АЛТЫНОРДА
Новости

Словакия импорт газын Украинаға жібермек

Словакия сырттан импорттайтын газын Украинаға бұрып, бұл елді жылына 30 миллиард текше метр газбен қамтамасыз етуі мүмкін. Бұл туралы украиналық «Нафтогаз» компаниясының құжаттарында айтылады.

Украинаға жылына 50 миллиард текше метр газ қажет. Қазір бұл ел газды Ресейден сатып алып отыр. Ал Ресей өткен айда Украинаға сататын газының бағасын қымбаттататынын ескерткен.

Словакия билігі Украинаға жылына сегіз миллиард текше метр газ жіберуге қажет барлық техникалық шараларды іске асыруға дайын екенін мәлімдеген. Киев «Словакия жіберетін газ көлемін едәуір көбейте алады» дейді.

Бірақ Еуропаға импортталатын газдың шамамен үштен бірін қамтамасыз ететін ресейлік «Газпром» компаниясы Словакияны «келісімді бұзды» деп айыптайды деген қауіп бар.

24 сәуір күні Словакия астанасы Братиславада Словакия мен Украинаның энергетика министрлері Еуропа Одағының энергетикалық мәселелер бойынша комиссары Гюнтер Отингермен кездескен. Кездесу бүгін де жалғасады деген болжам бар.

 

http://www.azattyq.org/archive/news/20140425/330/330.html?id=25361783