АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Көршісі зорлады: Үржарлық 9 жасар қыз Семейдегі ауруханаға жатқызылды[:]

[:kz]

 

Үржарлық тоғыз жасар қыз зорланғаннан кейін Семейдегі ауруханға жатқызылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” телеарнасына сілтеме жасап.

Өткен аптада жантүршігерлік қылмыс орын алған болатын. Мектеп оқушысының анасы түнгі ауысымнан кейің үйіне оралған кезде нәрестеннің қанға боялғанын көрді. Күдікті — 48 жастағы көршісі, екі үлдың әкесі. Ер адам қамауға алынды.

“Бұл іс жұртшылыққа тараған соң ғана аудандық аурухана тексеруге және емдеуге жолдама берді. УЗИ жасалды, наркоз салынды. Ол адамдардан қатты қорқып қалған, бейтаныс адамдардан қорқады, жалғыз қалудан қорқады”, –дейді жаралған қыздың анасы Светлана Либих.

Зорлаушының құрбаны Өскемендегі оңалту орталығында психологияның курсынан өтті.

[:]