АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Мақтарал ауданында су тасқынынан кейін бой көтерген үйлер қалай салынды (фото)[:]

[:kz]

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Мақтаарал ауданында іссапармен болып, тасқын судан зардап шеккен тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарын тексерді. Дайын болған баспаналардың сапасын бақылап, тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Түркістан облысы әкімдігінің мәліметінше, қазіргі сәтте Мырзакент кентіндегі жаңа мөлтек ауданда бой көтеріп жатқан 550 үйдің 200-інің құрылысы аяқталуға жақын. Бірінің шатыры шабылса, енді бірінің ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр.

Мөлтек ауданда 31 мердігер мекеме тұрғын үйлерді салып жатыр.

Жалпы құрылыс жұмыстарына бір жарым мыңға жуық адам жұмылдырылған. Мөлтек ауданда газбен, электрмен жабдықтау, ауыз су жүйелері және кәріз жүйелерін өткізу мен 12,7 шақырымда орам ішіндегі жолдарды салу жоспарланып отыр. Аймақ басшысы құрылыстың сапасына зер салып, үйлерді ұзаққа создырмай тапсыру қажеттігін баса айтты.

«Сапар барысында облыс әкімі Жаңажол ауыл округіне қарасты су тасқынынан зардап шеккен Өргебас елдімекенін қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Тұрғындарымен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Бүгінгі таңға мұнда 188 отбасына 8,5 млн теңгеден қаржы аударылған. Қалған қаражат құрылыс жұмыстарына қарай үлестіріліп отырады. Қазір 130 үйдің іргетасы құйылуда, 34 үйдің қабырғалары қаланып, 5 үйдің шатыры жабылуда. Құрылыс жұмысына 613 адам тартылған», — деді әкімдіктің өкілдері.

Сонымен қатар әкім Жаңажол ауылдық округі, Фирдоуси ауылын қалпына келтіру жұмыстарының барысын бақылады.

«Тасқын судан зардап шеккен бұл ауылда 277 отбасына 8,5 млн теңгеден қаржы аударылған. Жалпы бүгінгі таңға 188 үйдің іргетасы құйылып, 45 үйдің қабырғасы қалануда және 2 үйдің шатыры жабылуда.  Құрылыс жұмыстарына 823 адам тартылған», — деді Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер.

Өңір басшысы жауапты басшыларға нақты тапсырмалар жүктеді. Тасқын судан  зардап шеккен ауылдардағы төтенше жағдай салдарын жою жұмыстары Өмірзақ Естайұлының жеке бақылауында.

 

[:]