АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қазақстандықтар наурыз айында неше күн демалады?[:]

[:kz]

Қазақстандықтар 2019 жылдың наурыз айында 14 күн демалады. Бұл туралы элоктронды үкімет сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Еліміздің тұрғындары наурыз айында 2 мерекені атап өтеді. 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні бұл жылы жұма күніне түсіп отыр. Сол себепті қазақстандықтар тағы 2 күн сенбі мен жексенбіде демалады.

 

Ал келесі үлкен демалыс Наурыз мерекесіне тұспа-тұс келеді. Бұл мейрамда қазақстандықтар қатарынан 5 күн демалатын болады.

23 наурыз сенбіге түскендіктен, дүйсенбі 25 наурыз күні де демалыс болып есептеледі.

 NUR.KZ 

 

 

[:]