[:kz]
Қостанай полициясы баласын қоқыста тастап кеткен көкек ананы іздеп жатыр. Бала пакеттің ішінде болған, қатты тоңғанған қайтыс болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі AstanaTV арнасына сілтеме жасап.
Жан түршігерлік оқиғаға куә болған көше сыпырушы Геннадий Леонов көз жасын тия алмай, көргенін баяндап берді. Айтуынша, пакетке оралған баланы «Әуежай» ықшам ауданындағы 5-ші үйдің қоқысынан тауып алған.
«Қоқыс контейнернің біріне жақындасам, кішкентай баланың аяқтары шығып тұр екен. Пакетті ашсам, ішінді жаңа туған сәби, кіндігі кесілмеген. Басқа түк жоқ. Бірден диспетчерге жүгірдім», — дейді Геннадий Леонов.
Жаңа туған баланы көше сыпырушыдан бөлек, көрші үйдің тұрғыны да көрген. Ол жедел жәрдем мен полицияны шақырған. Дәрігерлер келіп жеткенше, сәби өліп қалған. Бір сағат бойы суықта жатқан көрінеді.
«Клиникалық өлім жағдай болған, алайда реанимация жасалғанымен, баланың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Бала мерзіміне жетіп туған, кіндігі кесілмеген», — деді Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметкері Ксения Жылкибаева.
Аталған іске қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Баласын тастап кеткен ананы іздеу жұмыстары әзірге нәтижесіз.
Қостанай облысы полиция департаменті тергеу бөлімінің бастығы Нұрлан Арыстановтың сөзінше, полиция қызметкерлері сол аймақтағы барлық үйлерді, бейне бақылауды қарап шыққан. Сондай-ақ, кинолог мамандар да іске кіріскен.
Оқиға куәгерлері де табылмады. Бейнебақылау барлық жерде жоқ. Полиция қызметкерлері жұмбақ анаға қатысты қандай да бір мәлімет бере алатын қостанайлықтарға үміт артып отыр.
[:]