АЛТЫНОРДА
Новости

Жас ұрпақ төл мәдениетке сусындап өсуі тиіс

ыкнрАстана. 28 тамыз. Baq.kz-Қазақстанның тарихи-мәдени мұра құндылықтарына деген мемлекет көзқарасының жүйелі жетілдіріп отыруы көңіл қуантады.

 Өткеннің саяси және әлеуметтік-экономикалық қайта құрылымдарын жаңаша ұғыну мен бағалау, ұлттық тұрғыдан зерделеу барынша күшейіп келе жатқан қазіргі кезеңде нақтылыққа шынайылықты, және сындарлы тұрғыдан қарап, мәдени мұраны сақтау мен тиімді пайдалану ел болашағы үшін аса маңызды, әрі өте өзекті мәселе болып отыр. Белгілі өлкетанушы, тарихшы-этнограф Темірғали Аршабеков, әсіресе, бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі – төл мәдениетін жақсы білетін, өз халқының өнерін сүйетін, елдің болашағына тірек бола алатын ұрпақ тәрбилеудің қажеттілігін баса айтты.
«Қазақстан – бүгінде халықаралық қауымдастықтың толық, құрметті және беделді мүшесі. Экономикалық, әлеуметтік дамуының, халық өмірі деңгейінің негізгі көрсеткіштері бойынша еліміз ТМД мемлекеттері арасында бірінші орында тұр. Елде бірнеше тілдерде сөйлей алатын, заманға сай технологияларды игерген белсенді ұрпақ өсіп келеді.Сонымен бірге рухани құндылықтарды игермеген, өз тарихын, мәдениетін білмейтін жас ұрпақ қазіргі жаһандану ағынына төтеп бере алмайтыны, түрлі догмалық бағыттарға еріп кететін қаупі барлығын жасыруға болмайды. Мемлекеттің осы тұрғыдан міндеті – жас ұрпақты патриоттық рухта, халқына, төл мәдениетіне деген сүйіспеншілік рухта тәрбиелеу»,– деді ғалым.

Дәулетқали АСАУОВ