АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Курстық жұмыс: ХIХ ғасырдың бірінші жартысындағы мал шаруашылығының дамуы

 

 

ХIХ ғасырдың бірінші жартысындағы  мал шаруашылығының дамуы.

 

 

 

 

 

Жоспар

 

 

 

 

Кіріспе

 

Негізгі бөлім.

 

 

І. Кіші жүз қазақтарының әлеуметтік-тұрмыс жағдайы 

 

ІІ. Кіші жүз қазақтарының  мал шаруашылығы.

ІІІ ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Кіші жүз жеріндегі егіншілік

 

Корытынды .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 КІРІСПЕ

 

Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі қазақ халқы егеменді ел. Тәуелсіз мемлекет құрып, нарықтық экономиканы іске асырып, Орталық Азиядағы терезесі тең елге айналып келе жатырмыз. Өйткені тарихымызға сын көзбен қарап, ондағы орын алған «ақтаңдақтардан» тазарып, қазіргі заманның талабына сай шынайы қазақ халқының тарихын жазу тарихтың басты міндеті. Өйткені Ресейге бодан болған кездердегі және Кеңес өкіметі дәуіріндегі қазақ халқының адамзат тарихын саясатқа негізделіп жазылып, ғасырлар бойы халқымыздың басынан өткен оқиғалары бойынша бұрмаланып  жазылды.

Патшалы Ресей Кіші жүз ішінде болып жатқан өзгерістерді мұқият бақылай отырып, оларды басқаруда жаңа жүйелер енгізген. Орынбор әкімшілігі хан мен оның айналасындағы сұлтандардың халық арасында беделінің әлсіреп, ал халыққа жақын тұрған старшын мен билер ықпалының өсіп келе жатқанын сезіп халыққа білдірмей старшындардың ханға қарсы іс-қимылын өз мүдделеріне пайдаланып отырды.  Патшалық Ресей Кіші жүзде хандық биліктің орнына Ресейдің мемлекеттік әкімшілік басқару жүйесін енгізу жолдарын ойластыра бастайды.

XVIII ғасырдың бірінші жартысында Кіші жүз қазақтары өздерінің ежелден келе жатқан кәсібі мал бағумен айналысқан. Мал шаруашылығы экстенсивті жағдайда дамып отырған. Ол негізінен табиғи жайылымның жыл бойына пайдалануына байланысты еді. Кіші жүз даласының барлық жерінде мал саны өте көп болған. Қазақтардың күн көрісі, тіршілігі, малдың төрт түлігіне тәуелді болды.

Мал бағып өсіру атам заманнан бері келе жатқан кәсіп болғанымен, оның ауыртпалығы да көп. Малдың өсіп-өнуі ауа-райы мен табиғат жағдайына тікелей байланысты. Ыстығы мен суығына төзе отырып, қазақтар мал санын сақтап қана қоймай, оны көбейтіп, ұрпақтан ұрпаққа қалдырып отырған Кіші жүз даласының жері мен табиғаты біркелкі емес, соған орай мал шаруашылығын дамытудың үш түрі болған, олар: көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшылдық.

          Кіші жүз қазақтары мал шаруашылығымен қатар, егіншілікпен де айналысқан, бірақ бәрі бірдей емес. Мал шаруашылығы сияқты, егіншілік те табиғаттың, ауа-райының жағдайына байланысты дамиды. Кіші жүз даласында егіншілікке қолайлы жер көп болған жоқ. Оңтүстік-шығыс ауданы, Сыр өзені бойы, батыс бөліктің солтүстік-шығыс жеріндегі қазақтар егіншілікпен ғана емес, бау-бақша өсірумен де айналысқанын көреміз. Егіншілік пен көшпелі шаруашылық қатар жүріп отырды.

XІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Кіші жүз қазақтарында егіншілік дами бастады. Оның бірінші себебі қазақтар шамалы болса да егіншілікпен ертеден-ақ айналысқан, оның ішінде Сыр бойы қазақтары суармалы егіншілікті де білетін, ал Ресей империясының отарлық саясатының салдарынан қазақтардың ата-баба жерлерінен айрылып, көшпелі мал шаруашылығының қысқаруы күн көріс үшін егіншілікпен айналысуға айналып соқты.

Кіші жүз жерінде патшалы әкімшілік-баскару жүйесінің орнауы, қазақ даласында хандықтың жойылуы елге саяси өзгерістер әкелсе, сонымен бірге шаруашылық саласында да көптеген өзгерістер ене бастады. Ресейдің отарлық саясаты ХІХ ғасырдың бірінші жартысында, Кіші жүз даласын экономикалық жағынан оған тәуелді етіп қойды. Себебі өндірістің пайда болуы казақ даласындағы байырғы шаруашылықтың ыдырауын туғызған. Казақстан біртіндеп патшалы Ресейдің шикізат өндіретін аймағына айнала бастады. Ал мұның өзі сауда-саттық істің жандануына әкелді. Осыдан соң қазақ даласында бұрыннан келе жатқан керуен саудасы дамумен қатар тұрақты жұмыс істейтін жәрмеңке ұйымдастырылды. Жәрмеңке базар болғаннан кейін оған апаратын тауар керек. Сондықтан қазақтардың шаруашылығы осыған бейімделе бастайды. Қазақтар саудаға араласады. Сөйтіп, XІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақтардан сауда кәсіпкерлері қалыптасты. Алғашқы қазақ саудагерлері бай мен сұлтандардан шығады. Қазақ саудасымен айналыспаған, сауда оның ата кәсібі болмаған деген пікір соңғы кезде айтылып жүр. Бұл дұрыс емес. Сонау ерте кезден-ақ қазақ даласынан керуен жолдары өткен ғой. Ал Жібек жолы ше? Ол Оңтүстік Қазақстан және Жетісу жері арқылы өтеді емес пе? Жібек жолындағы қалалар сауда орталығы болған жәрмеңкелерге малдарын әкеліп сатқан қазақтар сауданы білген және онымен айналысқан керуен жолдарындағы қазақтар малдарын өзіне қажет тауарға айырбастаған. Ал Орта Азия хандықтарымен көрші, сондай-ақ Ресей шекарасында жақын жердегі қазақтар саудамен айналыса отырып, малдарын өз өнімдеріне ақшаға да сатқан. Алып сатарлық сауда жүйесі онша дами алмаған. Сауданың бұл түрі Кіші жүз даласында барлық жерде бірдей дамыды.

Қазақтардағы сауда-саттық дала өнімдеріне сәйкес, өз ерекшелігімен дамыды. Сондықтан қазақ саудасының үш түрі болды. Біріншісі – ежелден келе жатқан керуен жолдарындағы ішкі қазақ даласындағы айырбас сауда, екіншісі – жәрмеңкелердегі сауда жазғы және күзгі мал жайылымдарына жақын жерлерде жасалды. Үшіншісі – тұрақты сауда — XІХ ғасырдың екінші жартысында патшалы Ресейдің отарлық саясатының ішіне енуіне басталып, Қазақстан жері түгелдей өлкеге айналған кезеңі қалыптасты.

Бітіру жұмысының зерттелу деңгейі. Бітіру жұмысын жазуда ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Кіші жүз қазақтарының дамуы мен кәсібі туралы орыс зерттеушілерінің еңбектерінде жан-жақты талдау жасалып жазылды: Қазақстан тарихын зерттегендер: А.И. Левшин[1], В.В. Радлов[2], Н.В. Якубов[3], И.П. Рычков[4]  тағы басқа ғалымдыр.

Қазақ халқының тарихында қатысты жазылған арнайы зерттеулерді атап айтатын болсақ. А.И.Левшин қазақ даласында болып  қазақ халқы мал шаруашылығы, егін шаруашылығымен айналысқанын атап көрсетті. Сонымен қатар мал шаруашылығының даму көзі  шөп шабу, шөп дайындау ,қыстан малды аман алып шығу. Қазақ даласында жаңадан ене бастаған шөп шабу кәсібімен қазақтар да айналыса бастады.   В.В. Радловтың еңбегінде бай материалдар келтірілді. Ғұлама ғалым ұзақ жылдар бойы жинақтап жазылған. Бұл зерттеулерде этнография ғылымының қолдану аймағын кең көлемде ауқымды көрсеткен. Қазақ мал шаруашылығының көзі төрт түлікпен алатын барлық өнімнің  тіршіліктегі орасан зор рөлін әсіресе, оның қазақ халқының этнографиялық жағын айқындап берген.       

       Н.В.Якубов Кіші жүз қазақтарының егін шаруашылығы және сауда-саттық ісін бірінші орынға қойды .Атап айтатын болсақ қазақ-орыс саудасының дамуы, керуен жолдарының ашылуын көрсетті. Мал саудасы Ресейге қазақ жерінен Орынбор және Кіші жүз жеріндегі жәрменкелер арқылы өткендігін атап көрсетті

    .  И. П. Рычковтың зертеулерінде Кіші жүз қазақтары үшін керуен саудасының маңызы зор болды . Қазақтар саудаға араласып, керуен жолдары өтетін ауылдарға керекті тауарларын малға және мал өнімдеріне айырбастап алып отырған. Кіші жүз арқылы Орта Азия және Ресеймен байланыста болды деп жазады. 

        ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақтардың шаруашылығы мен саяси-әлеуметтік тарихын зерттеуде Кеңес тарихшылары: Е. Бекмаханов[5], Н.Г. Апаллова[6], Ж. Қасымбаев[7] , Х. Арғынбаев[8], С.М. Мәшімбаев[9] еңбектері ерекше зор.

Е. Бекмаханов   еңбегі қазақ халқының егінді даласын, малын, көшпелілердің тұрмысын, рухани тіршілігін зерттеуде ерекше орын алады. Казақтардың шаруашылығы  мал шаруашылығының өзіне тән ерекшелігі – оның көшіп жүретіндігі және олар жылқы, түйе, сиыр, кой, және ешкі өсірумен айналысқан. Қазақтардың әуелі көктемдегі  жайылымға көктеу, мұнда ыстық түскенге дейін болып, сосын шөбі шүйгін , суы мол жазғы жайлымға жайлау қоныс аударған . жазғы жайылымнан қазақтар күзгі жайылымға күздеу орын көшіп барып ,күн жылығанға дейін әдетте наурызға дейін , кейде сәуірге дейін тұрған   Н.Г Аппалова  Кіші жүз даласына зерттеу экспедициясын жүргізіп, қазақ-орыс саудагерлері  Орынбор қаласынан  Орта Азия саудагерлерінің келуіне рұқсат етіліп ,керуен саудасын дамытуға мүмкіндік жасады. Сонымен қатар Орынбордан Бұқар, Хиуа, Ташкент жолдары арқылы сауда керуені дамыды .Керуен құрамында құпия тыншылар бар еді. Олардың міндеті жергілікті халықтардың әдет-ғұрыптарын ,тыныс-тіршілігін қағаз бетіне түсіру деп жазды.

Ж.Қасынбаев қазақ халқының тарихында мал шаруашылығы ерекше орын алады, сондықтан мал қазақтың жемісі. Қазақ елі ұлан байтақ жерімне бай, сондықтан мал шаруашылығы дәстүрлі дамып отырды Қазақтардың шаруашылығы ауа-райына байланысты жәйілді. Олар жылқы, сиыр, кой, түйе, және ешкі малын өсірді деп айкын жазды. 

Қолданып жүрген этнографиялық  зерттеу еңбегінде Х.Арғынбаев  қазақтардың  тұрмыс салт-дәстүрін  және  оның ішінде көшіп-қону, жайлау, күздеу туралы еңбектер тұрғысында жазылған.

 30-50 жылдар арасында экономикалық және саяси байланыстар мен Ертіс өзенінің жағалауына қазақтардың орналасуы мен шаруашылық жағынан өзгеруі және Орынбор экспедициясының ұйымдастырылуы жайлы еңбектер, сонымен қатар казак отаршылдарының қазақ жерінен тартып алып өздеріне меншігіне айналдыра бастауын көрсеткен.

С.М. Мәшімбаевтың  еңбегінде ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақтардың шаруашылығы , егін шаруашылығы, сауда-саттық ісінің дамуы, Кіші жүз қазақтарының мал шаруашылығы жартылай көшпелі отырықшылдыққа көшуіне байланысты болды. Кіші жүз қазақтары батыс және солтүстік аймақтарда мал саны көп болды деп жазды .  

 

Бітіру жұмысының деректік негізі   

Бітіру жұмысын жазуда  ХIХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан тарихының деректік құжаттарын пайдаланды. Атап айтатын болсақ –«Материалы по  истории России  сборник указов 1734; Оренбург,1900[10], Казакское –русские отнашения в ХVIII- ХIХ века вв.  Алма-ата,[11] Материалы по истории политического строя Казахстана, 1-том ,Алма- Ата  ,1960,[12] Материалы по истории Казахской ССР  1747-1828 гг том-4, Москва Ленинград, 1940,[13] Материалы по киргизкому землепользованию Уральский уезд Оренбург ,1909,[14] атты еңбектерді пайдаландық .Бұл жинақтарда біз қарастырып отырған мәселе бойынша құнды мәліметтер сақталған .Әсіресе ХIХ ғасырдың бірінші жартысындағы  мал шаруашылығының жағдайы, сауда-саттық мәселерін толық қарастыруға мүмкіндік беретін кұжаттар жинағы.   

Бітіру жұмысының хронологиялық шеңбері. 

ХIХ ғасырдың бірінші жартысындағы Кіші жуз қазақтарының мал шаруашылығы, егін шаруашылығы, сауда-саттық ісі ,және Кіші жүз қазақтарының әлеуметтік тұрмыс жағдайы дами бастаған кезін қамтиды.

Бітіру жұмысының мақсатты мен міндеті. 

Мақсаты. ХIХ ғасырдың бірінші жартысындағы Кіші жүз қазақтарының  шаруашылық дамуындағы өзгерістер мен ерекшеліктерінің сипатын ашу .  

