АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Корочье, кешірім сұраймын…»: қарақалпақстандық әйел ақталуға тырысты (ВИДЕО)[:]

[:kz]

 

 

«Негізінде мен ДругВакруг деген танысу сайтында эфирге кіргенмін…» — дейді ол.

Кеше Қазақстанға Қарақалпақстаннан қоныс аударып келген әйелдің жергілікті қазақтардың ар-намысына нұқсан келтіретін видеосы тарап жатқанын жазған болатынбыз. Енді ол сол әрекеті үшін көпшіліктен кешірім сұрап отыр, деп жазды paryz.kz.

«Ой, ағайындар, бұл – өтірік видео! Қазақтар мен қарақалпақтарды бір-біріне қарсы қою үшін біреулер үзіп-үзіп алып, салып отырыпты. Провакация жасап. Негізінде мен ДругВакруг деген танысу сайтында эфирге кіргенмін. Сол жерде 3 адам болып жай сөйлесіп отырғанбыз. Сонда аты-жөні жоқ бір жігіт маған «Ей, қалпақ, өзбек, сені танимын ғой, проститутка» деп жазды… Сөйтіп, екеуміз ана жерде сөз таластырып кеттік. Тікелей эфир ғой, қаншама адам қарайтын. Бір қарасам, ана жерде 271 адам болып кетіпті. Маған біреулер жақсы, біреулер қарсы шығып жазып жатты», — дейді әйел кейінгі видеосында.

Бұл ретте бір ескерер жайт, ДругВокруг деген әлеуметтік желінің есі дұрыс ересек адамның тіркелетін дүниесі емес екені анық. Еркін форматтағы ол желіде көбіне аты-жөні бүркемеленген, «кіндіктен төмен тақырыптарда» сөйлесетін желөкпе жастар отырады. Сөзіне қарағанда, оны мына әйел де жақсы біледі екен.

«Корочье, бұл сөзім үшін кешірім сұраймын. Мен өзім де қазақпын. Қазақстанға көшіп келдім. Нанын, тұзын жеп, түкіріп отырғаным жоқ. Ана жерде білмей-көрмей тұрып, адамдар, олай айтпаңдар!» — деген ол, кешегі анайы сөздері үшін бәрібір басқа біреулерді кінәлап, өзін ақтап алуға тырысып баққан.

Кешірім сұраған видеосы мына сілтемеде.

[:]