Енді қазақтың өз жерінде киіз үйді ысырып қойып, үндістердің шаңырағы – сүйір келген лашықтарын жасауды қолға алмақшы. Бір айта кетер жайт, үндіс лашығы Американың өзінде үлкен сұранысқа ие көрінеді. Өйткені елде болған қаржы дағдарысында көптеген тұрғын баспаналарының қаражатын төлей алмай, қаңғып қалған. Ондайларға кез келген уақытта кез келген жерге тігіп, көшіп жүре беретін үндіс лашығы өте тиімді болып тұр. Бағасы да қымбат емес, бір-екі мың доллардың көлемінде. Қолжетімді.
«Рас, киіз үйдің бағасы қымбат. Бес мың доллардан басталып, он мыңға дейін. Ал осы үндістің арзан лашықтарын шығаруды қолға алсақ, өте тиімді һәм пайдалы болмақ. Баспанасы жоқтар қиналмай сатып алып, қажет жеріне орнатып, күн көре берер еді» дейді Сэймур Кортвельче.
Оның айтуынша, кәсіпорында (қай кәсіпорын екенін кәсіпкер нақтылап айтпаған) лашық жасайтын қажетті құрал-жабдық даяр, тек шығаруды қолға алу ғана қалып тұрғанға ұқсайды. Лашық-қостардың алғашқы партиясы Ресейге жөнелтіледі. Сұраныс болса, қазақстандықтарға арналып шығарыла бастайды. Осылайша үндіс-кәсіпкер баспанасыз жүрген қазақстандықтардың проблемасын лашық арқылы шешіп тастамақ.
http://www.aikyn.kz