[:kz]
«Тұран» футбол клубы Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Мессиге ұсыныс жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.
«Лео Месси, сізді түркі әлемінің рухани астанасы — Түркістанға шақырамыз!» — делінген клубтың Instagram-дағы жазбасында.
Еске салайық, бұған дейін «Барселона» Месси командадан кететіні туралы хабарлаған болатын. Тараптар экономикалық ережелер мен шектеулерге байланысты жаңа келісімге келе алмаған.
34 жастағы Месси Каталан клубында 2003 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.
«Тұран» 19 турдан кейін 18 ұпай жинап, КПЛ кестесінде 12-ші орында тұр.
[:]