Міндеті.  ХIХ ғасырдың бірінші жартысындағы  Кіші жүз қазақтарының мал шаруашылығының дамуындағы өзгерістерді ашу , Кіші жүз қазақтарының әлеуметтік- тұрмыс жағдайы, Кіші жүз қазақтарының  егіншщілік және сауда-саттық  кәсібінің  дамуы.

Бітіру жұмысының құрылымы. Кіріспе, екі тараудан , қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен  тұрады.

І тарауда Кіші жүз қазақтарының әлеуметтік тұрмыс жағдайы және кіші жүз қазақтарының мал шаруашылығы.

ІІ тарауда Кіші жүз қазақтарының егіншілік және саудасының дамуы жазылған

 

І ТАРАУ.   ХІХ ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ

ЖАРТЫСЫНДАҒЫ МАЛ  ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ДАМУЫ

1.1 Кіші жүз қазақтарының әлеуметтік тұрмыс жағдайы

 

Қазақстандағы әлеуметтік қатырастарға талдау жасағанда жекелеген феодалдық институтардың қандай өзгерістерге ұшырағандығын және біз назар аударып отырған кезеңде қазақтардың қоғамдық өмірінде сол өзгерістердің қандай орын алғандығын арықтаудың маңызы өте зор. Мәселені бұлай қарастырмайынша жекелеген феодалдық институттардың  таптық және әлеуметтік мәнін ашу мүмкін емес.» Қоғамдық ғылым мәселедегі ең сенімді нәрсе,-дейді Ленин,-негізгі тарихи байланысты ұмытпау, әрбір мәселеге тарихтағы белгілі құбылыс пайда болды, бұл құбылыс қандай басты-басты кезеңдерден өтті деген көзқарас тұрғысыан қарау және осы даму көзқарасы тұргысынан сол заттың қазір не болып отырғанына қарау»[15] 

Ревалюцияға дейінгі буржуазиялық тарихшылар Қазақстандағы «ақсүйек» пен «қарасүйек» деген екі әлеуметтік топты ғана білді.[16] Олар ақсүйекке барлық Шыңғыс хан тұқымдары, ал қарасүйекке бүкіл қалған халықты жатқызды.Бұл екі топ барлық зерттеулерде әден қалыптасқан    әлеуметтік категориялар болып тұрғыланды. Сондықтан бұл авторлардың еңбектерінен ХV ғасырда да, ХVII-ХIХ ғасырларда да «ақсүйек» пен «қарасүйекті» кездестіруге болады. Алайда бұл әлеуметтік топтардың қандай өзгерістерге ұшырағандығы,қарастырып отырған кезеңде қазақтардың қоғамдық өміріне олардың қандай орын алатындығы анықталмай қалды.Жүртқа мәлім ХV ғасырдағы ақсүйек ХIХ ғасырдағы ақсүйекпен көп жағдайда өзгеше  болды, деп осыны «қарасүйек» жөнінде айтуға болады.Патриар-рулық қатынастардың ыдырауы жәнә топтардың саралануы процесінде «қарасүйектің» арасынан өздерінің жағдайы жағынан чингизидерге дес бермейтін текті шонжар және тәуелді қоғамдық топтар –егіншілер,жатақтар,байғұстар бөлініп шықты.

«Ақсүйек терминінің шығуы қазақ халкы тарихының бастапқы кезеңдерге жатады. «Ақсүйек» шонжарлардың пайда болуы татар-манғол басқыншылары үстемдік жүргізген кезеңмен және Қазақстанда феодалдық қатынастардың қалыптасуымне байланысты еді. «Ақсүйек» өкілдері   өздерін Шыңгыс ханның ұрпақтарымыз деп атады. Қазақтардың этногенезін зертеумен арнайы шұгылданған сұлтан Мендәлі Пірәлиев[17] былай деп жазды. «Ақсүйектің қарасүйекке үстемдік етуі жөнінде табиғи құқықтар деген ұғым бұл қазақтарға (қазақтар мен өзбектерге( монголдардан көшті дей аламыз.Қожайындар жерде жаралған жандар болмауы мүмкін дейтін қияли түсініктер олардықарапайым халықтан өзгеше тайпа деп есептелді.

Академик В.В. Родловтың атап көрсеткеніндей «тора» деген ежелгі түркі термині «ханзада» деген мағынада қолданылды.Г.Шленгелдің арнайы жазылған еңбегі[18] ежелгі түркі халықтарындағы және монғолдардағы осы терминнің тегі мне мағынасы арналған.

Орта Азия тарихын зертеуші Кары- Құрбан-әлі-Қажы-Халид-Бек-Оғлы «төре» терминің шығуы да Шынғыс хан заманына жатқызды. Ол былай деп жазды «Қазақ хандарынәдетте төре деп атаған «Төре» деген сөз кезінде Шыңғыс ханың заңдары мне заңдар жинағының атауы болған, кейін оның ұрпақтары қастерлеп атауына атаған»

Автор «төре» сөзін бағыныштыларды қамшымен жазалау деген мағынаны білдіретін парсының «дрэ» деген сөзінен шыққан деп түсіндіреді. Бүдан әрі автор қазақ хандары Шыңғыс хан   заманынан бері   «төре» сөзін өздерінің ұлдары мен туыстарыжөнінде қолдануы деген түсінік    береді.   Ханың    бұйрығы   сөзсіз     орындалатын,    хан      өзінің                          

бағыныштыларын өлім жазасына кесе алатын болган,бірақ оның ұлдары мне туыстары мұндай құқық болмады-олар өз бағыныштыларын тек қана жазалай алды.

Төре дегеніміз ханның туыстары,олар өздерінің алатын орны жағынан хандардан төмен тұрды. Автор былай деп жазды, «төре» сөзі атақ деген мағынаны білдіреді.Шыңгыс ханың заманында мұндай атақ қолында толық билігі жоқ дегенді білдірген,Тибиян Нафидің тілдеррінде   жарық көрген кітабында «төре»   сөз  қолында     толық   билігі ,үлкен беделі жоқ адам екен мағынада қолданылған.Біздің заманымызда төре деп ханан төменірек түратындарды айтқан.

Мұның бәрі Мендәлі Пірәлиевтің   «төре» деген терминің шығуы жөніндегі     пікір    қуаттай   түседі. «Ақсүйек» өкілдері-төрелер   бөлек феодалдық кастаны құрып,қазақтың рулық қауымына   кірді. ХVII  ғасырларға дейінгі «ақсүйек»өкілдері-  хандармен сұлтандар –қазақтардың қоғамдық-саяси өміріне үстем болды. Қазақстандағы патриахалдық-феодалдық  қатынастарға және осы негізде қалыптасқан дәстүрге байланысты тек «ақсүйек» өкілі ғана хан болып сайланатын.Сұлтан деген     атақты тек чингизидтер ғана   алатын. ХVII ғасырларға дейінгі бұл атақ қазақтардың қогамдық-саяси өміріне Шыңғыс хан  үстем жағдайы арқылы орнықты. Бірақ ХIХ гасырдың бірінші  жартысында «ақсүйектің» бұрынғы бірлестігі енді байқалмайтын болды. Олардың сословиеліке біртектілігіне патша үкіметің саясаты елеулі соққы берді. Патшаға қызмет  етуге көшкен және үкіметтен ата тегінен бері  дворян деген   атақ   алған билеуші   сұлтандар мне аға сұлтандарды есепке алмағанда,1822 жылы жарғының негізінде және Кіші жүздің саяси жағынан        өзгеріске  ұшырауы  нәтижесінде   чингизидтердің қалған бөлігі өздерінің артықша жағдайларынан айырылып қалды. «Ақсүйектің» ұрпақтары қалған   бұқарамен араласып кетті.

ХIХ ғасырдың 40-жылдарында Орынбор Шекара Комиссиясының тапсырмасы бойынша қазақтардың жекелеген әлеуметтік топтардың –сұлтандардың,билердін және   тархандардыңы зерттелді. Зертеушілердің    бірі,ерекше тапсырмаларды орындаушы чиновник Андре қазақтардың арасындағы Шыңғыс хан тұқымдары жағдайына мынандай анықтама берді, «Орта Орданың батыс бөлігіндегі барлық сұлтандар өздерін Шыңғыс ханан тарағанбыз деп есептейді, ал бұлардын көбі ата тегін білмейді де . Өздерінің ақсүйектен тарағанын дәлелдеу олар үшін олар 3 ұрпақтан 6 ұрпаққа дейінгі тектерін білуге тырысады.Ордада Шыңғыс ханның  мұндай ұрпақтарының пайдаланатын артықшылықтары аз.

Бұдан әрі Андре «ақсүйектің» бұрынғы артықшылықтарынан чингизидтерге үйлену жөніндегі әдеп ғұрып қана сақталғандығын атап көрсетеді. Өздерінің тегін мақтан тұтқан «төрелер» өз қыздарын «ақсүектен» шыққан қазаққа ғана күйеуге беру дәстүрін жалғастыра берді.Бірақ бүл дәстүр де барлық жерде бірдей сақталмады.ХIХ ғасырдың бірінші жартысында төрелер «қарасүйекпен» некелесе бастады.Мұндай төрелерді «қараман» деп атады. Мәселен,»қарасүйектен» құдандалы болғаны үшін төре Барақтын руы солай аталған болатын.    

Сонымен ХIХ «төре» сословиесі енді біртекті болудан қалды .Бай төрелермен қатар кедей, күйзеліске ұшыраған , касталық оқшауларынан айырылған төрелер де болды. Солардың көбі «қарасүйектің»өкілдерімен қыз алысып , қыз берісіп кетті.

Сонымен ХIХ ғасырдың бірінші жартысында «ақсүйек» атағының  сословиелік маңызынан гөрі тарихи маңызы көбірек болды. Тек патша әкімшілігі жөнінде белгілі бір қызметке ие болған сұлтандар ғана мұндайға ұшыраған жоқ. Сұлтанның шаруашылығы қауыммен тығыз байланыста болды, өйткені оған қауым мүшелері  қызмет етті .Ақырында, төрелердің өз арасында көшпелі қауымдай патриахалдық -рулық қатынастар орын алды.

Қарастырылып отырған кезеңдерде сұлтандар мен ру шонжарларын қарама-қарсы қоюға болмайды. Сұлтандар мен ру шонжарларының  жерді пайдалануға қатысты , сондай-ақ көшпелі қауымды қанау формалары өзгерген жагдайларға сәйкес бірдей болды.

Көшпелі қауымның қанауынан сұлтандарға қарама-қарсы өсіп шыққан әлеуметтік үстем топ ру старшындары –билер еді. Сөз болып отырған кезеңдерде билерде қазақтардың арасында үстем жағдайда ие болды Олар ерекшк құқықтық және экономикалық артықшылықтарды пайдаланды. Ру старшындары әуелі бастан-ақ қауымдық қатынастардың едәуір бөлігінде иелік еткен, бірақ ХIХ ғасырдың бірінші жартысында мал өсірудің дағдарысының күшеюіне байланысты олар зорлық жасап,таңдаулы кыстауларды өздерінің жеке меншіктеріне ала бастады.Байыған ру старшындарының , яғни билердің кейбір ауылдары сұлтандардың ауылдары сияқты ру қауымдарынан бөлек көшетін болды.

Сонымен ру билері хандар мен сұлтандар мен қатар сот-талап істерін қарап, кірісті білугеқатысты.

Тек «қарасүйектің» өкілдері би бола алатын ,чингизидтер би болып сайлана алмайтын,бірақ сот істерін талқылауға бұлар қатысатын.

«Би» сөзінің қайдан шыққаны осы кезеңге дейін әлі анықталған жок. Құрбанғали Халид Оглы «би» деген сөз «бек» немесе «билік» сөзінен шыққан деп дәлелдемек болды. Ол былай деп жазды—— «Би» деген атақ, әрине, «бек» деген сөзден шыққан. «Би» және «бек» сөздері кабир газим деген араб сөздің мағынасы. Мұның аудармасы «бір рудың басты немесе ру старшыны немесе қала бегі» «Түрік Лу ати   деп аталатын түрік сөзінде «бек» сөзінің мағынасы анықталады. «Бек кейбір чиновниктер мен лауазымды адамдардың атағы, патша әулетіне қызмет ететін адамдарға атттақ кейбір   шетттелдік өкілдерге   берілетін атақ. 

Сұлтандар   мен ру   шонжарлардың көшпелі кауымды қанау формалары сәйкес болғандықтан,оларды жеке –жеке суреттеп жатудың қажеті жоқ.Сұлтандар сияқты ру шонжарлары билер, батырлар, да қазақ қауымына өздерінің үстемдік  жүргізуін қамтамасыз ететін патрехалды –рулық қатынастардың сақталуына мүдделі болды

Қазақтардың қоғамдық – саяси өмірінде көрнекті рөл атқарған келесі әлеуметтік категория- батырлар. Әлеуметтік категория ретінде батырлар институтының қалыптасуы әскери-феодал шонжарлардың пайда болуымен тығыз байланысты. Ал «батыр» терминінің өзі қазақтарға өте ерте заманда пайда болды.

«Батыр» деген сөз «багадур» және «бакхатур» деген түркі сөздерінен шыққан. Қазақ тарихының сонау алғашқы дәуірінде-ақ қазақ даласы сыртқы жаулардың шапқыншылығына ұшыраған кезде, щларға қарсы   күресу үшін өздерінің қолбасшылары бар арнаулы жасақтар құрыла бастады . Осы жасақтарды шайқастарда ерекше көзге түскен жетекшілерін қазақтар «батыр» деп атады. Қазақ және басқа түркі тілдерінде «батыр» сөзі «күрескер», «каһарман», «ер», «ержүрек»,»жауынгер» деген мағыналарды білбірді.  

