АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Міндетті түрде 100 мың»: Мұхамедиұлы той мен асқа конвертке қанша ақша салып апаратынын айтты[:]

[:kz]

Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы шенеуніктердің әртүрлісі болатынын бөлісті. Сондай-ақ, ол министр болудың артықшылықтары мен жалақысын ашып айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына сілтеме жасап. 

«Айлығы жақсы, көмекшілерің бар, күнде кофе ішесің, қонаққа барасың. Солай жақсы өмір сүре беруге болады. Ал «Қанша отырдың, не істедің?» деген кезде не деп айтасың? Министр болған кезде миллион теңге жалақы алдым», — деді Арыстанбек Мұхамедиұлы. 

Әрі қарай экс-министр бұрынғы қызметінің кемші тұстары бар екенін де айтып өтті. 

«Министр болған кезде шығының аз. Көп қонаққа бармайсың. Үнемі жұмыс, іссапар. Ректор болған кезде менің шығыным көбірек болады. Алматыда жүргенімде Дулат ағамыздың, Азаматтың мерейтойы бар дегендей. Ал оған барған соң, міндетті түрде жақсы сыйлық алып баруың керек. Ал министрлікте жүргенде біреуге онша сыйлық ала бермейсің», — деді ол. 

Сондай-ақ, тойға немесе асқа барған кезде міндетті түрде қомақты қаржы алып баруға тырысатынына тоқталды. 

«Мен міндетті түрде 100 мың теңге саламын. Жаңағы көңіл айту, ас немесе мерейтой болсын. Оны жасыратыны жоқ. Ашық әңгіме айтып отырмыз ғой. Көп айта бермеймін. Бірақ өзім әлеуметтік жағдайы нашар азаматтарға көп көмектесемін», — деп ағынан жарылды Арыстанбек Мұхамедиұлы. 

Бұдан өзге министр актер Тұңғышбай Жаманқұловқа деген көзқарасы туралы айтты. 

Естеріңізге сала кетсек, Арыстанбек Мұхамедиұлы өзінің дұшпандары туралы айтқан болатын. Сондай-ақ, іштегі өкінішін жеткізді. 

Stan.kz

[:]