АЛТЫНОРДА
Ел жаңалықтары

[:kz]«Мойнында екі несие бар»: Қазақстан халқы қарыздан құтылу үшін дене мүшелерін сатуға көшкен[:]

[:kz]

 

24 жастағы Ерболат Қызылордада туған, Шымкентте сауда орталықтарының бірінде сатушы-кеңесші болып жұмыс істейді. Оған онкологиямен ауыратын анасын емдетуге ақша қажет. Бүйрегін 20 мың долларға сатпақ деп хабарлайды  inbusiness.kz ке сілтеме жасаған altyn-orda.kz

 

Посткеңестік елдердің тұрғындары, соның ішінде біздің отандастарымыз өздерінің ішкі органдарын сатады. Көбіне жас әрі дені сау азаматтар «қара» донорлық жолға түседі. Басқа амалымыз жоқ дегенді айтады олар.

Бұл құбылысқа бағаның өсуі мен несиегі тәуелділік әсер етті ме?

«Бұл экономикалық критериймен байланысты болуы мүмкін, мен нақты айта алмаймын», – дейді өз тәжірибесінде бір жағдайға тап болған адам құқықтары жөніндегі Қазақстандық Халықаралық бюроның (АҚЖКБ) заңгері Максим Кудрявцев.

Жақын адамның өмірін сақтап қалу үшін донор болу бір бөлек, дене мүшені саудалау мүлде бөлек дүние. Өмір бойы мүгедек болып, алданып қалу қаупі бар. Ақыр соңында бүйрек те жоқ, ақша да жоқ.

Бүйрегімді сатамын

Қазақстанда бүйрек сатуға тыйым салынса да, ВКонтакте әлеуметтік желісінде мұндай хабарландырулар кездеседі. Барлығы дерлік еліміздің оңтүстік бөлігінің (Қызылорда, Шымкент және Талдықорған) 30 жасқа толмаған азаматтары.

24 жастағы Ерболат Қызылордада туған, Шымкентте сауда орталықтарының бірінде сатушы-кеңесші болып жұмыс істейді. Оған онкологиямен ауыратын анасын емдетуге ақша қажет. Бүйрегін 20 мың долларға сатпақ.

Мақсат отыз жаста. Ол жариялаған хабарламасында дені сау, жаман әдеттері жоқ екенін жазады. Отбасы жағдайы-үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр, жұбайы бала күтімі бойынша декреттік демалыста. Мойнында екі несие бар, олардың біреуі үйлену тойына алып, енді төлеп жатыр. Такси жүргізушісі болып жұмыс істейді, ақша жетіспейді.

Шымкенттік Роман бүйректі ғана емес, бауырдың бір бөлігін де сатады. Бағасы келісілген, бірақ 25 мың доллардан аз емес.

Талдықорғандық 3+ қан тобы бар өте жас Самаргүл 100 мың долларға бүйрегін сатылымға шығарды. Суретке қарағанда, бейнесі ақшаға деген шұғыл қажеттілікпен мүлдем сәйкес келмейтін әдемі және жас қыз. Қолында қымбат гаджет, ұқыпты киім және керемет макияж – бақытты және көңілді, көптеген достары бар. Оны хабарландыру беруге не итермеледі, белгісіз?!. Ол тілшінің жеке хабарламасындағы сұрағын елеусіз қалдырды.

Дегенмен телефон арқылы бірнеше әлеуетті донорлармен байланысуға мүмкіндік болды. Тілші ретінде емес, әрине, кеңес алушы ретінде тілдесті. Барлығы дерлік ақша болмаған соң сатуға қойғанын, алайда өтпегенін айтты.

«Бүйрегімді сатпақ болғанымды жақындарымнан ешкім білмейді. Қызыққан адамдар қоңырау шалды, мен тіпті олардың барлық сынағынан өттім, бірақ соңғы сәтте ойымды өзгерттім, қорықтым. Сондықтан сізге де сатпауға кеңес беремін, әсіресе балаларыңыз болса», – деді Қанат есімді елорда тұрғыны.

Ол әлі күнге дейін несиесін өтеп жүр, дегенмен жарнамасы әлі тұр.

Алаяқтық және трансплантация құрбандары

Әлеуметтік желідегі әр түрлі топтарда жарнама көп. Делдалдар мен алаяқтар да жеткілікті. Олар виза, ұшу, тұру, тамақтану, операция және оңалту шығындарынан кейін бастапқы келіскен ақшаның жартысын ғана береді.

Немесе жеке клиникада тексеруден өтуді ұсынады. Қаралып болған соң донор ретінде жарамайсыз дейді. Мұндайда клиника мен делдал пайда табады.

Ең жаманы бұл емес. Ең жаманы органды сатқаннан кейін ақша ала алмау. Мұндай жағдай КМБПЧ заңгері Максим Кудрявцевтің тәжірибесінде болған.

«Бірде маған кеңес алуға ер адам келді… Айтуынша, ол Өзбекстан азаматы және жеке үйде плитка төсеуші болып жұмыс істеген. Жұмыс берушілердің қызы ауырып, бүйрек трансплантациясы қажет болған. Ол 10 мың долларға донор болуға келіскен. Нәтижесінде, трансплантация жасалды, бірақ қызметкер ақша алмады», – дейді заңгер.

Бұдан кейін не болғаны белгісіз. Алты жыл бұрын болған оқиғадағы адам туралы мәліметтер сақталмаған. Бірақ оның өмір бойы мүгедек болып қалуы факт еді.

Қазақстандағы «Сенім» бүйрегі ауыстырылған мүгедектер қоғамында пациенттер бір-біріне көмектеседі. Олар бүйрекке не қажет екенін және осы органның жасанды алмастырушысы – диализбен қалай өмір сүру керегін біледі. 2022 жылғы 10 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда 3 562 пациент донорлық органдарды трансплантациялауды қажет етеді, олардың 79-ы балалар.

ДДҰ мәліметтері бойынша, бұрын диализ терапиясын қабылдаған адамға жұмыс бүйрегі трансплантацияланған кезде оның өмір сүру ұзақтығы 8-10 жылға артады. Әрине, мұнда бәрі жасқа байланысты-алушы неғұрлым жас болса, соғұрлым ықтималдық жоғары. 

Статистика

Құқықтық статистикаға сәйкес, 2022 жылдың 1 жартыжылдығында және 2021 жылдың ішінде ҚР ҚК 116-бабы бойынша органдар мен тіндерді алып қоюға немесе заңсыз алып қоюға мәжбүрлеу фактілері тіркелмеді. 2020 жылы 57 іс болған, оның 37-і іс жүргізумен аяқталды, 20 жағдайда күдікті мен айыпталушы қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған не болатын жері анықталмалмағандықтан (ҚР ҚПК 45-бабының 7-бөлігі бойынша) қылмыстық іс үзілді.

Адамның ағзалары мен тіндерін алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою үшін жауапкершілік ҚР ҚК-нің 116-бабында көзделеді, ең жоғарғы жазалау шарасы-8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу.

Дереккөз: inbusiness.kz

[:]