АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]“Кімнің кім екенін уақыт көрсетеді”: Құралай Нұрқаділова Мақпал Жүнісовамен арақатынасы жайлы [:]

[:kz]

Заманбек Нұрқаділовтің қызы, белгілі дизайнер, психолог Құралай Нұрқаділова ауқымды сұхбат берді. Өмірі, отбасы мен шығармашылығы жайлы, Мақпал Жүнісова мен Мерей екеуіні арақатынасы туралы айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы “Менің өмірім” бағдарламасында айтылды. 

Құралай Нұрқаділова өмірінде көптеген кедергілерден өткенін айтады. Көпшілікке ашық айтпағанымен, уақыт келгенде бәрі белгілі болады дейді ол. Ал халықтың азаматы атанған әкесі туралы кітап жазу үстінде. 

“Мен ешнәрсеге қарамастан бақыттымын. Мен көп кедергіден өттім. Мен неге психологияға кеттім? Менің әкем ел азаматы. Менің өмірімде саясат та, басқа да, отбасылық мәселе де, шығармашылықт тоқыраулар да, атақ та болды. Балаларға не тамақ беретінімді білмей қалған күндерім болды. Қыстың күні балаларыммен жалғыз үйімнен қуып, далада қалған күндер өтті. Оны кімге айтамын? Не үшін айтамын? Одан кімнің несі кетеді? Мен оның бәрінен өттім. Ешнәрсе үшін өкінбеймін. Мен халық үшін өмір сүріп келдім. Енді өзім үшін өмір сүргім келеді. Сол себепті Мәскеуге көшкім келеді. Енді кетпесем, кейін өкінетінімді білемін”, – дейді Нұрқаділова. 

Дизайнер 15 жасынан бастап ақша тауып, ақшаның қалай келетінін, қаржылық сауаттылық пен өз еңбегіңмен ақша табуды ерте жастан үйренгнін айтады.

“Әкем менің тегімді пайдаланам деп ойлама дейтін. Сондықтан мен көрмелерде жасырын өзге атпен шығып жүрдім. Кейде анамның тегін айттым. Әкемнің атын пайдаланғым келмеді. Бірақ менің өз еңбегіммен тапқан ақшаларымды жауып тастаған кездер болды. Мен ерте жастан үйрендім. Халық мені қабылдаған жоқ. Әкесінің ерке қызы деп ойлады. Бірақ мен ерке болған емеспін”, – деді ол. 

Дизайнер Мақпал Жүнісова мен сіңлісі Мерей екеуінің арақатынасы жайлы баяндады. Бәрі уақыт көрсетеді дейді дизайнер.

“Мен Мерейге өзім бірінші болып қадам жасадым. Ол бала күнінде менімен сөйлесуге тырысқан. Ол кезде мен дайын болмадым. Енді мен дайын болғанда, ол дайын емес. Ол бой жетті. Мен оның телефон нөмірін Алтынбек Қоразбаев арқылы тауып сөйлестім. Жауап берді. Бірақ қазір дайын емес екенін айтты. Бастысы, мен қадам жасады. Ол мұны біледі. Қалғанын уақыт реттейді. Уақытпен келеді. Ал Мақпал Жүнісовамен мен ешқашан сөйлесе алмаймын. Біз екі түрлі адамбыз. Қызғаныш емес, мүлде екі түрлі адамбыз. Оны халық жақсы көретін шығар. Халықтың әншісі шығар. Мен оған ешнәрсе демеймін. Бәрін уақыт көрсетеді”, –  деді Құралай ханым. 

[:]