АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қырғызстан президенті: Латын қарпіне көшудің қажеттілігі жоқ[:]

[:kz]

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков қырғыз тілін латын қарпіне көшірудің қажеттілігі жоқ екенін айтты.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «КирТАГ» басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қырғызстан басшысы «Қырғыз Республикасының мемлекеттік тілі туралы» Заңның қабылдануының 30 жылдығы қарсаңында мемлекеттік тіл бойынша ұлттық комиссия төрағасы Назаркул Ишекеевті қабылдады. Кездесу барысында Жээнбеков соңғы кездері қоғам талқысына түскен латын қарпіне көшу мәселесіне тоқталып, өз пікірін білдірді. Ол өз сөзінде латын қарпіне көшудің қажеттілігі жоқ екенін атап өтті. 

«Еліміздің мәдени және ғылыми әлеуеті кирилл қарпіне негізделген жағдайда белгілі бір жетістіктерге жетті. Біз бас артық талқылауларға уақыт жұмсамай, қолда бар мүмкіндіктерді алдымызға қойған мақсаттарға жету, даму мақсатында пайдалануымыз керек», — дейді Жээнбеков.

Сонымен қатар Қырғызстан президенті мемлекеттік тілді күнделікті өмірде ғана емес, барлық салада кеңінен қолдану керектігін атап өтті

[:]