АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қазақстанда нұсқаулықсыз дәрі-дәрмек сатылмайтын болады [:]

[:kz]

Қазақстанда нұсқаулықсыз дәрі сатуға түбегейлі тыйым салады. 2020 жылдан бастап дәріханалар жаңаша жұмыс істейді, деп хабарлайды КТКарнасы.

Денсаулық сақтау министрлігі тұтынушылардың жауапсыздығы мен өз бетінше дәрі ұсына беретін фармацевтердің жауапсыздығын сынға алды.

“Адамдар дәріханаға келіп қай жері ауыратынын айтып шағымданады. Дәріхана қызметкерлері медицина қызметкері болмаса да, дәрі тағайындай береді. Оның ішіне күшті әсер ететін дәрілерді де ұсынады. Бұл заңбұзушылық”, – дейді министр Елжан Біртанов.

Қазақстандықтар дәріханадан дәрі сатып алу үшін алдымен дәрігерге қаралу керек.

2022 жылға дейін Денсаулық сақтау министрлігі нақты бағалар қойып, дәріхана жұмысын бақылауға алады. Тегін берілетін дәрілердің жеткізілуін қадағалайды.

Жыл басынан бері тегін берілетін дәрі үшін үш мыңнан аса адам шағым айтты. 2016-2017 жылдары аралығында 11 аймақта 4 млдр теңгеден астам соманың дәрісі қалғаны белгілі болды.

КТК

[:]