АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]»Мен үшін сұмдық жағдай»: Алты балалы келіншек қайын атасының сөз салғанын айтып, көмек сұрады[:]

[:kz]

 

Танымал тележүргізуші, «Дау дамайсыз» ток-шоуының авторы Гүлмира Әбіқай Instagram желісін белсенді қолданушылардың бірі. Бүгінде ондағы жазылушылар саны бір миллионнан асқан.

Көпшілік журналистке басындағы қиын жағдайды баяндап, хат жазады. Кезекті хаттардың бірінде оқырман келіншек қайын атасының сөз салғанын айтып, көмек сұраған деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

«Сізден бір көмек сұрайын деп едім. Мен 32 жастамын, күйеуім 34 жаста, 6 баламыз бар. Біз Жаркент ауылында тұрамыз. Мен сыйлы келінмін, басымнан қиын жағдай өтті. Менің қайын атам маған келіп өз сезімін білдіріп, жақсы көретінін айтты. Мен үшін бұл өте сұмдық ұят жағдай. Күйеуім мен енеме дереу айттым.

Олар ештеңе болмағандай жүре береміз дейді, ал мен олай жүре алмаймын. Ол кісіні көргім келмейді. Менің сізден сұрарым, басқа жаққа көшіп кетуіме көмектессеңіз. Не істесем болады?», — деп жазды келіншек.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Гульмира Абыкай (@gulmir_ktk)

Оқырман хаты тележүргізушіні де ойландырып тастады. «Мына хатты оқып, бұл қалай деп ойланып отырмын. Көмектесетіндей заңсыздық көріп тұрғаным жоқ, арсыздық көріп тұрмын. Біз біреудің төсегін қопарып, іш киімін түгендейтін ток-шоу емеспіз. “Дау-дамайсыз” қоғамдық-әлеуметтік бағдарлама.

Дегенмен, мынандай жағдайды бастан кешкенде не істеуге болады», — деп жазды Гүлмира Әбіқай. Осыдан соң желі қолданушылары желіде мыңнан аса пікір қалдырған. «Күйеуде, енеде ар-намыс жоқпа. Әлде атасының психикалық ақауы барма? Келінді кім қорғайды?»; «Шыныменде арсыздық, қазіргі қариялар не болып барады? Ұят-ай»; «Қазіргі адамдар не болып кеткен. 6 немересі бар келінге ғашық, сұмдық-ай. Күйеуіне айтып, бөлек шықпайма? Журналистер не істей алады. Жолдасының миы болса бөлек шығар. Атасы ұяттан, ардан безген», — деп жазды желі қолданушылары.

kaz.nur.kz

[:]