[:kz]
Үй жануары кенеттен әйелдің мұрнынан тістеп алған. Қан тоқтамай аққандықтан, әйел дәрігердің көмегіне жүгінуге мәжбүр болған. Дәрігерлер ештеңе етпейтінін айтып, мұрынға мұз қоюға кеңес берген. Алайда ісік алты ай бойы қайтпағандықтан, әйел басқа мамандардың көмегіне жүгінген деп жазады The Sun.
Көп ұзамай Джейннің қауіпті Вегенер гранулематоз ауруына шалдыққаны белгілі болды. Аталған дерттен адам өліп кетуі мүмкін.
Әйел тамақтың дәмін сезбейтін күйге жеткен, сондай-ақ, оның мұрын тіндері бұзыла бастаған.
«Диагнозым белгілі болғанда дәрігер: «Ит сіздің өміріңізді құтқарды», – деді», – деп еске алады әйел.
Отадан кейін, Джейн өзін физикалық тұрғыдан ғана емес, моралдық тұрғыдан да нашар сезіне бастады. Себебі көшеде көрген адамдар одан: «Жол апатына түстіңіз бе әлде күйеуіңіз ұрып-соқты ма?» – деп сұрайтын болған.
Дәрігерлер әйелдің мұрнын сақтап қалу үшін ұзақ уақыт бойы күрескен. Алайда ақырында оны алып тастаудан басқа амал қалмаған. Енді мұрынның орнында қара тесік тұр. Ал бұл аралықта күйеуі Джейнге барынша қолдау көрсетуге тырысқан.
«Тіпті, аяқ-қолыңды кесіп тастаса да, мен сені жақсы көретін едім», – деген екен күйеуі Джейнге.
Бүгінде 48 жастағы әйел мұрынның орнына протез қойып алған. Оны шынайы дене мүшесінен ажырату қиын. Тіпті, жаз айына арналған, аздап «күнге күйген» мұрын протезі де бар екен. Британдық әйел медицинаның осындай мүмкіншілік беріп отырғанына риза. Қазіргі уақытта ол тек түшкіруге қиналады екен. Себебі:
«Түшкіретін кезде мұрнымды ұстап тұруым керек. Бір күні кешкі ас үстінде бұл туралы ұмытып кетіппін. Түшкіргенім сол еді, мұрным ұлымның аяғының ортасына түсті. Бұл да қуаныш пен күлкінің бір себебіне айналды», – дейді Джейн.
Дереккөз: Stan.kz
[:]