Кейінгі кезде руаралық күресте, барымтада, тағысынтағыларда көзге түскен кез келген адам батыр деп аталатын болды.Мысалы, С.Трубин қазақтар өздерінің барымтадағы батырлығымне «батыр» днген құрметті аттаққа ие болатындығын жатқызды.[19]

Қазақ бай феодалдары  да руаралық қақтығыстарға , жұдырықтасып төбелесуде көзге түскен өз адамдарына батыр атағын беріп отырды. Батыр деген құрметті атақты жарлы жақыбайдың шыққан кедей адамдар да иеленді.

Алайда осының бәрі батырлардың белгілі әлеуметтік топқа қатыстығын ашып көрсетпейді және олардың таптығыр анықтайды. Егер біз батыр терминінің дәстүрлі түсінігін негіз етіп алып, батырларды таптан жоғары түрғыдан әлеуметтік категория деп сипаттасақ, кателескен болар едік.

Енді әуелі мынаны есте ұстауымыз керек .Феодалдық қоғамда   әлеуметтік қатынастар патриархалды  -рулық сарқыншақтармен қалай  бүрмеленсе де бірде-бір әлеуметтік категория таптық ортадан тыс өмір сүре алмайды. Батырлар жөнінде осыны айтуға тура келеді.Әрине батырлар институтты өзінің дамуында белгілі өзгерістерғе ұшырады. ХI- ХII ғасырларда аңызға айналған батырлармен ХVIII-ХIХ ғасырлардың батырлардың арасына теңдік белгісін қоюға болмайды. Батырлар   о бастан  тайпалардың, рулардың әскери қолбасшылары болған    деп   есептеу    керек. Феодалдық қатынастардың пайда болуына байланысты  қолбасшылардың әскери қызметі өзгере бастады.

Өздерінің тегі  қандай  болса да, жарлы-жақыбайдан шыққандарына қарамастан батырлар бірте бірте  ру шонжарлардың   құқықтарын иемдене бастады да, қоғамдық өмірде олармммен   бірдей   рөл атқарды. Батырлардың қоғамдық жағдайына бірте-бірте   болған мұндай өсуді тарихи   мысалдардан   көруге    болады.

Сонымен   қатар қазақтардың   жонғар, ал кейін   Орта Азия басқыншыларым болған   соғыстар да батырлардың әлеуметтік рөлінің өсіуіне елеулі ықпал жасады. Осы соғстардың   барысында батырлар  ру шонжарлардың құқықтарын иеленіп, өмірде жетекші тұлғаларға айналды.Бұл туралы қазақ ағартушысы Шоқан Уалиханов былай деп жазған болатын, «Батыр- қырғыздарда ру басты сұлтаннан кейінгі маңызды ,әрі көрікті тұлға. Ол- ең басты беделді адам, оның ақыл-кеңесімен халық әр кашан есептесіп отырады.[20]

Батырлардың таптық табиғатын Шоқан Уалиханов  туып айтқан осы бағадан олардың феодалдық сатыда екінші орын алатындығын көруге болады.

Осыған орай мынаны атап өткен жөн…… қазақ байлары мен  сұлтандарының  бір мезгілде батыр атағын иеленуі  ХIХ  ғасырдың орта тұсында  өте –мөте жәйт болды. Мысалы, Тезек сұлтан ,  ол- сонымен бірге Тезек батыр болған . Бұл жәйт  қазақ қоғамдық феодал  басшы топ арасында батырлардың әлеуметтік жағдайының күшейе түскендігі байқалады.   

ХIХ асырдың орта тұсына қарай қазақтардың экономикалық өміріне жана әлеуметтік топ – байлар  көрнекті рөл атқара бастады. Бұл орайда «бай» деген термин арқылы қазақтар  бұрын қандай да болсын бай феодалды атағанын есте ұстау керек. Қарастырып отырған кезеңде « бай» деген сөз басқа бір әлеуметтік мән-мағына берген . Байлар сауда мен өсімқорлық ақшаға қатысты істердің дамуына байланысты ерекше қоғамдық топ болып қалыптасты. Қазақтар арасында ірі саудалық өсімқорлық істермен айланысқан  бірсыпыра бай феодалдар пайда болды.      

Сұлтандар арасынан да, ру шонжарлар ортасынан да, сондай –ақ  «қарасүйек» шонжарлар арасынан да бай феодалдар шықты. Сол заманнан бері сақталып келе жатқан «Батыр болып ,бай болса , патшадан несі кем ?  деген сияқты  халық осы  мақал-мәтелді аңғарса керек .Бай -феодал өз шаруашылығы үшін қызметшілер жалдауды әдетке айналдыра бастады Егер ру шонжарларында «туысқандық көмек» көрсету деген желеумен  қоңсылары мен руластары бақташы болып жұмыс істесе , ал бай қызметшіні шарттық сөз жүзіндегі негізде белгілі бір ақы беріп жалдады.  

Сонымне ,феодалдық құрлыстың қанауында  пайда болған әлеуметтік топ – байлар-қазақтардың экономикалық өмірінде жаңа құбылыс еді. Жоғарыда айтып өткеніміздей ,бай-феодалдар     тауар-ақша  істерімеи бірінші кезекте өсімқорлық ісімен тығыз байланыста болды. Алайда осыған қарамастан байлар айланысқан істің дамуы Қазақстанда тауар өндірістің пайда болуын көрсетті. 

 

1.2 Кіші жүз қазақтарының мал шаруашылығы

 

XVIII ғасырдың бірінші жартысында Кіші жүз қазақтары өздерінің ежелден келе жатқан кәсібі мал бағумен айналысқан. Мал шаруашылығы экстенсивті жағдайда дамып отырған. Ол негізінен табиғи жайылымның жыл бойына пайдалануына байланысты еді. Кіші жүз даласының барлық жерінде мал саны өте көп болған. Қазақтардың күн көрісі, тіршілігі, малдың төрт түлігіне тәуелді болды. Бұл жөнінде Кіші жүз даласына саяхат жасаған И. Фальк былай деген: «Қазақтардың ежелден кәсібі мал бағу, олардың малы өте көп, және малдары сол жердің табиғатына бейімді әрі төзімді келеді». [21]

Мал бағып өсіру атам заманнан бері келе жатқан кәсіп болғанымен, оның ауыртпалығы да көп. Малдың өсіп-өнуі ауа-райы мен табиғат жағдайына тікелей байланысты. Ыстығы мен суығына төзе отырып, қазақтар мал санын сақтап қана қоймай, оны көбейтіп, ұрпақтан ұрпаққа қалдырып отырған Кіші жүз даласының жері мен табиғаты біркелкі емес, соған орай мал шаруашылығын дамытудың үш түрі болған, олар: көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшылдық.

XVIII ғасырдың бірінші жартысына дейін Кіші жүз даласында мал өсірудің негізінен көшпелі және жартылай көшпелі түрі болып келіп, XVIII ғасырдың 20-30 жылдарында Ресей империясының отарлық саясаты орнаған кезде, мал шаруашылығында оның отырықшылдық түрі дами бастады, оның екі себебі болды, біріншіден, патшалық Ресей әкімшілігі қазақ даласына толып жатқан бекіністер салып, екіншіден, отырықшылдық шаруашылыққа көшу Ресей отаршылдарына қолайлы болды. Сондықтан олар Кіші жүз және Орта жүз қазақтарының отырықшылдыққа көшуін қолдап көмек көрсетіп, 1822, 1824 жылдардағы әкімшілік басқару реформалары арқылы мұны заңды айналдырды. XIX ғасырдың 20-30 жылдарында мал шаруашылығы тауарлы өндіріске айнала  бастады.  Қазақ  даласында  мал сататын жәрмеңкелер ашылып, қазақтар малдарын сатып кәсіп жасап, орыс-қазақ саудасы дами бастады.

Көшпелі мал шаруашылығы мен Маңғыстау, Үстірт, Ырғыз қазақтары және Кіші жүздің шығыс бөлігіндегі ел айналысты. Бұл өңірдегі қазақтар жайылымдарға малдарын айдап, қашықтығы 500-1000 шақырымға дейін баратын болды. Бұлар көшіп жүргенде төзімді қой, ешкі мен жылқы өсірді. Бұл малдар сонымен бірге қыста, қар астындағы шөпті тұяғымен аршып тебіндеп жайылған. Қазақтардың көшіп-қонуға ыңғайлы киіз үй ата-бабасынан келе жатқан мәдениет көрінісі. Маңғыстау қазақтары мал соңында Ырғыз, Темір өзендерінің бойларына дейін көшіп келетін болған.

 XIX ғасырдың бірінші жартысында Кіші жүздің Батыс және Орта бөліктерінде экстенсивті жартылай көшпелі мал шаруашылығы дами бастайды. Мұның өзі жайылымдарды тиімді пайдалану, қыстақтар салу, қысқа шөп жинау арқылы жүргізілді. Жартылай көшпелі шаруашылыққа көшкен қазақтар қой, ешкі, жылқы, түйеден басқа сиыр малын өсіре бастады. Жартылай көшпелі шаруашылықтың ерекшелігіне орай олар егіншілікпен де айналыса бастады. [22]

Сыр өзені бойындағы қазақтар мал шаруашылымен қатар суармалы егіншілікпен және балық аулау кәсібімен айналысты. Мысалы, Қазалы бекінісі маңындағы қазақтардың – 6,2 %-і, Перовскі маңындағы қазақтардың – 4,8 %-і балық аулаған. [23]

Мал шаруашылығының отырықшылдық түрімен, әсіресе, өзен жағалауындағы, бекініс маңындағы қазақтар айналысқан, отырықшылдық мал шаруашылығының жоғарыдағы екі түрінен оның ерекшелігі, біріншіден, қазақтар малдарын жайылымға айдамай, ауыл маңында қыстақта бағып, жазда жайлауға шығып отырған, жайылым қашықтығы 10-15 шақырымдай ғана. Мал саны басқа шаруашылықтарға қарағанда аз болған. Мал түрінің көбі ірі қара мал, жылқы және түйе. Қой саны өте аз. Отырықшылдық мал шаруашылығы Кіші және Орта жүз қазақтарының солтүстік аудандарында дамыған.

Кіші жүз қазақтарындағы шаруашылықтың түріне қарай жылқы малын да көп ұстаған. Қазақтардың жылқысы қыста да, жазда да далада жайылған. Қыста жылқы жайылымы да болып, қар астында қалған шөпті тұяғымен аршып тебіндеген. Жылқы малы негізінен Кіші жүз даласының  батыс және солтүстік аудандарында көп болған. Батыс және солтүстік аудандарында барлык малдың үлесін алғанда, жылқы – 12,4-13,7 % болса, Бөкей ордасында – 11-12,4 %, ал Маңғыстау мен Үстіртте – 4,6 % қана.[24]

Мұндай ерекшеліктердің болуы, біріншіден, шаруашылықтың түріне байланысты болса, екіншіден, ауа-райы мен табиғат жағдайына байланысты. Қазақ даласында жергілікті ауа-райына төзімді қазақ жылқысының бірнеше түрлері болған. Соның ішінде жабайы жылқы, яғни жылқының қарабайыр тұқымы ерекше мықты болып келеді.

Қазақтар жылқы малын өздерінің жанындай көріп мақтаныш тұтқан. Сондықтан қазақ ауыз әдебиетіндегі батырлар жырындағы Ер тарғын, Қобыланды, Қамбар батыр т. б. келбетімен қатар, олардың аттары әр уақытта қатар жүрді. Қазақ байларының мақтанышы болған. Арғымақтарды күтіп ұстап, оларды жәрмеңкелерде, той жиындарда өтетін ат жарыстарында салып бәйгеге қосып отырған. Қазақтар жылқы тұқымын жақсартуға көп көңіл бөлген. Қазақтың қарабайыр тұқымының бойында атақты түркмен, арап және башқұрт жылқы тұқымдарының қаны бар. Маңғыстаудағы адай аттарының тұқымы атақты түркмен жылқысы ақалтекеден шыққан. Бұдан туындайтын ой, Кіші жүз қазақтары ежелден жылқы тұқымын асылдандыруды біліп ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келеді. Жылқыны баппен күту, жорыққа дайындауда атақты бапкерлер көп болған. Жылқы етінен жасалатын ұлттық тағамдардың да түрі сан алуан болған – қазы-қарта, жал-жая, шұжық және сүр ет.

Кіші жүз қазақтарының мал шаруашылығында ерекше орын алатын қой және ешкі малы. ХХ ғасырдың бірінші жартысында қазақ даласындағы қой шаруашылығында жаңа тауарлы-сауданың дамуына байланысты қой мен ешкі көп өсірген. Қазақ даласындағы жәрмеңкелерге орыс саудагерлері жиі келіп қой малын көптеп сатып алып, оның жүні мен терісін Ресейде өндірісте өңдеп, мол пайда тапқан. Мал шаруашылығын дамыта отырып, Ресей отарлық әкімшілігі Кіші жүз даласында Ресей империясының жеңіл өндіріске қажетті шикізат көзіне айналдырып, мал өнімдерінен жасаған дайын тауарларды қазақ даласына әкеліп, қымбат бағаға сатып, өсімқор орыс саудагерлердің көбеюіне негіз болды. Ресей империясында экономикалық өзгерістер қазақ даласындағы мал шаруашылығының жаңа рыноктық кезеңіне бейімделіп, капиталистік қатынастың қазақ даласында ене бастауына себепші болды. Сондықтан мал шаруашылығы осы өзгеріске тиімді дамыды.

