АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Қоштасуға дайын болдым»: Индира Расылхан алғаш рет дерті туралы айтты[:]

[:kz]

Денсаулығы күрт нашарлап, жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан Индира Расылхан аса ауыр отадан кейін алғаш рет сұхбат берді. Отандық әнші қандай дертпен ауырғанын ашып айтты деп жазады «Қарақатпен шай» бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

 
 

Өнер иесі басынан өткен ауыр кезеңі жайлы жан сырын ақтарып, отаның қалай өткенін өзі баяндап берді.

«Осыдан екі-үш жыл бұрын менің өкпемнен бір киста бар екенін айтқан болатын. Белгілі болғандай, ол екі жерде болған екен. Міндетті түрде ота жасалу керектігі де айтылды. Бірақ, кейде ол нәрсеге сеніңкіремей, ондай емес шығар деп қазақилыққа салынып кеттім. Сонымен жүріп алған кезім болды.

Алматыға туған тәтеме ұшып барғанымда, соның үйінде бір жөтел қысты. Қоймай жөтеле бердім. Туғандарым уайымдамасын деп, барынша білдіртпеуге тырыстым. Әпкем естісе, анама да жетеді ғой. Анам естімесін деп ойладым. Біраз уақыт әлсіреп жуынатын бөлмеде отырдым. Содан кейін тағы да жөтел қысты.

Олар енді бәрін естіп те, сезіп те тұр. Есікті тарсылдатып, «неге жөтеліп жатырсың» деп сұрақтың астына алды. Сол уақытта бірден жедел жәрдем шақырдық. Бірден жансақтау бөліміне жатқызды. «Бұл жағдай жақсы нәрсе емес» екенін айтты. Негізі, ота сол күні жасалу керек болған. Бірақ мен түскен ауруханада өкпеге операция жасайтын мамандар жоқ болып шықты» , — деп бастады әнші.

Оның айтуынша, дәрігерлер оны тез арада басқа ауруханаға ауыстыруға кеңес берген. Өзге емханада Индира Расылхан отаны тағы екі күн күтті. Себебі, операция қауіпті болған соң, ақ халаттылар мұндай жауапкершілікті өз мойнына алуға қорыққан.

«Олар ота жасауға қорыққан. Себебі, үшінші кистаның шығып кеткенін кейін байқаған. Оны мен білмегенмін де. Басқа екі киста жарылып кеткен. Үшіншісі болса, жүрекке жақын болған. Осылайша операцияны кейінге қалдыра берді. Оны маған екі әакем айтпайды. Шығып кетеді де, жылап келеді.

Ол кезде мен әлсізбін, тұрып жүре алмаймын, басым айналады. Ағзамда интексикация жүріп жатыр. Ішкен тамағымның барлығы кері кетіп жатыр. Ақыры, отаны сол жерде жасауға шештік. Отаның алдында алдымен Алладан көмек сұрадым. Ол сәтте одан басқа ешкім көмектесе алмайды да. Білетін сүрелерімді айтып жатырмын. Наркозды салғанда басым айналып, кетіп бара жатқанымды түсіндім. Бірақ, жүрек деген қорқыныштан қатты соғып жатты» , — деді өнер иесі.

Шоу-бизнес жұлдызы отадан кейін оянған кезде не сезгенімен де бөлісті.

«Оянғанымда оң жағым ауырып жатыр екен. Ота басталмас бұрын дәрігерге трубкамды жұлып алындар дегенмін. Связкама зақым тимеу керек. Әйтпесе, ән айтамай қалу қаупім бар. Менің үш жыл жүріп алуымның себебі де осы. Ән айтпай қалам ба деп қорықтым.

Маған басында, «өкпеңнің жартысын алып тастаймыз» деген сияқты айтты. Сол кезде мен тіпті сахнамен қоштасуға дайын болдым. Алайда, отадан кейін дәрігерлер таңғажайып нәрсе орын алғанын айтты. Операция ауыр өтеді деп ойлаған олар өкпені кесе бергенде ішіндегі нәрсе өзі-ақ түсіп қалған.

Индира Расылхан бұл аса ауыр жағдайда алдымен бала-шағасы үшін қатты алаңдағанын жеткізді. Әнші операциядан кейін оянбай, перзенттерін көрмей қалудан қатты қорыққан.

«Ең бірінші мұндай жағдайда көз алдыңа бала-шағаң келеді. Балаларым жетім қалмаса екен деп ойладым. Олардың барлығы бірден елордадан Алматыға ұшып келді. Қасымда болды. Сол сәтте оларды аманаттар ешкім жоқ сияқты болып көрінеді екен. Ол өмір мен өлім арасындағы күрес қой. Балаларым үшін оянуға міндетті болдым. Құдайдан сұрадым» , — деп қайырды әнші.

 

[:]