АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

«Үміт» түлектерінің 100 пайызы грантқа түсті

скачанные файлы (2)«Бүгін Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Подстепное ауылындағы «Үміт» тілдер гимназиясы үшін ақ түйенің қарны жарылған күн болды», — деп жазады zhaikpress.kz.
Өйткені гимназияның 29 түлегі түп-түгел 100 пайыз грант иегері атанды. Талай түлекті өмір көгіне қанаттандырып ұшырған, ылғи үздіктер тәрбиелеп келе жатқан білім ошағының басшысы Дариға Мұштанова бастаған мектеп ұжымы шәкірттерін мақтан етеді. Мақтан етпегенде ше?! Биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша гимназияны тәмамдаған 29 оқушының 17-сі «Алтын белгіге», 6-ы үздік аттестатқа лайық болды. Орташа балл – 117,8, шәкірттердің ең төменгі балы 107-ні құрады.
Облыс бойынша ең жоғарғы көрсеткіш – 125 баллды да «Үміттің» үкілеген үміті – Самат Сымбат деген қызы қанжығаға байлады. Нәтижесінде ҚР Білім және ғылым министрлігі жасаған рейтингі бойынша, Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Подстепное ауылындағы «Үміт» тілдер гимназиясы республика бойынша ҰБТ-да жақсы көрсеткішке ие болған 10 мектептің ішінде көш бастап, кестенің алғашқы жолынан лайықты орнын алды. Жарайсыңдар, үмітті ақтаған «үміттіктер»!

http://aynaline.kz/