Алдағы жексенбі, яғни 27 қыркүйек күні Жер планетасының тұрғындары ғасырда бір кездетін астрономиялық құбылыстың куәсі болмақ. Жексенбіден дүйсенбіге қараған түні Ай жердің көлеңкесі арқылы өтіп, жан-жағынан түскен күн сәулесі арқылы қызыл түске боялады. Сондай-ақ тұтылған ай 14 пайызға ұлғайып, 30 пайызға жарқырай түседі. Яғни Жер мен Айдың ара қашықтығы 384,6 мың шақырымды құрайды. Аталған құбылыс соңғы рет 1982 жылы байқалған екен.
khabar.kz
http://alashainasy.kz/