АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Назарбаев: 21 000 теңге береміз, бірақ бәріне емес…[:]

[:kz]

Астана қаласында Нұрсұлтан Назарбаев төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының XVIII съезі өтіп жатыр. Съезд партияның 20 жылдық мерейтойына ойластырылған, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Партия делегаттары Мемлекет басшысының 20 жылға беріліп жатқан бағасын мұқият тыңдап отыр. Жалпы, бүгінгі сьездің күн тәртібінде мына төрт мәселе қаралады:

  1. Партияның 2030 жылға дейінгі бағдарламасын қабылдау;
  2. Партияның құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізу.
  3. саяси құрамның жұмысына баға беріп, орталық комиссияның жұмысымен танысу. Саяси кеңес пен орталық бақылау комиссиясының жаңа құрамын бекіту.
  4. Сьезд жұмысы сағат 14.00-де аяқталады.

Өз сөзінде Елбасы елдің әлеуметтік жағдайына көп көңіл бөлді. Халықтың әл-ауқатына тоқтала кетіп, елдегі мұқтаж жандарға көмек көрсетілуі тиіс екенін ескерді. Әрі жалақы мен көп балалы обасыларға берілетін жәрдемақы мәселесі де қайта қаралды.

«Біз мұғалімдердің жалақасын өсірдік, өздерінің кәсібилігін дәлелдегендерге 50 пайыз, жалпы 30 пайыз өсірдік. 1 шілдеден бастап бюджет саласындағы жалақысы ең аз адамдардың жалақысын 30 пайызға өсіруді тапсырамын» дей келе көп балалы отбасылардың мәселесіне тоқталды.

 

«Миллионерлерге мемлекеттен тағы көмек берудің қажеті не? Кірісі аз отбасылар арасында 111 мың ғана отбасы атаулы көмек алады екен. Көп балалы отбасылардың жәрдемақысын әрбір балаға 21 мың теңгеге жеткізуді тапсырамын», — деді Елбасы съезд барысында.

Ұсынған: Гүлім Жақан

«Қамшы» сілтейді

[:]