АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Күлбикешті ханшайымға айналдыратын визажист жайында не білеміз? [:]

[:kz]

Той күні әрбір ару үшін аса маңызды күн. Әрбір қалыңдық өзін ханшайым сезінуді қалайды. Түркиялық визажист өнерімен кез келген аруды сұлуға айнала алатынын дәлелдеп жүр деп жазады bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Түрік визажисті Арбер Бытыки қыздарды армандаған образдарына енгізеді. Өзінің жұмыстарын ол Instagram-дағы парақшасында жариялайды.

Макияж майталманы шебер қолдары мен косметикалық құралдардың көмегімен қалыңдықтың бетіндегі той алдындағы қауырт қалбаластан қалған шаршаңқылық белгілері мен көздің астының ісуін кетіріп, орнына мінсіз сұлу шығарады.

Дарынды шебердің 264 000 оқырманы бар. Олар оның жұмыстарына тәнті.

Арбердің сөзінше, ол макияж жасауға кіріспес бұрын, әрбір қалыңдықпен сөйлеседі.Тойдың қайда өтетінін, қалыңдықтың ерекше қалауы бар ма, қандай көйлек киетінін, қандай әшекей тағатынын анықтайды.

Сосын шебер арудың бетіне талдама жасайды.

Визажист жылына мың аруға той макияжын жасайды.

«Макияж асыл тастар сынды бетті құлпыртады», — дейді Арбер.

Макияждың құдіреті жоғары. Жақсы визажист той күнінде қалыңдықты құлпыртып, хас сұлуға айналдыра алады.

  

[:]