АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Жат құрсақтан 150 баланы асырап өсірген кейуана қайтыс болды

54jXUQRU3cdLdtnI-lgҚырғызстанда 91 жасына қараған шағында Токтогон Алтыбасарова есімді кейуана дүниеден озды. Ол екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистердің блокадасында қалып қойған 150 баланы асырап алған еді. Ел басына күн туған қиын-қыстау кезде тылда жүріп осындай ерліктің ерен үлгісін көрсеткен, жат құрсақтан шыққан 150 балаға аналық мейірімін төккен кейуананың қазасына байланысты Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев оның туған-туыстарына көңіл айтты. Бұл жайында ел басшысының сайтында хабарланды. Ыстықкөл облысына Ленинградтан әкелінген балаларды бөлу кезінде оның жасы бар-жоғы 16-да болатын. Соғыстан кейін асырап алған балалары жан-жаққа кетті. Асырап алған балаларынан бөлек майдангер күйеуінен сегіз бала, 23 немере және 13 шөбере тәрбиеледі. Кейуана Ыстықкөл облысындағы өзінің туған Құрменті ауылында жерленді. 

http://islam.kz/