Кіші жүз жерінің барлық адандарында қой мен ешкі санының үлес салмағы жоғары болды. Мысалы: Солтүстік және Батыс аудандарда – 6,4 %,  Маңғыстауда — 8,4 %, Бөкей ордасында – 5,2 %. Қой малы шаруашылықтың қай түріне де төзімді, әрі оның жүні мен терісі жаңадан қалыптасып келе жатқан өндіріске өте қажет болса, қазақтардың тұрмыс салтында қой жүні мен терісі, киімі әрі баспана (киіз үй қой жүнінен басылып жасалады), Кіші жүз қазақтарындағы қой малының тұқымы дала ауа-райы мен табиғатына төзімді қазақ қойы Еділбай тұқымы болған. Жайылымға төзімді, еті тәтті болып келеді. Қазақ қойының етін жеген орыстар аузынан суы құрып, «қазақ қойының етінің дәмі бальзам татиды»[25] деп баға берген. Еділбай тұқымды қазақ қойы екі жастағы, сойған кезде 1 пұтқа жақын құйрық малын алуға болады, ал оны еріткенде 20-30 қадақ еріген май алған. Қазақтар қойдың жүнін күзде қырқып, жүнді Орынбор, Гурьев, Ырғыз, Калмыкова, Орал қалаларының жәрмеңкелеріне және Ресейге Орта Азияға апарып сататын болған.

Қазақтар қой малымен бірге ешкі малын да ұстаған. Қазақ ешкілері тибет ешкісінің тұқымына ұқсас. Кіші жүз жерінде ешкі өте көп болған, бірақ Ресей отарлық саясаты қазақ ешкіні баға алмайды деген оймен, ешкінің көбі Орынбор даласында өсіріп, ешкі түбітін Орынбор қаласында өңдеген. Орынбор ешкісі, орыс түбіті, Орынбор түбіті шәлісі күні бүгінге дейін осылай аталып келеді. Қазақ ешкілерінің түбітінен тоқылған түбіт шәлілерді Ресей шет елге шығарып Орынбор түбіт шәлісі деп атап кеткен. Кіші жүздің оңтүстігінде ешкінің үлесі 10-18,2 %, Маңғыстауда 6,7 %. Қазақ ешкісінің тұқымдарын Францияға апарып өсіруге әрекет жасаған. Қазақ ешкісі атақты Кашмир ешкісі тұқымымен пара-пара келген.[26]

 Ертеде қазақтар  «Ешкі кедей малы» деген екен. Мұның негізгі себебі, біздің ойымызша ешкіні кедейлер сиыр малының орнына көп ұстағандықтан болса керек. Ешкі сүтінің дәмділігі мен майлылығына тең келетін сүт жоқ екенін әрбір қазақ біледі. «Ешкі қойды бастаған» деген нақыл сөз бар. Әрбір қой отарында қойшылар ешкі серкесін ұстаған, себебі желді күндері, малды қораға кіргізерде және шығарғанда қойды бастайтын ешкі болған.

Маңғыстау және Үстірт қазақтары ежелден ата кәсібі ретінде түйе малын көп ұстаған. Оның негізгі себебі бұл жердің ауа-райы және табиғат ерекшелігіне байланысты. Табиғи су көздерінің аздығы шөл және шөлейтті жер, осыған байланысты. Бұл жерде шығатын өсімдіктерде өзгеше, түйе малы жақсы қоректенетін шөптерге өте бай. Ал шөлге төзімді мал – ол түйе.

Сондықтан да қазақтар түйені «шөл кемесі» деп бекерге айтпаған.

Түйе малын өсіріп бағу кіші жүз жерінде бірдей болған жоқ. Маңғыстау мен Үстіртте түйе малының үлесі – 11,5 % болса, батыс және шығыс бөлікте – 1,7-2,5 % болады, қалған жерлерде 4,6 % болған.[27] Түйе малын қазақтар көбіне көлік ретінде пайдаланған. Сонымен бірге құдықтардан су шығару үшін арнайы шығырларға жеккен. Сыр өзенінің бойының қазақтары да түйе малын өте көп ұстаған. Бұл аудандарда 104-450 түйе болса[28], Бөкей ордасындағы қазақтардың түйесі 91000 екен. Түйе малын күтуді онша керек қылмағаны мен, оның ботасын аяғынан тұрғызып жіберу жас сәбиді күтумен бірдей болған.

Жас ботаны алғашқы күндері қараңғы қорада бағып кісілерден алыста ұстап, көрсетпеген. Себебі ботаның көзі өте әдемі келеді, оған адам сұқтанып қараса, көз тиіп, өліп қалады деседі.

Патшалы Ресейдің отарлық саясаты Кіші жүз даласына ене бастауымен бірге, керуен саудасы дамыды. Орта Азия хандықтары бағындыру саясатын іске асыру үшін көп көлік малы қажет болды. Ресей отарлық әкімшілік-басқару мекемесі Орынбор Шекара Комиссиясының кеңесі Кіші жүз қазақтарынан түйе жинауды сұлтандарға міндеттеген. Орынбор генерал-губернаторы Перовскийдің Ақмешітке жорығы кезінде қазақтардан 4 мың түйе жинаған, ал Жәңгір хан 1829 жылы Орынбор генерал-губернаторына 500 түйе берген. [29]

Қазақтар өздерінің күнделікті тұрмысында түйенің сүтін ішкен. Шұбаттың адам денсаулығына пайдалы екенін кез келген қазақ біледі. Түйенің жүнінен қазақтар әр түрлі киімдер тоқыған. Маңғыстау және Үстірт, Сыр өзені бойындағы қазақтар түйенің етін де жеген. Бірақ та қазақтардың бәрі бірдей түйені соғымға соя бермеген. Түйе етін қазақтар жас келінге жегізбеген, себебі түйе етін жеген келіндер мен жас әйелдер құрсақтағы баласын 12 ай көтереді деген ұғым болған. Түйе өзінің ботасын 12 ай көтеріп жүреді екен.

Қазақ даласының табиғат ерекшелігіне байланысты қос өркешті және жалғыз өркешті (нар) түйелер өсірілген. Маңғыстау және Үстірт қазақтары сол жаққа тиімді, әрі сүтті нар түйе ұстаған. Ал қалған ауданда қазақтар қос өркешті түйе өсірген. Қос өркешті түйе керуендерде жүк тасуға өте төзімді болып келеді, әрі көлік болған, қос өркешті түйе тұқымы жүнді көп берген. Қазақтар түйені көктемде күзеп жүнін алатын болған. Ежелден қазақтар түйе жүнін, соның ішінде шудасы мен жабағысын әр түрлі сырқат ауыратын және сары су жинаған жерлерге басып емдеген. Түйе жүнінің емдік қасиетін ертеден білген.

ХІХ ғасырдың бірінші жартысында қазақтың мал шаруашылығындағы жартылай көшпелі және отырықшылдыққа өте бастауы бұрын қазақтар аз ұстаған мал – сиырдың санының өсуіне әкеледі. Мысалы, Кіші жүздің батыс және солтүстік–шығыс аймақтарында қазақтар мал үлесінде сиыр — 13,4 % болса, Маңғыстауда – 0,1 %, оңтүстік аймақтарда Қазалы және Перовск бекіністерінің маңындағы қазақтарда сиыр үлесі – 8-9,1 % болған. Батыс және солтүстік-шығыс аймақтарындағы қазақтар басқа жерлерге қарағанда отырықшылдыққа көше бастауын көрсетсе, бұл аймақтар шекара маңы, сауда-саттық жәрмеңкелеріне жақын болуы сиыр малын ұстап кәсіп жасай бастаған. Қазақтарға қарағанда казак отаршылдары мекендеген бекіністерде, орыс шаруаларында сиыр малы көп болған. Маңғыстауда 1861 жылы қазақтарда 1 155 480 қой, 69 647 түйе, 79 339 жылқы, 866 сиыр болса, орыс казактары тұрған Форт-Александров пен Николаевскийде малдардың саны 500 қой 18 түйе, 145 жылқы, 165 сиыр болған. Бұл деректерді салыстырғанда Маңғыстауда қазақтар саны көп те, ал орыс казактарының саны 1810 адам болған.[30]

Қазақтар ірі қара малды өсіре отырып сиырдың сүтінен көптеген сүт тағамдарын жасап пайдалана білген. Сиыр сүтінен май, ірімшік, айран, сүзбе және құрт тағамдарын дайындаған. Сонымен қатар жартылай көшпелі және отырықшылдыққа көшкен қазақтар ірі қара малдың өгіздерін көлікке пайдаланып, шөп шабуға және жер жыртуға орыстармен бірдей қолданып отырған. Бұл жаққа көшіп келген орыс шаруалары мен қазақтар дос болып, еңбек құралдары мен ат көліктерін бірігіп пайдаланып, бірінде жоғын екіншісінен алып, орыс пен қазақ кедейлерінің арасында шаруашылық қарым-қатынасы орнаған. Қазақтар өздерінің орыс арасындағы «тамырларымен» Ресей империясының отарлық саясатының езгісі мен ауыртпалығын бірдей көтерген. Сөйтіп екі халық арасында шаруашылық қарым-қатынасы қалыптаса бастайды.

Мал шаруашылығында орыс пен қазақ кедейлерінің күнделікті тұрмыстағы көмектері ірі қара малының тұқымдарын асылдандыруға айтарлықтай маңызды болды. Қазақтардың жергілікті жағдайда төзімді ірі қара мал тұқымдары болды, сонымен бірге орыс шаруалары өздерімен ірі қара малдың жаңа тұқымдарын алып келді. Олар атақты Ярославль, Кострома және шетел тұқымдарынан голландық, неміс, швет және украин сиырларының тұқымдары. Бұл малдар әрине қазақ даласын бірден жерсінген жоқ, бірақ уақыт өткен сайын бұл мал тұқымдарын алмастыру арқылы, Кіші жүз қазақтарында жергілікті сиырлардың тұқымдарын жаңартуға себепші болды. Қазақ сиырларының сүті аз болғанымен көлікке дала жұмысына төзімді келсе, ал Ресейден келген сиырлар сүтті болды, бірақ ауа-райының желді, суық болуына төзе алмады. Біртіндеп жергілікті жерге үйрене бастады.

Отырықшылдық мал шаруашылығының негізгі даму көзі шөп шабу және дайындау, қыстан малды аман алып шығу. Сондықтан қазақ даласына жаңадан ене бастаған шөп шабу кәсібімен қазақтар да айналыса бастады. Бұл шаруашылықпен ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Кіші жүздің батыс және солтүстік-шығыс бөліктерінде айналыса бастады, алғашқы жылдарда өте баяу дамыды. Бірақ отырықшылдық мал шаруашылығы үшін шөбі мол жерлерге мал қыстауларын салып, шөп шауып дайындау керектігін түсінгенімен, мұндай шөпті көлді жерлер, өзен жағалаулары ХІХ ғасырдың 40-жылдарында салынған бекіністер айналасында казактардың меншігіне берілді. Ал казак жерлерінен шөп шабу үшін, казактарға көп ақша төлеу қажет болды, сондықтан отырықшылдықпен айналысу қазақтарға көп қиындық келтірді. Шөп шабу және оны дайындау қазақтар үшін өте ауыр жұмыс, шөп шабатын құралдар жоқтың қасы, оның үстіне бірнеше мың малға қол орақпен шөп дайындау мүмкін емес. Бұл жұмысты тек қана байлар мен сұлтандар Орынбор Шекара Комиссиясының көмегі арқылы жүргізе алады. Қазақ даласында болған А. Левшин шөп дайындау қиын болғанымен Ембі және Ырғыз бойында тұрған қазақтар «күзде малдарына шөпті мол жинап алғанын» — айтқан.[31]

Мұндай      мысалдарды көптеп келтіруге болады. 1837 жылы Новоузен орыс бекінісі салынғаннан кейін орыстар малдарына шөп дайындау үшін казак станцияларына барып шөп сатып алып отырған. Себебі Шильный балки (қазақша Аққорғай) станциясы жеріндегі Большой лимон (қазіргі Богатырево селосы) бекініс маңы табиғаты жағынан көлді жер, көктемде Еділ өзені тасыған кезде суы осы көлдерді толтыратын болған. Көктемде тасқын суы қайтқан кезде дала көлдері мен ойпаттарында жайылым шөптері көп шығатын болған. Сол жылы Новоузень Шортанды бекінісіне орыс помещигі Большой лиман бекінісі қазақтарымен келісіп 150 шөмелей шөпті 300 сомға сатып алған. Кейіннен осы көлді жерден орыстар сатып алып отырған.[32]

          Жоғарыда айтылған жер қазіргі кезде Батыс Қазақстан облысы Казталовка ауданы Карл Маркс колхозының жері, оның орталығы Богатырево селосы қазақтар Большой лиман деп орыс атауын күні бүгінге дейін атап келеді. Тағы да бір айта кететін жай, Таловка бекінісінің салынуы туралы. Бөкей ордасы мен орыс-казактардың екі өзен аралығы жерін белгілеуде, Бөкей ордасы және Жайық казак арасындағы шекарада жаңа бекіністер салуға келіскен. Сол келісімнің негізінде Сары өзен жағасында, Таловка бекінісін салып, сол екі өзен арқылы, орысша Үлкен және Кіші өзен арқылы, қазақша Қара және Сары өзен арқылы үш шекара белгіленген. Жайық казактарының жері Шотанды (Новоузень) бекінісімен шектесіп, Бөкей ордасы қазақтарының жерімен шектескен. Қазіргі Казталовка ауданының орталығы Казталовка селосы. 1826 жылы бекініс болып қаланған.[33] Ал біздің ойымызша Жайық қазақтарының жерінде Қара өзен (Большая Узень) бойында орыс таловкасы деген бекініс болған, сондықтан орыс таловкасынан ажырату үшін Қазақ таловкасы деп атаған болу керек деген болжам айтамыз.

