АЛТЫНОРДА
Новости

Украина: Анна Дурицкая Мәскеуде достарымен бірге

Украина сыртқы істер министрлігі Борис Немцовтың қазасына байланысты маңызды куәгер – Украина азаматы Анна Дурицкаяны Мәскеуде жеке пәтерде еркінен тыс ұстап отыр деген ақпаратты жоққа шығарды.

Министрлік өкілі Евгений Перебийнистің айтуынша, Дурицкая өзінің достарының үйінде және Отанына оралғысы келеді. Осыған байланысты Мәскеудегі Украина елшілігі Дурицкаяның Киевке оралуын қамтамасыз етуді сұрап Ресей сыртқы істер министрлігіне нота жолдаған.

Бұған дейін Украина Жоғарғы Радасының депутаты Остап Семерак Ресей билігі Дурицкаядан жауап алған соң оны жеке пәтерде ұстап, Украина консулымен кездесуіне мұрсат бермей құқығын бұзып отырғанын қыздың Киевтегі туыстары жеткізді деп мәлімдеген еді. Бірақ ресейлік оппозиционер Илья Яшин «Дождь» телеарнасына Дурицкая тергеушілерге жауап берген соң екеуіне таныс әйелдің үйіне қонғаны жайлы айтқан.

Анна Дурицкаяның сөзінше, ақпанның 27-і күні кешкісін Мәскеудің орталығында Борыс Немцов екеуі көпір үстінде кетіп бара жатқан кезде белгісіз қылмыскер Немцовты бірнеше рет атып өлтіріп кеткен.

http://www.azattyq.org/archive/news/20150301/330/330.html?id=26876163