АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Қорқу дегенді білмейді»: Ақын Айнұр Тұрсынбаева күйеуін мақтап, ерекше құттықтады[:]

[:kz]

 

 

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

«Құласам демеп, жыласам жұбатқан жарығым туған күніңізбен.
“Жолықсаң біздің елдің тентегіне,
Өмірдің қарамайды келтеңіне..
Досына жалғыз атын сойып беріп,
Қалады жүген ұстап ертеңіне…” деген өлеңді бәріңіз білесіздер ғой, осы өлең тұп-тура Нұрекеңе арналған ба деп қалам…Өзі дүкен аралап киім алғанды жақсы көреді, бірақ ертесіне соның бәрін таратып жіберетіні қиын.Қалтасындағы соңғы тиынын садақаға беріп жіберіп “Алла жеткізеді” деп күліп қойып жүре береді.Тағы бір ерекшелігі Алладан басқадан қорқу дегенді білмейді.Жаны жомарт, аңғал, ақ көңіл деген теңеудің бәріне лайық, әлхамдулиллах! Мені мақтағанның бәрімен дос, мені жамандаған адаммен ата жау. Түзде қандай қатал болса, үйде одан мейірімді адам жоқ…Қасымда қамқорым болып аман жүріңіз.Ноқтаға басы сыймаған асау тұлпардай батырыма екі дүниенің абыройын тілеймін.. Инстада отырып бүкіл комментарийді жібермей оқып отыратынын ескеріп ақ тілектеріңізді жаудырып жіберіңіздер», деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.

 

 
 

[:]