          Кіші жүз даласының батыс бөлігі мен солтүстік-шығыс бөлігі қазақтарының көбі мал шаруашылығында отырықшылдыққа бейімделе бастады, шаруашылықта мал санының өсуіне және малдың тауарлы шаруашылыққа айналуына байланысты орыс-казак бекіністері маңындағы қазақтар малдарын базарға апарып сатып, әжептәуір пайда табатын болды. «Малдың жаманы — сиыр» дейтін қазақ ХІХ ғасырдың 30-50 жылдарында «Қатын би болған, сиыр пұл болған заман» деуге көшеді.[34] Қазақтар малдарын тек ішкі жәрмеңкеде ғана сатып қоймай, Ресей қалаларына, оның ішінде Орынбор, Астрахань, Саратов, Екатеринбург қалаларына барып та сауда жасаған. Отырықшылдық мал шаруашылығына көшкен байлар базарларға қой мен жылқыдан басқа ірі қара малды көптеп апаратын болған. Әсіресе, жоғарыда айтқан аудандарды жалпы мал үлесінде ірі қара малдың салмағы 29,2 % дейін жеткен.[35]

          Отырықшылдық мал шаруашылығына Сыр өзені бойындағы қазақтар да көше бастады. Бұл өңірдегі қазақтар табиғи шөпті шауып дайындаумен қатар, өзен суын пайдаланып, суармалы жерге қолдан жоңышқа егіп отырған. Мысалы, 4271 шаруашылықта бір жылда 198 330 шөмеле дайындаған.[36]

          Қазақтар шөп шауып дайындауда орыс шаруаларының тәжірибелерін кеңінен пайдалана алған. Орынбор Шекара Комиссиясы сұлтандар мен байлардың шаруашылықтарына көмек көрсете отырып, шөп шабатын техника сататын дүкендер ашып, орыс құрал-саймандарын әкеле бастаған. Шөп шабатын, шөп жинайтын тырнаушылыққа түйе немесе ат жегетін болған. Орыс шаруалары мен қазақтар арасында тығыз қарым-қатынас қалыптасып, орыстар қазақша сөйлесе қазақтар орысша сөйлеуді үйренді.

          ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Кіші жүз даласындағы мал шаруашылығында отырықшылдыққа көше бастау, ірі қара санының көбеюі, қысқы шөп дайындап, қыстақтар салу және шөп шабатын жаңа құрал саймандардың қазақ даласында пайда болуы бұл сол кездегі жаңалық еді.

Қазақ халқының тарихына қатысты жазылған шығыстанушылар зерттеулерінің ішінен арнайы жазылған еңбектерін бүгінгі күн талабы көкжиегінен қайта қарап, бағалау мамандар үшін міндеп десек, мұны қазіргі уақыт айрықша талап етуде.

          Шығыс халықтары, оның ішінде, түркі тілдері ғылымының ірге тасын қалаушылардың бірі, ғалым В.В. Радлов “Қазақтардың малдары”[37] деген еңбегінде бай материалдар келтіреді. Ғұлама ғалым ұзақ жылдар бойына жинақтап жазған бұл зерттеуінде этнография ғылымының қолданылу аймағын кең көлемде, ауқымды көрсеткен. Қазақ мал шаруашылығының көзі – төрт түліктен алынатын барлық өнімінің тіршіліктегі орасан зор рөлін, әсіресе, оның қазақ халқының этнографиялық бітімін-бетін айқындауда шешуші фактор екендігін тап басқан, жете қорытып, түсіндірген.

          Кезінде А.И. Левшин де айқын жазған: “Қазақтың атқаратын барлық міндеттері мен қоғамдық қатынастары осы кәсіпте негізделген. Сондықтан да олар бұл кәсіпте аса тәжірибелі. Малды күтіп, бағуға ерекше машықтанған, мол тәжірибе жинақтаған, дәстүр қалыптастырған олардың рухани жан дүниесінде”,[38] деп жазған болатын.

          ХХ ғасыр басында жарық көрген еңбектерде: “Қазақтардың қоршаған табиғат аясы (жаратылыс және ауа-райының жағдайлары), бағын мал түрлері және шаруашылықтың дәстүрлі формалары – тіршіліктің қозғаушы күштері болып саналатын, өзара шешілмейтін түйінделген негізгі факторлар, өзара байланысты болғандықтан бір-біріне ықпал жасап, әсер етіп, қалыптасқан тұрақты бірқалыптылықты консерватизм құрайды” делінген.[39]

          В.В. Радлов қазақ малдарын бес түрге бөліп ажыратады: қой, ешкі, сиыр, жылқы және түйе. А.И. Левшин де осылай бөледі.[40] Қазақтың төрт түлік малдың ішінде айрықша жылқы қасиеті мол болғанын В.В. Радлов ерекше жазған. Қазақтарда жылқының дәстүр бойынша сатылмауы, яғни киелі мал саналуы айтылды. Сонымен қатар автор еңбегінде негізінен таулы аймақтарды жайлайтын шығыс қазақтарының малдары және жылқы шаруашылығына қатысты кеңінен сөз болды.

          Қолданылып жүрген этнографиялық әдебиеттерде қазақ малдары тұрасында тұжырымдалған ой негізінде айтылған пікірлер бар. Солардың бір-екеуіне тоқталайық. Бұл ретте, ғалым Х.А. Арғынбаев: «Республиканың ылғалы мол солтүстік аймақтарындағы шығыс пен оңтүстік шығыстығы биік тауларда және Орталық Қазақстанның қыраттарындағы жайылымдардың жазғы жайлау есебінде пайдаланатындығын бөліп айтқан. Көкпек пен жуаның қой-ешкі, түйе малына, жылқыға, жұғымдылығын ғалым-маман дәл, дұрыс айтқан.[41]

          В.В. Радлов қазақтың қой туралы тұжырым жасағанын, қазақы қойдың майы жайлы айтқанын дәлелдейді. Жалпы құйрықты қой туралы зерттеушілер орыс шығыстанушылар қатарына А.И. Левшинді жатқызуға болады. Бұл мәселе жайында бізде орныққан көзқарас бар. Енді осыған қысқаша тоқталып көрейік. Белгілі маман-этнограф Х.А. Арғынбаев пікірінше:    «Кең    тараған    қой    тұқымы  –   қазақтың  құйрықты   қойы.

 

 Осы тұқым жердің табиғи ыңғайына қарай сұрыпталу нәтижесінде олардың бірнеше түрі пайда болған».

Орыс шығыстанушы ғалымдары арасында қазақтардың үй жануарларымен жақын танысып, оларды жеке-жеке сипаттауға айрықша мән берген. В.В. Радлов қазақтардың өмірі мен әдет-ғұрыптары туралы да кеңінен ой толғаған ғалым. Ол қазақтар мекендеген, шығысында Алтай, Тарбағатай тауларына, оңтүстігіне Омбы қаласына дейін, Бұхарадан Хиуаға дейін аралықты кең байтақ сахараны қазақ елі мекендеген. Қазақтар үшін қой мен ешкінің, сиыр, жылқы және түйе малдарының әрқайсысының жеке орны бар. Атап айтатын болсақ қой – сүт, ет пен май, жүн және тері, қылшық саласы да аса құнды жүн береді. әрі саудаға да, айырбаста да жүреді. Екіншіден де сүт, ет, тері, қылшықты жүн алынады. Сиыр мүйізді ірі қара өнімі сүттен жасалатын тағам түрлерінен тұрады. Шайқалған май. Оны тұздап қарынға, ішектерге тығады. Сүттен жасалған айран – қазақтар үшін аса бағалы сусын тағам. Әрі сол айраннан тағамдар жасайды.

          В.В. Радловтың еңбегінде[42] халқымыздың малын, оның түр түсін, тұрмыстағы алатын орнын ерекше зерттейді. Сонымен қатар «Қазақ малдары» атты еңбегі құнды болып табылады.

          «Қазақстанның кең байтақ даласында көшпелі мал шаруашылығы дамыған. Көшпелі мал шаруашылығы жайылымды үнемі ауыстырып отыруды қажет еткен. Мұның өзі жер көлемі жергілікті және жерді пайдалануды көшіп жүретін, аймақтың кеңдігі мал шаруашылығына ең басты қолайлы болған. Ертеден барлық қазақтардың ойлайтыны мал шаруашылығы болды»,-[43] деп жазады Шоқан Уалиханов.

          Біз өз өмірімізді мал шаруашылығымен және біздің бабалар қалдырған тұрақты қыстау, күздеу және жайылымды құнарлы, кең байтақ жер. Бір жерде шөп шықпай қалған кезде біздің әкелеріміз ешқандай қанықпай басқа қолайлы жерді іздеген. Шоқан Уалиханов 1803 жылы Орынбор губернаторы ХІХ ғасырдың басындағы қазақтардың мал шаруашылығындағы жай-күйін бүкіл дала өңірлерін салыстырып жазып отырған. Мал басы қысы-жазы ауыстырылып жайылған. Жайылым ауыстырылып Қазақстанның кең байтақ жерінде, атап айтатын болсақ, Орталық Азияның оңтүстік және солтүстік батысында қоныс аударып жүрген деп жазды.[44] Көшпелі шаруашылықтың тараған өңірлерде Қазақстанның географиялық аумағы шөл-шөлейт орманды даланың ұштасуы болып табылады. Көшпелі мал шаруашылығында халықтың жыл бойы көшіп жүру үрдісі дәстүрге айналды. Онда әрбір маусымдағы көшу сол үрдістің сатысы болып табылады. Қысқы және жазғы көшу көшпелі қауымның дәстүріне айналды. Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан бай қожалықтарда жылқы саны көп болған.

          П. Рычковтың айтуы бойынша, қазақтардың жылқысы алысқа айдап апаратыны соншалықты, олардың үйлері атпен бір апталық жерде, тіпті одан да көп қашықтықта болады.[45]

          Көшпелі мал шаруашылығының басты ерекшелігі мал азығы мен су көздерінің тапшылығы себебі малды жыл 12 ай жайып бағу еді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ ТАРАУ.   КІШІ ЖҮЗ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ

ЕГІНШІЛІК ЖӘНЕ САУДАСЫНЫҢ ДАМУЫ

2.1 XІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Кіші жүз

жеріндегі егіншілік

 

          Кіші жүз қазақтары мал шаруашылығымен қатар, егіншілікпен де айналысқан, бірақ бәрі бірдей емес. Мал шаруашылығы сияқты, егіншілік те табиғаттың, ауа-райының жағдайына байланысты дамиды. Кіші жүз даласында егіншілікке қолайлы жер көп болған жоқ. Оңтүстік-шығыс ауданы, Сыр өзені бойы, батыс бөліктің солтүстік-шығыс жеріндегі қазақтар егіншілікпен ғана емес, бау-бақша өсірумен де айналысқанын көреміз. Егіншілік пен көшпелі шаруашылық қатар жүріп отырды.

XІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Кіші жүз қазақтарында егіншілік дами бастады. Оның бірінші себебі қазақтар шамалы болса да егіншілікпен ертеден-ақ айналысқан, оның ішінде Сыр бойы қазақтары суармалы егіншілікті де білетін, ал Ресей империясының отарлық саясатының салдарынан қазақтардың ата-баба жерлерінен айрылып, көшпелі мал шаруашылығының қысқаруы күн көріс үшін егіншілікпен айналысуға айналып соқты.

Ресей отаршылдарында қазақтарды біржолата бағындыру әдісі жөнінде екі түрлі көзқарас болды. Біріншісі – қазақтар ата кәсібі мал шаруашылығы-мен айналысып жүре берсін де Ресейдің астығы мен өндіріс заттарын малға айырбастап алып тұратын болсын десе, екіншілері – қырда егіншілік дамып, қазақтарды отырықшылыққа көшіру керек деп білді. Екінші көзқарас жеңіліп

XІХ ғасырдың бірінші жартысында патшалы өкімет отырықшылдықты, оның ішінде егіншілікпен айналысқан қазақтарды қолдап, оларға көмек көрсетіп отырды, мұндағы саясат көшпелі қазақтарды бағындырудан гөрі, егіншілікпен айналысатын отырықшы халықты бағындыру оңай деп білу.

          Кіші жүз қазақтары да ежелден егіншілікпен айналысып келген дедік. Бұдан бұрынғы зерттеулерден бір кемшілік – егіншілікпен қазақ жерінде тек кедейлер ғана айналысқан деген пікір. Біздіңше егіншілікпен айналысу үшін жарлы болу шарт емес. Күйлі-қуатты орта шаруалар да егін еккен. Олардың қолдарында құрал-сайман, күш-көлік жеткілікті болған жоқ. Сондықтан да қазақтар көп салалы шаруашылықпен айналысқан. Себебі қазақтар өздерімен көрші халықтар сияқты бір шаруашылықтың өнімінен күн көрген. Бұдан шығаратын қорытынды, Кіші жүз қазақтары да Орта, Ұлы жұз қазақтары сияқты егіншілік және бау-бақша ісін қатар жүргізген. Қазақтардың көшпелі халық деген бір жақты пікір дұрыс емес екенін соңғы кездегі тарихи зерттеулер дәлелдеп отыр [46].

          Кіші жүз жерінің әрбір бөлігінде егіншілік қалай дамыған, енді соған шолу жасап көрейік. Сыр өзенінің төменгі және орта ағысы бойы ежелден егіншілік мәдениетінің орталығы болды. Бұл өңір мұнда Орта ғасыр заманынан бері тұрып келген қазақ тайпалары шаруашылығынан мұра болып жасалып келді. Сыр өзенінің  суы мол, өзен жағасынан канал қазып, су ағызып бірнеше шақырым жерге созылған арық іздері күні бүгінге дейін байқауға болады.

Хорезм зерттеу экспедициясының бастығы С.П. Толстов: “Әмудария мен Сырдария өзендерінің аралығында жартылай көшпелі шаруашылық және егіншілік мәдениеті дамыған. Сыр өзеніне бұрын су құйып келген Жаңадария мен Қуандария өзендерінің бойындағы арықтардың іздерінің сақталуы, осыған дәлел бола алады,” деп жазған.[47]

Сыр өзенінің төменгі суармалы егіншілікке өте қолайлы болған. “Өзеннің екі жағасында жыл сайын қазақтар егін егіп, күн көрген”[48], — деп оқимыз мұрағат құжаттарынан.  Жоғарыдағы    дәләлдер      Сыр қазақтары

отырықшы болып, егіншілікпен айналысқанын анықтайды. Сыр қазақтары егіншілік мәдениетін дамыта отырып, көрші өзбек, қарақалпақтармен тәжірибе алмасып, егіншілік мәдениетін жетілдіріп отырған. А. Левшин былай деп жазған: “…Сыр бойы егіншілерін аралаған кезде, қарақалпақ және Ташкент өзбектерінің қазақтарымен бірге жұмыс істеп жүргенін көреміз” [49].

