АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Танысып қойыңыздар: жас әнші Еркебұлан АМАНКЕЛДІ

Еркебұлан Болатұлы (Жатақбаев) 2001 жылы наурыз айында дүниеге келген. Қазір Алматы қаласының 133 жалпы білім беретін мектебінің 5 сынып оқушысы, оқу озаты. Республикалық » Тайжарыс» радиофестивалінің лауреаты, Қазақ радиосының бас жүлдегері, Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай, «Art advance» продюссерлік орталығының ұйымдастыруымен, Алматы қаласында өткен «Жас дарын» қалалық ән-би байқауының 2 орын иегері, Халықаралық жастардың «Дельфи ойындары» фестивалінің лауреаты атанған жас талант иесі. Болашағынан үлкен үміт күтер азаматтарыныз. Болашағына ақ жол тілейміз!

Еркебұланның ата-анасы мен ата-әжелері шолпандықтар. Яғни түп тамыры біздің ауылдан. Еркебұлан қазір біраз фестивальдер мен өнер жарыстарына қатысып ән салып жүр. Жеткен жетістіктері де бар, Құдайға шүкір!

 

http://sholpanym.kz