АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Солтүстік Корея зымыран қозғалтқышын сынақтан өткізді

bd5b51ff8eb634ecca308f08eba855b5_LСолтүстік Корея қатты отынды зымыран қозғалтқышын сынақтан өткізді. Басқару процесіне елдің көшбасшысы Ким Чен Ын қатысқан. Оның айтуынша, мұның бәрі мемлекет әскерінің қуатын арттыру үшін жасалып отыр. Айта кетейік, АҚШ пен Оңтүстік Кореяның ортақ әскери оқу-жаттығуларына жауап ретінде соңғы уақытта Пхеньян бірнеше зымыран ұшырған болатын. Солтүстік Кореяның бұл әрекетін халықаралық қауымдастық қатаң сынға алып отыр.

Источник: http://www.24.kz/