1820-1840 жылдары 8-10 мың шаңырақтың егін алқаптары болған. 21 814 500 пұтқа дейін бидай, сұлы, арпа өнімдерін жинаған. Сыр бойындағы орыс-казак бекіністеріндегі орыс шаруаларында 800 десятина жерге егін егіп, 12 мың пұп бидай, арпа жинаған.[50] Сыр өзені бойындағы қазақтар ежелден өзеннен су тартуды білген. Өзен арасынан бас канал қазып, каналдардан арықтар арқылы егістікке су жіберген. Көбіне су өз арнасымен ағып келетін болған. Келген суды белгілі бір жерге жинақтап көлшік жасаған. Көлшіктердің жағасынан қамыспен бекіткенде, ондағы су ұзақ сақталған. Су тартудығ екінші әдісі биік жерлерге арнаулы шығырлар орнату арқылы жүргізілген. Былайша сву тартудың үш әдісі болған: үлкен, орта шығырмен егістікке құйған үлкен шығырда 32 қыш құмыра болған, бір минутте 2 метр тереңдікте 6 шелек су шығарған, ал орта шығырда 2 метр тереңдіктен минутына 2,5 есе 5 шелек су шығарса кіші шығыр арқылы 1,5 метр тереңдіктен минутына 2 шелек су шығарған. Шығырды түйе немесе шегіп қозғалысқа келтірген.[51]

Шығырды арнаулы ағаш ұсталары жасап сатқан, үлкен шығыр сол кездегі орыс ақшасымен 15-25 сом болған. Шығырды байлар мен сұлтандар шаруашылығы ғана пайдалана алған. Кедейлер егіс алқаптарын құдықтан суды шелекпен алып суғарған. Кедейлердің егіс алқаптары да аз болғанға ұқсайды.

Сыр өзені бойындағы қазақтар ежелден келе жатқан жер жыртатын құралдарды пайдаланған. Оның ішінде ағаш соқа, жерді күрек немесе кетпен, ағаш, тырма арқылы тегістеген. Байлар жерді ат шегіп, соқамен жыртқан.  

Қазақтар ертеден тары, арпа, сұлы, ал байлар ақ бидай еккен. Бидайдың тұқымы аз болғанымен, әрі базарда бағасы да қымбат. Ресейдің өзінде-ақ бидайды көптеп еккен. Сыр бойындағы орыстар бидайды аз әкелген. Қазақтар бидайды Бұхара мен Хиуа базарларына әкеліп отырған. ХІХ ғасырдың 60-жылдарында Сыр өзені бойындағы егіншіліктерге арпа, бидай тұқымдарын сату үшін Ресей патшалық әкімшілігі арнаулы дүкендерді көп ашып отырған. Сырдария әскери басқармасының төрағасына 45-дистанция бастығы Ильбаев деген адам 1864 жылы ақпан айында өтініш жазды. “Менің қарамағымдағы Жаппас руының 30 адамы егін салғысы келетіндерін айтқан. Бұрын бұлар мал баққан адамдар еді. Бірақ егін салуға арпа тұқымы керек. Сондықтан сіз оларға дүкеннен мың пұт арпа беруге рұқсат етсеңіз екен. Егін піскенде алған арпаны қайтарып беруге уәде беріп отыр”. Сырдария әскери бекінісінің төрағасының бұйрығымен 1864 жылдың наурыздың 4-і күні дүкеннен арпа жіберуге рұқсат алған. Барлығы 970 пұт арпаны жергілікті қазақ биі Сегізбаев арнаулы тізімді жасап алған. Дүкеннен арпаны Персиянов деген адам қол қойып берген.[52]

Орыс-казак бекіністеріндегі казактар қазақтардан бидай, арпа, сұлы сатып алып отырған. Алыстағы Ресейден әкелгеннен гөрі Қазалы және Перовск базарларынан сатып алу оларға арзанға түскен. Егіншілікпен айналысқан қазақтар тауарлы шаруашылыққа да қатыса бастағанын көреміз.

Сыр өзені бойындағы қазақтар негізінен арпа және сұлыны көп өсірген. Мұны мына мысалдардан көруге болады. Перовск бекінісінің маңындағы 100 шаңырақ, шөмекей руының егіншілері 1854 жылы 3 пұт тары, 15 пұт бидай, 300 пұт арпа, 100 сұлы еккен. [53]

Сыр өзенінің төменгі және орта ағысында тұрған қазақтар ерте заманнан бау-бақша өсіріп күн көрген. Атақты Қызылорда қауыны, қарбыз, пияз, сәбіз, асқабақ сияқты бақша дақылдарын егіп отырған. 1850 жылғы Орынбор Шекара Комиссиясының жылдық есебінде осы жылы 13 000 десятина жер бау-бақша еккен деп жазады. Соңғы 3 жылда бақшадан көп өнім алған. Кейбір қазақтар картоп егіп, өздерінен артылғандарын базарға сатып отырған.[54]

Қазақтардың егіншілігі жөнінде біржақты пікір айтылып, егін егуді қазақтар орыстардан үйренді делініп келеді. Ал біз әңгіме етіп отырған кезеңде Сыр өзені бойындағы қазақтардан көшіп келген орыс-казактар тек егін егуді ғана емес, сонымен бірге бау-бақша салып, оны баптап суаруды да үйренгенін орыс саяхатшылары өз көздерімен көріп жазып кеткен. Сыр өзені бойындағы болған орыс зерттеушісі Мейер: “Орыстар бау-бақша салуды, суармалы егіншілікті қазақтардан үйренген, қазақтар орыстардар ешқандай тәжірибе алмаған, бір таңқаларлық жағдай, орыстар бау-бақшалардан өнімді аз алып қана қоймай, бақшаларында қауын, қарбыздары кішкентай болып өскен, ал қазақтардың қауындары өте үлкен болып келеді” [55], — деп жазды.

          Сыр өзені бойындағы қазақтардан басқа, Кіші жүздің солтүстік-батыс және шығыс бөліктерінде өзен жағалауындағы қазақтар егіншілікпен айналысқан. Орынбор генерал-губернаторының генерал-адьютанты Катенин 1858 жылы маусымның 7-күні Кіші жүз даласына тексеру жұмысына шыққан кезде, өзінің есебінде былай деп жазады: «Далаға бірнеше ондаған шақырым бойлап енсең-ақ, Жайық, Ембі, Ырғыз, Торғай өзендері мен оған құятын сағалар бойында, құмға барып сіңетін өзеншелер жағалауында – барлық жерде айдалған немесе дән егілген алқаптарды көруге болады»[56].

          Ал ХІХ ғасырдың екінші жартысында отырықшылдыққа көшу одан әрі дамып, Кіші жүздің әсіресе, Батыс және Орта бөліктерінде мал бағудан гөрі жер өңдеушілер қатары арта түскен. Солтүстік-Батыс ауданда 835-1860 жылдар аралығында егіс көлемі 4,5 есеге көбейеді. Егіншілікпен айналысатын жаңа аудандарсаны көбейіп, Сағыз, Қобда, Ойыл және Мұғаджар тауының бойларында егіс алқаптары кеңейе түсті. Мысалы, Оңтүстік аудандарды қоспағанда, Кіші жүзде 6 710 қазақ шаңырағы егін еккен, соның ішінде Шығыс бөлігінде – 627 шаңырақ, Батыс бөлігінде – 2019, Орта бөлікте – 4064 шаңырақ. 1835-1860 жылдарда Кіші жүз даласында (тағы да Сыр өзенінен басқа жерде) 15 мың десятина жерге егін егіліп, жылына 1 млн пұт өнім жиналған, оның ішінде 300 мың пұт тары, 300 мың пұт бидай, 400 мың пұт арпа мен сұлы, Жайық казактары жылына 86 десятина егін егіп, 4720 пұт астық жинаған [57].

          ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ даласы жалпы Ресейлік рынокқа бейімделе бастады. Қазақтар өздерінен аталған астықтарын базарларға апарып сатып, жергілікті қазақтардан саудагерлер шыға бастады. Олар бидай өнімдерін Орал, Елек және Бөрлі базарларында апарып сатып отырған. Егіншіліктің дамуы қазақтардың тұрмыс салтына, санасына, жалпы психологиясына әсер ете отырып, қазақтардан жаңа нақыл сөздер шыға бастады. Елді аралап жүрген орыс саяхатшылары ауыл ақсақалдарымен кездесіп, естіген мынандай сөздерді қағаз бетіне түсірген: «Бұл заманда егін екпейтін бір үй жоқ, тақсыр», «Мал сатып бай болмайсың», «Егін еккеннен пайда – пайда көп: бидай өзіңе тамақ болса, малыңа жем». «Осы өңірде кедей қазақтардың өзі кем дегенде 20-30 соттық тары егеді». Мұрағат дерегі.[58]

          Қара шаған, Шаңғырлау ауылдарында егін салудың кең етек жайғаны сонша, мұнда жылына 300-400 десятина жерге дән себетін шаруашылықтар пайда болды. Осы өңірдегі шаруашылық өзгерістері жайлы Трегубов былай деп жазады. «Бұл ауылдан біз орысша сөйлей білетін қазақтарды да көрдік. Орыс пен қазақ үйлерін бірлесіп салады екен, олардың өзара татулығына таң қалдық, сөйтіп осы ауылдарға қоныс аударған мұжықтар мен қазақтардың арасындағы тамырлықтың куәсі болдық.[59]

Маңғыстау, Үстірт және Аралдың батыс жағалауында судың жетіспеуі, табиғаттың шөл-шөлейт болуы себебі егіншілік кәсібі дами алмады. Бұл жердегі қазақтар астығы Хиуа хандаға мен Александровск портында малға айырбастап алуға мәжбүр болған.

Кіші жүз даласының Батыс, Орта және Шығыс бөліктеріндегі қазақтар арпа, сұлы және бидай еккен. Бұл өңірде бидай тұқымын Ресейден алып отырған. Бидай көбінесе құнарлы, қара топырақты жерлерге егілген. Мұндай жер негізінен солтүстік-батыс бөлікте Жайық казак бекіністерінің маңында болатын. Тарыны қазақтар барлық жерлерде егіп, көп өнім алып отырған. Олар тарыдан күнделікті тұрмыста қажетті ұлттық тағамдар жасаған. Мысалы, тарыдан көже, жент, тары сөгі (қауызы алынып тазартылған) дайындалады.

          Кейбір жердегі қазақтар тазартылған тарыны қуырып, шайға салып немесе майға шылап қорек еткен. Тарыны қол диірменге тартып, ұннан нан пісірген, бірақ наны бірікпей уатылғыш болып келеді. Тары наны өте сирек қолданылған. Ал, арпа мен сұлы негізінен мал жемісіне пайдаланған. Арпа мен сұлыны қол кебісіне түйіп қауызынан айырып, көже жасап ішкен. Бұл өңірдегі қазақтар бау-бақшамен де айналысқан, оңтүстіктегі қазақтардан бұлардың ерекшелігі бау-бақшалары суармалы болған, құнарлы жереге егіп, жаңбыр суымен ғана өсіріп отырған. Орыс бекіністеріндегі сияқты қазақтар қауын, қарбыз, картоп т.б. еккен. Асқабақтың екі түрі болған: асқабақ – негізінен тамақ ретінде пайдаланса, кабак  (горляник) ұзынша болып келеді, бұдан орыстар сияқты қазақтар да үйге қажетті әр түрлі ыдыс жасаған. Кабактан жасалған ыдыстарға су т.б. сұйықтар құйып сақтаған, әрі көшіп-қонып жүрген кезде алып жүруге өте ыңғайлы болған. Кабакты оңтүстік-шығыс бөліктерде қазақтар көп пайдаланған.

          ХІХ ғасырдың екінші жартысында егіншілікте құрал-саймандар көп қолданылған. Ежелгі қазақтың құралдары ағаш және темір күрек, ағаш айыр, жер жыртатын сабан соқа, тырма, астық бастыратын құралдар болған. Патшалы Ресейдің әкімшілігінің егіншілікті қолдауы, қоныстанушылардың ішіне қарай келе бастауынан орыс құралдарына қол ортақ, темір айыр, темір соқа қатар қолданып отырды. Бастырылған астықты қырманда тазалап, түскен өнімді сақтау үшін арнаулы қоймалар салынған. Қоймалары жоқ қазақтар бидай, арпа, сұлыны арнаулы шұңқыр қазып сақтаған, оны қазақтар «ұра» деп атаған.

          Сөйтіп, ХVIII ғасырдың басы ХІХ ғасырдың 60-жылдарында Кіші жүз қазақтары егіншілікпен айналысқан, мұндағы кейбір аймақтарда егіншілік пен отырықшылдықтың ежелден келе жатқанын дәлелдедік. Қазақтар тек ғана көшпелі ел болғанымен көзқарасты теріске шығарып отырып, қазақтар отырықшы ел бола алғандығын, бірақ көшпелі мәдениет төл тума болса, отырықшылдықтың да өзіне тән мәдениетін қалыптастырғанын көреміз.

2.2 XІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Кіші жүз

қазақтарының сауда-саттық  кәсібі.

