[:kz]
Әлеуметтік желіде бір табақ етті ортаға алып, дастархан басында отырған қонақтардың видеосы тарап жатыр деп жазды turkystan.kz.
Видео Қытайдың әлеуметтік желілерінен алынған. Соған қарағанда, кадрдағы қонақтар да Қытайда тұратын қазақтар болуы мүмкін. Көпті қызықтырғаны бұл емес. Видео авторы Жиен аға деп таныстырған жігіттің қойдың құйрық майын көп кідірместен жеген сәті интернет қолданушыларын таң-тамаша етті. Себебі, бір адамның азғантай уақытта мұншалықты мол майды жеп, тауысуы оңай емес.
«Май жесеңдер, ауру болмайсыңдар. Көп жасайсыңдар. Қазақтың ер-азаматтары май жейді. Әрқайсысыңыз май жесеңіздер, ауру деген атымен жоламайды», – деді видеодағы басты кейіпкер.
Ал мұны көрген жұрт «Бауырың мен өт жолың қиналатын болды ғой», «Бір қазан етті жалғыз жеген ата-бабаларымыздың ұрпағы», «Ас болсын!», «Өзін зорлап жеп жатыр», «Нан қосып жемей ме…» деп жазды.
[:]