[:kz]
Қазақстандық музыкант Иманбек Зейкеновтің(Imanbek) америкалық орындаушы SAINt JHN-дің «Roses» әнініне жазған ремиксі «Грэмми» алды. Бұл туралы ол Instagram парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Достар, мен неге бақытты деп ойлайсыңдар? «Грэмми» біздікі.
Музыканттың мансабындағы ең әдемі нәрсе — Grammy-ді жеңу, біз оны жасадық!, — деді ол.
Imanbek-ке «Үздік ремикс» үшін берілетін Грэммиді Ұлттық дыбыс жазу өнері және ғылым академиясы табыстады.
«Анама рақмет, әкеме рақмет, командама рақмет, менеджерім Кирилге рақмет, Грэммиге рақмет», — деді Imanbek.
Айта кетейік, Грэммидің 63-ші марапаттау рәсімі YouTube-тегі арнасында көрсетілді.
Еске салайық, Иманбек SAINt JHN-дің «Roses» ремиксімен танымал болған. Оның нұсқасында трек хит болды және бірнеше апта бойы Billboard Hot 100 диаграммасының үздік ондығында болды.
Зейкеновтың трегі Apple Music-тің үздік ондығына енді. Ал Shazam музыкалық қосымшасында 6,5 миллионнан аса қаралым жинаған. Сондай-ақ, Яндекс-музыка чартында 5-орынға ілігіп, Spotify-та 4 миллионнан аса тыңдалып, рэп әншісі Saint Jhn-нің YouTube-арнасында миллионнан аса қаралған.
Жақында музыканттың Roses SAINt JHN композициясы «Грэмми»(Grammy) сыйлығына ұсынылғаны белгілі болды.
[:]