АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Тентіреткен тоғыз жыл

бомбейская-кошка-8-700x464Британияда жоғалған мысық 9 жылдан кейін үйінен 450 миль жерден (720-ға жуық шақырым) табылды. Норма Джин есімді бір жастағы марғау 2008 жылы ағылшынның Торки қаласында жоғалып кеткен.

2016 жылы мысық шотландиялық Глазгода табылып, қайырымдылық қорына тапсырылды. Онда мысықтың мойнындағы микрочип арқылы оның қайдан шыққаны туралы мәлімет алынды.
Ұйым мысықтың иелерін іздей бастағанда, олардың сол кезде Шотландияда демалып жүргені анықталды.
Марғаудың 720 шақырымды қалай өткені белгісіз болып қалып отыр.
ҚазАқпарат