[:kz]
Отандық әнші Бүркіттің анасы ақын, Жазушылар одағының мүшесі Айша Көпбасарова биыл 80 жасқа толды. Айтулы мерейтойына орай ол жаңа кітабының тұсауын кесіп, кеш өткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Бұл туралы Бүркіттің өзі Instagram желісіндегі парақшасында жазды. «Анамыздың 80 жас мерей тойына орай Жамбыл облысының мәдебиет басқармасының басшылығы Ерлан Жүнісбайдың қолдауымен Тараз қаласының Асқар Тоқпанов атындағы драма театрында анамыздың кеші өткізілді. «Ақшуақ» атты жаңа жаңа кітабының тұсауы кесілді», — деп жазып, кештен үзінді ретінде видео жүктеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бірнеше кітаптың авторы Айша Көпбасарова өмірін поэзияға арнаған танымал ақын. 80-ге толса да, бетінен әрі кетпеген дарынды ананың сұлулығына оқырмандар да назар аудармай қоймады. Олар Бүркіттің анасының сымбатына, өзін-өзі ұстауына, сұлулығына сүйсініп, оған ұзақ ғұмыр тіледі. «Не деген сұлу», «Анаңыз 100 жасасын», «Анаңызға зор денсаулық тілейміз», «Сұлу, аппақ ана», — деп жазды олар.
[:]