АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]Қазақстанда Украинаға гуманитарлық көмек көрсету үшін қаражат жинау басталды[:]

[:kz]

Қазақстандық танымал кәсіпкер. “Қазақстан Барысы” жобасының негізін қалаушы Арман Шораев халыққа үндеу жариялап, Украина тұрғындарына көмектесуге шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның сөзінше, Қазақстан халқы Кремльдің Украинаға жасап жатқан әскери агрессиясына алаңдап отыр.

“Ғасырлар бойы татулығына сызат түспеген бауырлас екі елдің соғысын көру біз үшін ауыр. Украина тәуелсіз мемлекет! Украин халқының өз елінің тәуелсіздігін қорғауға толық құқығы бар екені даусыз. Біз де Отанымыздың тәуелсіздігін барынша қорғауға дайын екенімізді айтқымыз келеді”, – деп жазды Арман Шораев  Facebook-те.

Кәсіпкер қорғансызға қол ұшын созу – халқымыздың қанына сіңген қасиет екенін атап өтіп, қазақстандықтарды украин халқына көмектесуге шақырды.

“Кез келген соғыс – ауқымды гуманитарлық дағдарыс. Біз, бауырлас Украина халқымен біргеміз дегіміз келеді!

Құрметті қазақстандықтар, сіздерді тағдырлары қыл үстінде тұрған украин халқына қолғабыс етуге шақырамыз! Украина еліне арнайы жіберілетін дәрі-дәрмек пен медициналық құралдарды жинап, гуманитарлық көмек беруге шақырамыз!”, – деді ол үндеуінде.

Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы көре аласыз.

[:]