 

Кіші жүз жерінде патшалы әкімшілік-баскару жүйесінің орнауы, қазақ даласында хандықтың жойылуы елге саяси өзгерістер әкелсе, сонымен бірге шаруашылық саласында да көптеген өзгерістер ене бастады. Ресейдің отарлық саясаты ХІХ ғасырдың бірінші жартысында, Кіші жүз даласын экономикалық жағынан оған тәуелді етіп қойды. Себебі өндірістің пайда болуы казақ даласындағы байырғы шаруашылықтың ыдырауын туғызған. Казақстан біртіндеп патшалы Ресейдің шикізат өндіретін аймағына айнала бастады. Ал мұның өзі сауда-саттық істің жандануына әкелді. Осыдан соң қазақ даласында бұрыннан келе жатқан керуен саудасы дамумен қатар тұрақты жұмыс істейтін жәрмеңке ұйымдастырылды. Жәрмеңке базар болғаннан кейін оған апаратын тауар керек. Сондықтан қазақтардың шаруашылығы осыған бейімделе бастайды. Қазақтар саудаға араласады. Сөйтіп, XІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақтардан сауда кәсіпкерлері қалыптасты. Алғашқы қазақ саудагерлері бай мен сұлтандардан шығады. Қазақ саудасымен айналыспаған, сауда оның ата кәсібі болмаған деген пікір соңғы кезде айтылып жүр. Бұл дұрыс емес. Сонау ерте кезден-ақ қазақ даласынан керуен жолдары өткен ғой. Ал Жібек жолы ше? Ол Оңтүстік Қазақстан және Жетісу жері арқылы өтеді емес пе? Жібек жолындағы қалалар сауда орталығы болған жәрмеңкелерге малдарын әкеліп сатқан қазақтар сауданы білген және онымен айналысқан керуен жолдарындағы қазақтар малдарын өзіне қажет тауарға айырбастаған. Ал Орта Азия хандықтарымен көрші, сондай-ақ Ресей шекарасында жақын жердегі қазақтар саудамен айналыса отырып, малдарын өз өнімдеріне ақшаға да сатқан. Алып сатарлық сауда жүйесі онша дами алмаған. Сауданың бұл түрі Кіші жүз даласында барлық жерде бірдей дамыды.

Қазақтардағы сауда-саттық дала өнімдеріне сәйкес, өз ерекшелігімен дамыды. Сондықтан қазақ саудасының үш түрі болды. Біріншісі – ежелден келе жатқан керуен жолдарындағы ішкі қазақ даласындағы айырбас сауда, екіншісі – жәрмеңкелердегі сауда жазғы және күзгі мал жайылымдарына жақын жерлерде жасалды. Үшіншісі – тұрақты сауда — XІХ ғасырдың екінші жартысында патшалы Ресейдің отарлық саясатының ішіне енуіне басталып, Қазақстан жері түгелдей өлкеге айналған кезеңі қалыптасты.

Қазақ даласындағы сауда ісі қалай дамыды, енді соған тоқталып көрейік. ХVIII ғасырдың басы ХІХ ғасырдың бірінші жартысында қазақ-орыс саудасы дами бастады. Айырбас сауда Кіші жүз қазақтары үшін Орынбор қаласы орталығы болды. Орынбор қаласының маңындағы қазақтар үшін және Орта Азиямен сауданы дамыту үшін орыс әкімшілігі Орынбор қаласынан тұрақты жәрмеңке ашты. Бұқар, Хиуа хандықтарынан келген керуенмен бірге қазақтар да малдарын Орынборға әкеліп айырбас сауда жүргізген. Орынбор қаласы өзі салынған күннен бастап, Кіші жүз қазақтары басқаратын әкімшілік орталығы болумен қатар, сауда орталығы да болды.

Патшалық Ресейдің отарлық саясатының көздеген мақсаты сауданы дамыта отырып, қазақтарды Ресей рыногына тартумен қатар, болашақта қазақ даласы арқылы, Орта Азияға және Қытай мен Үнді елдеріне бару, біртіндеп Орта Азия хандықтарын өзіне бағындыру еді.

Ресей отарлық саясатын жүргізген алғашқы қадамында, осы міндет бірінші орында тұрған. Сондықтан Орынбор қаласына татар саудагерлерін әкеліп, орыс өндірісінің тауарларын көптеп толтырып байқау жасалған. Сауданы ынталандыру шаралары жүргізе отырып, патша өкіметі 1747 жылы қыркүйек айының 22-і күні сыртқы істер коллегиясының жарлығымен «Қытай шекарасынан бергі қазақтарымен сауда Орынбор қаласында ешқандай салықсыз жүргізілсін», — деп шешкен.[60] Бұл шара тек Кіші жүз қазақтары емес, Орта жүз қазақтарының да Орынбормен сауда жасауына жол ашты. Қазақ сауда ісін алғаш қолға алғандар қазақтың хан, сұлтан, старшындары мен билері болды.

 

          Қазақтардың Орынборда сауда жасауға деген ниеттерін біліп, әкімшілік тек қана қазақ сұлтандары мен билері емес, кім сауда жасағысы келеді, олардың бәріне Орынбор қаласының қақпасы ашық деп жариялап қазақтарды саудаға тартты. Мысалы, орынбор қаласына қазақтар көптеп келе бастады. 1764 жылы 14 563 қазақ келсе, 1786 жылы 67 602 қазақ келген. Ал 1764-1792 жылдарда барлығы 365 788 қазақ Орынборға келіп сауда жасаған.[61]

          Орынбор сауда орталығына ішкі Ресейден мата, оның ішінде кендірден тоқылған және жібек мата дайын киім, қой терісінен жасалған сырт киім, әр түрлі бояумен боялған орыс былғарысы, жер майы (керосин), былғары заттар, темір, шойын, мыстан жасалған тауарлар әкелген. Қазақтар малдарын бидай мен ұнға да айырбастаған. 1762 жылы – 14 776 пұт,  1772 жылы – 132 876 пұт бидай мен ұнға айырбастап сауда жасаған. Астық саудасының көбеюіне негізгі себеб, Ресей әкімшілігі бұл кезде орыс-қазақ саудасына кеден салығын жойған еді. Астықты көбіне Кіші жүз даласындағы қазақтар алып отырған.

          Бөкей ордасында қазақ саудасы негізінен жәрмеңке арқылы дамыды. 1813 жылы хан ордасы болған Орда селосында жәрмеңке ашылды. Орда селосы қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданының жерінде қазір де бар екенін жоғарыда айттық. Хан ордасы болған бұл тарихи селоның бұл күнде азып-тозып бара жатқандығы туралы көп айтылып жүр. Оның жөні де бар. Орда селосына мемлекет тарапынан қамқорлық керек. Өйткені онда өткен тарихымыздың ескеркіштері сақталған. Орда жәрмеңкесі Кіші жүз даласындағы ірі сауда орнына айналды.

          Жәрмеңкеге тауар мен мал әкелген адамдардың саны жыл сайын өсіп отырған. 1846 жылы 1750 адам келсе, 1847 жылы 2184 адам келген.[62] Әр губерниядан келгендер малдың өздеріне қажетті түлігін сатып алып отырған. Мысалы, ірі қара малды көбіне Владимир және Саратов губерниясының көпестері, жылқыны – Саратов губерниясы саудагерлері, Дон және Жайық казактары, қойды – Пенза мен Тамбов, түйені – Орынбор губерниясының көпестері сатып алған. Сонымен бірге жәрмеңкеге қазақтар қойдың жүні мен терісін көптеп әкелген, оларға да сұраным көп болғанын көп болғанын көреміз. Теріні Мәскеу мен Симбирск көпестері сатып алса, жүн мен ешкі түбітін Тамбов көпестері алған.

          Хан ордасындағы жәрмеңкеге келген қазақтар саудадан түскен ақшаларына өздеріне керекті тауарларын сатып алып отырған. Олар: орыс көпестері әкелген астық, елтірі, маталар, барқыт, парча, Бұқар мен Хиуа халаттары, қант, шай, мыс пен жезден жасалған заттар және ағаштан жасалған бұйымдар.

          Тұрақты сауданың дамуы қазақ даласында тауар-ақша қатынасын күшейте түсті. Қазақ шаруашылығы бұл тауар-ақша кәсібіне бейімделе бастады. Кіші жүзде тұрақты сауда орталықтары Гурьев, Уральск, Калмыкова, Ақтөбе, Қазалы, Перовск қалалары болды. ХІХ ғасырдың 50-60 жылдары қалаларда кішігірім дүкендер мен сауда лавкалары пайда бола бастады. 1850 жылы Орал қаласында 658 дүкен, Гурьевте – 171, Калмыковада – 6 дүкен, барлығы – 835 дүкен болған.[63]

          Қазақ даласында Ресейден астық әкеліп жатса, орыс губернияларына мал көп сатылған. Мал қазақ-орыс саудасында бірінші орын алған. Қазақ малдарын орыс көпестері сатып алып Ресейдің ауыл шаруашылық өнімдерін ұқсататын өндіріс орындарына өткізген. 1837 жылы Орынбор қаласында жылына 70 мың пұт қойдың майы ерітіліп, өңделген. Мал саудасында Ресейге қазақ жерінен Орынбор және Кіші жүз жеріндегі жәрмеңкелер арқылы жылына 100 мыңдай мал апарылған. 1816-1820 жылдар арасында Орынбор арқылы 592 251 мал сатылса, ал Троицк қаласы арқылы 14 743 мың мал сатылған. [64]

          Орыс-қазақ саудасында Ресейден қырға қант әкелініп, орыс көпестері қантты малға және мал өнімдеріне айырбастап көп пайда тапқан. Қантпен сауда жасау жыл сайын өсіп, қазақ даласына көп әкелінген. Мысалы, 1803-1807 жылдары – 1900 пұт қант әкелінсе, 1842-1845 жылдары – 16 959 пұт қант сатылған. 1800-1840 жылдары қант саудасы 8 есе өскен.[65]

          Кіші жүз қазақтары үшін керуен саудасының маңызы өте зор болды. Қазақтар саудаға араласып, керуен жолдары өтетін ауылдарда керекті тауарларын малға және мал өнімдеріне айырбастап алып отырған. Мысалы, темір мен жезден жасалған тауарлардың 41-64 %, матаның 44-66 %, басқа тауарлардың 55-71 % қазақ даласында қалдырып отырған. [66]

          Кіші жүз даласы арқылы Орта Азия мен Ресейді байланыстырып тұрған бірнеше керуен жолдары өтті. Бірінші керуен жолымен Орта Азия тауарлары Маңғыстау жері арқылы Каспий теңізіндегі Қараған айлағына дейін. Одан әрі Каспий теңізі арқылы Еділ өзенінен шығып, Астрахань арқылы Нижний Новгородқа дейін барған. Хиуадан Қарағанға дейін сауда керуені үш жеті жүрсе, осы жол арқылы Бұхарадан Қарағанға дейін төрт жеті жүрген, ал Қарағаннан теңіз арқылы Астраханьға дейін екі күннен сегіз күнге дейін жүрген.[67]

          Екінші керуен жолы Орынбор қаласынан Жайықтың сол жағалауынан жүріп отырып Оралға дейін, одан әрі Сарайшық фортын басып Гурьев қаласына дейін.

          Үшінші керуен жолы Бұхарадан Ор бекінісіне дейін, Кіші жүз даласы арқылы Сырдария өзеніне дейін, одан әрі 300 шақырым Әмудария өзеніне дейін.

          Төртінші керуен жолы қысқа жол деп есептеледі. Орынбордан – Елек бекінісіне дейін, одан әрі Елек өзені арқылы Ембі өзенінің жоғарғы сағасы, одан Сыр өзенінің төменгі сағасы арқылы Қазалы, Перовск қалалары, Түркістан, Ташкент, одан әрі Бұхараға дейін. [68]

          Бесінші керуен жолы Орта жүз жері арқылы Шығыс Сібір қаласы Тобыл – Бұхар керуен жолы. Тобыл қаласынан Ертіс өзені арқылы, Есіл өзенінің жоғарғы сағасына дейін, Орталық Қазақстан даласы арқылы жүріп отырып Сарысуға дейін, одан әрі Түркістан қаласы, Сыр өзенінен өтіп Бұхар қаласына жеткен.

          Раин  бекінісі салынғаннан кейін Арал теңізінде мемлекеттік кеме флотилиясы құрылып, Арал теңізі арқылы да тауар тасылып, жылына 1500 пұт әрі жүк тасымалданған.[69]

          Қазақ жерінде ХІХ ғасырдың бірінші жартысынан бастап, одан кейінгі жылдары қазақтан басқа ұлттар өкілдері — өзбек, татар, башқұрт, армян, орыс, түркмен, қарақалпақ, әзірбайжандардан да саудагерлер шыға бастаған. Сондықтан көп ұлтты саудада адамдар бірін-бірі түсіну үшін, сондай-ақ тиісті құжаттарды толтыру үшін, сауда саласында тілмаштар керек болды. Тілмаштар халықтар арасындағы елшілік міндеттерін де атқарып отырды. Тілмаштардың көбі қазақ тілін білген. Олар қырдағы жәрмеңкелерде дел далдық қызметін атқарған. Сөйтіп, қазақ жерінде сауда-саттық ісінің дамуы Ресей арқылы қазақ тауарларының шетелге шығуына, болашақта қазақ саудагерлерінің әлеуметтік тап болып қалыптасуына, қазақ даласының дүниежүзілік қауымға таныла бастауына жол ашты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

          Қорыта келгенде Ресей империясының Кіші жүз даласындағы 1731-1868 жылдар арасындағы жүргізген саясатының негізгі мәні жергілікті халықтарды орыстандыру, шоқындыру. Ол мұны ертеден бастап жүргізді. 1731 жылы Сенатта Еділ бойы халықтарын «Жаңадан шоқындыру кеңсесін ашады. Осыдан басталған саясат қазақ жеріне де жеткен. Бұл саясат мемлекеттік деңгейде жүргізілді. Мақсат – басқа халықтарды орыстандыра отырып, оларды мемлекеттік рухынан жою, мәдениетін бүлдіру, тіліне қысым келтіру, оларды надандықтан ұстау. 1797 жылдан бастап миссионерлік мамандар да даярлау үшін қазақ даласында арнаулы рухани академия ашты. Бұдан кейін «орыстандыру» және «қоныстандыру» кеңселерін ашып, өктемдік және жек көрушілік идеологиясын қалыптастырды.

