[:kz]
2026 жылы қазақстандықтардың орташа жалақысы 300 мың теңгеден асады. Мұндай болжамды Ұлттық экономика министрлігі жариялады, деп хабарлайды LS сайтына сілтеме жасаған nege.kz/
Ведомстваның жоспарына сәйкес, егер 2021 жылы ай сайынғы орташа жалақы 225,5 мың теңге болса, 2026 жылы ол 313 мың теңгеге өседі. Сондай-ақ 2022 жылы – 240,5 мың теңге, 2023 жылы – 258,7 мың теңге, 2024 жылы – 276,5 мың теңге, 2025 жылы – 293,4 мың теңге болмақ.
Ал жұмыс күші 2021 жылы 9,3 млн адамнан 2026 жылы 9,8 млн адамға (барлығы 19,9 млн адам болады) өседі. Бес жылдан кейін 9,3 млн адам (2021 жылы 8,8, млн) жұмыспен қамтылады. Жұмыссыздар саны 455,7 мың адамнан 459,7 мың адамға өседі. Соған қарамастан жұмыссыздықтың деңгейі 4,7%-ға дейін түседі.
Жұмыскерлерге деген қажеттілік биыл 160 мыңнан келесі жылы 220 мыңға дейін өседі.
Оқу орнын бітірген түлектерге келер болсақ, техникалық білім алған жаңа мамандардың саны 146,7 мың адамға көбейеді (2021 жылы 144,5). Ал 2026 жылы 157,8 мың адам жоғарғы білім алады.
Орташа базалық зейнетақы биылғы жылы 18,5 мың теңгеден 2026 жылы 22,7 мың теңгеге дейін артады. 43,3 мың теңгелік орташа зейнетақы 58,4 мың теңге болмақ.
2026 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейі 42,1 мың теңге болады деген болжам бар (34,3 мың теңге 2021 жылы). Табысы осы деңгейден төмен халықтың үлесі қазіргі уақытта 5,4%-дан 5,2%-ға дейін азаяды.
[:]