астам ядролық реакторлар жұмыс жасап жатыр.

3. Швецияда «үй шаруасындағы әйел» деген мамандық аса танымал емес, сондықтан 75% аналар баласын дүниеге әкелгеннен кейін жұмысқа шығып кетеді.

4. Заманауи шведтердің ата-бабалары – жүрек жұтқан, күрескер викингтер болған. Олар теңіз жорығына шығып, жер басып алуды мақсат еткен.

5. Шведтер темекінің орнына снюсті құп көреді. Снюс — бұл темекі тектес өнім. Өте жұмсақ келетін темекі үстіңгі ерін (кейде астыңғы) мен иекке кедергі жасап тұрады.

5. Тұңғыш шведтік «киножұлдыз» ІІ Оскар патша болған, ол 1897 жылы ұйымдастырылған Стокгольм көрмесінде шағын киноға түскен.

7. Стокгольм – әуе шарларын көкке еркін ұшыруға рұқсат беретін әлемдегі жалғыз астана.

8. Швецияда қой етіне қарағанда жылқы еті көп желінеді.

9. Швеция тұрғындарының орташа өмір сүру жасы — 80,5.

10. Шведтердің ең аз еңбек демалысы — 34 күн. Бұл Еуропадағы үшінші орында тұрған көрсеткіш. Ең көп еңбек демалысын алатындар — италиялықтар мен финдер. Олар бір жылда 9 апталық демалысты иемденеді.

11. Швециядағы студенттердің орташа жасы — 25,5. Олар мектепті бітіргеннен кейін бірден ЖОО-на түспейді. 2-3 жыл жұмыс істеп болған соң ғана оқумен айналысады.

12. Швеция — ең жомарт халық. Мемлекет кедей елдерге көмек көрсеткендердің бір пайызын құрайды.

Шведтердің ұлттық киімі

13. Бензиннен ең алғаш болып бас тартқан ел Швеция. Олар осылайша биожанармайдың жағына шықты.

14. Швециядағы Патша сарайы — әлемдегі ең үлкен сарай. Онда 550 бөлме бар.

15. Иттрий, иттербий, тербий және эрбий химиялық элементтері шведтік ауылдардың құрметіне аталған. Осы аймақтан аталған қазбалар табылған.

16. Швецияда кәрі адамдардың мөлшері әжептеуір көп (24%), ал кәрі адамдардың ең аз көрсеткіші Кувейтте байқалған (2%).

17. Швецияда Карлсон фамилиясын иемденген 300 000 адам бар.

18. Шведтіктер шақырусыз немесе ескертусіз ешқашан қонаққа бармайды.

19. Олар үйде тамақ жасағанды ұнатпайды: көбіне көкке шығады немесе дәмханалардан тамақтанады.

20. Шведтердің сүйікті тағамдары — kebab pizza (қамыр, ірімшік, ет және арнайы кебаб тұздығы).

21. Швецияда суши жейтін дәмханалар жоқ десе де болады.

22. Швецияда екі тіл бар: жеңіл және қиын. Халықтың 70 пайызы «қиын» тілді ауызекі тілде қолданбайды, кейбірі қиын тілдің сөздерін түсібейді екен.

23. Шведтер спортқа өте жақын, олардың 80 жастағы адамын 50 жаста деп те айта алмайсың.

24. Швецияда тісті 20 жасқа дейін тегін емдейді, сіз қалаған жеріңізге барып, кезекке жазыла аласыз.

25. Дүйсенбі-жұма күндері аралығында көшеде ішіп жүрген адамдарды кездестіре алмайсыз. Ал сенбі-жексенбі күндері халықтың 80 пайызы мас болып жүреді.

Суреттер: countries.ru, photospheraslide.blogspot.com, nptravel.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

 

http://massaget.kz/alemtanu/shartarap/11266