          Ресей империясының бұратана халықтардың отарлауды ең сенімді әрі әдісі – орыс шаруаларын жергілікті адамдарымен араластыра қоныстандару, мүмкіндігінше қоныстанушылардың санын жылдан  жылға  көбейте беру. Мұндай саясатты қазақ жеріндегі орыс әкімшілігі жергілікті жердің тарихи ерекшелігін, оның тілін зерттеу арқылы асықпай жүргізілген осы мақсатта  Ресей империясы Кіші жүз даласына миссионерлерді жіберіп аралас орыс-қазақ мектептерін ашқан. Орыс-қазақ мектептерін Кіші жүз даласында сұлтандардың сұрауы бойынша ашып отырмыз деп сылтау айтқан. Ал шынында да мұндай мектептер жергілікті халықты сауаттандыруды, оларды ғылым мен білімге тартуды көздемеген, керісінше, өздерінің күнделікті саяси-әлеуметтік іс-әрекетіне жететін төменгі дәрежелі қызметкерлер даярлаумақсатымен ашылған. Бұлардың барлығының түпкі мақсаты жергілікті халықтың үнін шығармай билеу, рухани жағынан халықты өз тілінен, мәдениетінен, жазуынан айыру, қоғамдық ұлттық санаға мешеу қалдыру. Бұрын біз бұл құбылыстың кейбір жақтарын прогрессивтік деп едік. Енді ұлттық санаға салып ойлап қарасақ мұның бәрі бізді, түптеп келгенде, халық болудан қалдырады екен, екең байтақ жерде қазақ деген ел өмір сүруден кейінгі ұрпағымыз білмей де қалуы мүмкін. Нақ осы саясаттан жер шарында қаншама ұлттар мен ұлыстар құрып кеткен ғой. Барлық жердегі отарлық империяның ойлайтын ойы бірдей. Ресей империясының қазақ жеріндегі отарлық саясатының ағылшын, француз, Португалия отаршылары жүргізген саясаттан ешқандай айырмашылығы жоқ.

          ХІХ-ХХ ғасырлар шеңберінде Қазақстанның Ресей экономикалық жүйесіне тартылуы мен капитализмнің кеңейе түсуіне байланысты көшпелі және мал шаруашылығының дамуы өзгеріске ұшырады. Жерді қоныстандыру, басқаларынан жаппай тартып алынуы, егіншіліктің даму дәстүрі көшпелі шаоуашылықтың жүйесін бұзды. Қазақтар арасында жер жыртудың өріс алуы мал санының мүлдем кеміп кетуіне әкеп соқты. Малда негізінен түйе, жылқы, қой өсірілді, ірі қараның саны көшпелі шаруашылық жүйесінің бұзылуына, егіншіліктің неғұрлым кең дамуына, соның салдарынан жартылай көшпелі және отырықшы тұрмыс салтына көшуге байланысты болды. Көшпелі шаруашылық жүйесінде болған өзгерістерге қарамастан, қазақтардың шаруашылығында мал өсіру бұрынғыша негіз алды.

          Қазақтар негізінен көшпелі тұрмыста қала бергенімен көшпелілерде шөп шабудың пайда болуы олардың өміріндегі жаңа кезеңді, отырықшылдыққа қарай алғашқы қадам жасағанын білдіреді. Қазақтың шаруашылығына шөп шабудың кеңінен тарай бастауы орыс экономикасымен неғұрлым тығыз байланыс жасау нәтижесінде қазақтардың мал шаруашылығының интенсивтендіріле түсуінің айқын айғағы болды.

Көшпелілер мен жартылай көшпелілерге қыстың қақаған аязында шөптің жеткіліксіздігімен  мал жаппай қырылатын жұттар зор ауыртпалықтар әкелді. Ал жұттарға мал шаруашылығы үшін ауа-райы, табиғат жағдайының қолайсыздығы себеп болды  Көктем ,жаз, күз кезінде жартылай көшпенділер малын тібіндетіп жайып, ең қолайсыз кездерде қатты аяз боранда малды үй маңында ұстап ,жем-шөп беріп бағатын. Жартылай көшпелі мал шаруашылығы жағдайында маусымдарға ғана емес,олардың пайдалану түріне қарай көшіп-қону шеңбері қысқарып , жайылымдардың ауқымы аза түсті. Қазақтардың мал шаруашылығы қазақ жерінде Ресей құрамының  енуі де көп ықпал жасады.Жаңа әкімшілік –саяси құрлым  мен  басқарудың орнатылуы қазақ даласында  патша өкіметті жерді тартып алуы ,жайылым алқабының тартылуы , салық жүйесі қазақтардың мал шаруашылығы үлгілеріне және олардың арасында егіншіліктің таратылуы әсер етті.

Қазақ ауылдар арасында мүлік теңсіздігінің күшеюі ,қауым мүшелерінің малынан айырылған бұқарарасының  кедейленуі  самодержавиенің жерді жаппай тартып алуы көшпелі және жартылай  көшпелі малшылардың отырықшылдыққа, жартылай отырықшылдыққа және егіншілікпен айналысуына мәжбүр етті. Ауылда  товар ақша қатынастарының және рынокпен байланысты дамуы егіншіліктің кедейлер арасында ғана емес, ауқатты бай малшылар арасында да дамып отырды.

Қарастырып отырған кезеңде қазақ даласында сауданың үш түрі жүріп, айырбастау , ара-тұра болып тұратын жәрменкеге және тұрақты сауда түрлері орын алды. Сауданың бұл негізгі үш түрі  шаруашылықтың түрлі үлгілеріне сәйкес келді  .Көшпелі аудандарда  сауда аралап жүріп айырбастау арқылы жүргізілді немесе ол тасымалды сауда деп атады . Жартылай көшпелі аудандарда жәрменкелердің саны көп болды        

 

 

             Пайдаланған әдбиеттер тізімі  

 Деректер

1.Материалы по России сборник указов  Оренбург ,1900     

  1. Казахско-русские отнашения в ХVIII-Х I Х вв ,Алма Ата,1964,
  2. Материалы по истории политического строя Казахстана 1 том Алма –Ата 

4 Материалы по киргизкому землепользованию Уральский уезд Оренбург,1900,  

  1. Записки РГО Российское Географическое общество кн 30Спб,1849

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

[1] Левшин А. Описание киргиз-кайсакских орд и степей. ч. ІІІ СПб 22 бет

[2] Родлов В.В. Из Сибири  старницы дневника М. 1989 334 бет

[3] Якубов Н.В. Русско-казахская торговля (1760-1880) // Народы Азии и Африки. 1977, №6

[4] Рычков П. Типография Оренбургская ч. ІІ Оренбург 1887 225 бет

[5] Бетмахан Е. Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында Алматы 1994 118 бет

[6] Апаллова Н.Г. Экономические и политические связи Казахстана с Россией в ХVIII в начале ХІХ веке М., 1960, 235 бет

[7]

[8] Арғынбаев Х. Қазақтың мал шаруашылығы жайында этнографиялық очерк Алма-Ата 1969, 81 бет

[9] Машинбаев С.М.  Патшалық Ресейдің отарлық саясаты Алматы 1994 191 бет

[10] Материалы по истории России сборник указов 1734 Оренбург 1900, 223 бет 

[11] Казахское – рисские отношения в ХVIII ХІХ веке 19 бет

[12] Материалы по истории политического строя Казахстана том І, 1960, 25 бет

[13] Материалы по истории Казахской СССР 1747-1828 гг. Том 4, Москва, Ленинград, 1960, 25 бет

[14] Материалы по Киргизкому землепользованию Уральский уезд Оренбург, 1930, 30 бет

[15] Ленин В.И. Шығармалар толық жинағы, 3 том, 226 бет 

[16] Бұл сонда 227 бет

[17] Е. Бекмаханов Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдары 27 бет

[18] Родлов В.В. Из Сибири страницы дневника, Москва, 1989, 334 бет

[19] Бекмаханов Е. Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында Алматы, 1994, 95 бет

[20] Ш.Уалиханов  Қазақ һәм хандар шежіресі, Алматы 1992 ж. 121 бет

[21]  Фальк И. Полное сабрание ученых путишествии по России. СПб., 1894, 542-543-беттер.

[22] Хозяйство казахов на рубеже ХІХ-ХХ вв. Алма-Ата., 1981, 88-89 беттер.

 

[23] Бұл сонда.

[24] Хозяйство казахов на рубеже ХІХ-ХХ вв. Алма-Ата., 1981, 88-89 беттер.

[25] Тетеревников А. Очерк внутренней торговли киргизской степи. СПб., 1867, 7- бет.

 

[26] Хозяйство казахов на рубеже ХІХ-ХХ вв. Алма-Ата., 1981, 102- бет

[27] Шалекенов У.Х. Қазақ ежелден көшпенді ме? (Солженицынның сандырағына қарсы тарихи ой). // Зерде. 1991; № 12, 116-117 беттер.

 

[28] Хозяйство казахов на рубеже ХІХ-ХХ вв. Алма-Ата , 1981, 102 бет 

[29] Шалекенов У.Х. Қазақ ежелден көшпенді ме? (Солженицынның сандырағына қарсы тарихи ой). // Зерде. 1991; № 12, 116-117 беттер.

 

[30] Мәшімбаев С.М. Патшалық Ресейдің отарлық саясаты. А., 1994, 113-бет.

 

[31] Хозяйство казахов на рубеже ХІХ-ХХ вв. Алма-Ата , 1981, 102 бет 

[32] Левшин А. Описание киргиз-кайсацких орд и степей. ч. ІІІ. СПб., 1832, 23-бет.

 

[33] Бекмаханова Н.Е. Формирование многонациональных, 38-қор, 32-іс, 46-бет.

 

[34] Тургайско-Уральской переселенческий район. Оренбург, 1914, 55 -бет.

 

[35] Бұл сонда, 56-бет.

 

[36] Шалекенов У.Х. Казахи низовьев Амудариьи. Ташкент, 1966, 117-бет.

 

 

[37] Радлов В.В. Қазақтардың малдары. // Этнография журналы, 1871. 3 т. 285-313 беттер.

 

[38] Левшин А. Описание киргиз-кайсацких орд и степей. ч. ІІІ. СПб., 1832, 93-бет.

 

[39]Антропологические очерки. Л., 1930, 82-бет.

 

[40] Левшин А. Описание киргиз-кайсацких орд и степей. ч. ІІІ. СПб., 1832, 93-бет

[41] Арғынбаев Х. Қазақтың мал шаруашылығы жайында этнографиялық очерк. Алма-Ата, 1969, 3-10 беттер

[42] Радлов В.В. Из Сибири  старницы дневника М. 1989 334 бет

[43] Қазақстан тарихы. 3 т. 2002, 225-бет.

 

[44] Бұл сонда, 226-бет.

 

[45] Рычков П. Типография Оренбургская. ч. ІІ Оренбург, 1887,  293-бет.

 

 

[46] Шалекенов У.Х. Қазақ ежелден көшпенді ме? (Солженицынның сандырағына қарсы тарихи ой). // Зерде. 1991; № 12, 35-46 беттер.

 

[47] Толстов С.П. По древним дельтам Окса и Яксарта. М., 1862, 273-бет.

 

[48] Мәшімбаев С.М. Патшалық Ресейдің отарлық саясаты. А., 1994, 118-бет

[49] Левшин А. Описание киргиз-кайсацких орд и степей. ч. ІІІ. СПб., 1832, 23-бет.

 

[50] Мәшімбаев С.М. Патшалық Ресейдің отарлық саясаты. А., 1994, 119-бет.

 

[51] Бұл сонда. 119-бет.

 

[52] Мәшімбаев С.М. Патшалық Ресейдің отарлық саясаты. А., 1994, 120-бет

[53] Бұл сонда. 120-бет.

[54] Мәшімбаев С.М. Патшалық Ресейдің отарлық саясаты. А., 1994, 120-бет.

 

[55] Мейер Л. Киргизская степь Оренбургского ведомства. СПб., 1865, 163-бет.

 

[56] Мәшімбаев С.М. Патшалық Ресейдің отарлық саясаты. А., 1994, 120-бет.

 

[57] Бекмаханова Н.Е. Формирование многонациональных, 38-қор, 32-іс, 37-38 парақтар.

 

[58] Материалы по Киргизскому землепользованию… Уральский уезд – Оренбург, 1909, 42, 125-126 парақ.

 

[59] Трегубов Д. По новым местам. СПб, 1913, 43-бет.

 

[60] Аполлова Н.Г. Экономические и политические связи Қазахстана с Россией в XVIII начале ХІХ в. М., 1960, 235-бет.

 

[61] Сундетов С.А. Торговля в Казахстане в начале ХХ вв. // Казахстан в канун Октябрь Алма-Ата 1968, 82 бет  

[62] Бұл сонда 83 бет

[63] Мәшімбаев С.М. Патшалық Ресейдің отарлық саясаты. А., 1994, 126-бет.

 

[64] Якубов Н.В. Русско-казахская торговля (1760-1880 гг. // Народы Азии и Африки. 1977, № 6, 134-136 беттер.)

 

[65] Якубов Н.В. Русско-казахская торговля (1760-1880 гг. // Народы Азии и Африки. 1977, № 6, 143- бет.)

 

[66] Рычков М.К. Экономические связи России со Средней Азии. 49-51-беттер.

 

[67] Аполлова Н.Г. Исторические значение торговых связи России со средней Азией( XVI-XVII вв.) // Феодальная Россия во всемирно-историческом процессе. 1967, 333-бет.

 

 

[68] Басин В.Я., Бекмаханова Н.Е. К  истории освоения Аралского моря. // Военно-исторический журнал. 1971, № 11, 119-бет

[69] Бұл сонда, 335-бет