АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]»Келінді ұлтабармен ұрады». Бұл қандай ырым? (видео)[:]

[:kz]

 

Қазнетте ауылда жасалған ырымның бейнежазбасы таралды. Оны қызу талқылап, мән-мағынасын түсіндіріп жатқандар бар, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Видеода егделеу жастағы әйел жаңа сойылған малдың бір түйір етімен жас келіннің басынан, алақанынан ұрады.

Желі қолданушыларының бірі бұл ертеден келе жатқан ырым екенін жазады.

Бала көтере алмай жүрген немесе өмірге тек қыз бала әкелген келіндерді, аналарды қойдың ұлтабарымен ұрған. Егер піскен болса, арнайы «ұл тап» деп жегізетін,

—дейді Алтынгүл Өнерқызы.

Пікір жазушылардың көбі бұл ырымды бірінші рет көріп тұрғанын айтқан.

[:]