[:kz]
Әлеуметтік желіде пайда болған ата мен әженің видеосы көпті күлкіге қарық қылды. Онда қарт кісілер жарыса бата беріп жатыр, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
Батаға таласып қалған қарттардың бейнежазбасы Facebook әлеуметтік желісінде тарады. Онда ерлі-зайыпты ата мен әже дастарханға бір мезетте бата береді.
Алайда бұл «жарыста» әже жеңімпаз болды. Ол қосарланған күйеуін тоқтатып, батаны өзі аяқтайды. Ал атамыз «Бәрібір сенікін естіген жоқпын» — деп әйеліне қыр көрсетіп жатыр.
Ал желі қолданушылары: «Батаны ер адам бергені дұрыс», «Жандарым- ау турлерінен… Бізге осылай қартаюды нәсіп етсін», «Апамыз қартайса да билікті бермепті. Бақырға айналған атамның алтын басы-ай», «Атамыз бен әжеміз аман болсын!», «Осы қылықтарымен қызық қой. Әдемі қартайғанға не жетсін!», — деп түрлі пікір қалдырған.
[:]