[:kz]
2019 жылғы 1 маусымнан бастап азаматтық қызметкерлердің жалақысын арттыруға 144 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Аталған қызметкерлердің жалақысы жұмыс өтіліне байланысты сараланған түрде арттырылады.
Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 2019 жылға 144,3 млрд.теңге көзделген.
Мысалы, жоғары білімді және 1 маусымға дейін 2 жыл жұмыс өтілі бар жоғары санатты әлеуметтік қызметкердің жалақысы 81 830 теңгені құрады.2019 жылғы 1 маусымнан бастап — 98 961 теңге. Осылайша, жалақының өсімі 17 130 теңгені немесе 21% құрады.
Екінші мысал ретінде 5 жыл жұмыс өтілі бар санаты жоқ арнайы орта білімі бар тәрбиешінің жалақысын ұлғайтуды қарастырамыз. Мәселен, егер 1 маусымға дейін ол 58 984 теңгені құраса, 2019 жылғы 1 маусымнан бастап 76 114 теңгені құрайды, бұл жерде жалақы өсімі – 17 130 теңгені немесе 29% құрайды.
Жалақыны арттыру денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы және басқа салаларда жұмыс істейтін 1,1 миллион азаматтық қызметшілерге қатысты.
[:]