[:kz]
Қызылорда облысында кәмелетке толмаған үш жасөспірім оқ тиіп ауруханаға түсті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Облыстық Полиция департаменті өкілдерінің мәліметінше, оқиға 15 желтоқсанда сағат 18.00-де Қармақшы ауданы Төретам аулындағы аялдамалардың бірінде болған.
«Жасөспірімдер медициналық мекемеге жеткізілді», — делінген ведомствоның баспасөз релизінде.
Полицейлер күдіктілерді ұстады.
«Бүгінде бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 24-баптың 3-бөлігі және 99-баптың 3-бөлігі бойынша соталды тергеу жүріп жатыр. Қажет сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», — деді Қызылорда облысының ПД өкілдері.
[:]