АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

«СЫБАҒА» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ 620 МЫҢ БАС ІРІ ҚАРА МАЛ САТЫП АЛЫНДЫ

1581430«Сыбаға» бағдарламасы аясында асыл тұқымды 620 мың бас ірі қара мал сатып алынған. Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетіне арналған дөңгелек үстел барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті. Министрдің сөзіне қарағанда, бағдарлама аясында сатып алынған ірі қараның барлығы асыл тұқымды мал басын өсіру мақсатын қамтиды. Бұл ретте табынға асыл тұқымды бұқалардан (1:30) қосылып отырады.«Яғни, қазіргі күні фермалардағы асыл тұқымды ірі қара негізінен малдың төлін арттырумен айналысады, ал оның төлі өсіп, жетілген соң бордақылау алаңдарына жөнелтіледі. 620 мың асыл тұқымды ірі қара малдан жылына 500-550 мың бас төл өреді, олардың 50 пайызға жуығы бұқашық», — дейді А.Мамытбеков.

Оның айтуынша, еркек тайыншаларды бордақылау алаңдарына жөнелту үшін 2014 жылдың соңынан бастап, субсидия ретінде әр мал басына 24 мың теңгеден бөлініп келедi

http://zhebe.com/