[:kz]
«Қалаулым сен» бағдарламасында тағы да даулы оқиға орын алды. Баян Базарбайқызы есімді қатысушыға келген Ерсұлтан атты үміткер ел алдына шашын буып, құлағына сырға тағып шыққаны үшін оңбай таяқ жеді. Студияда отырған өзге ер азаматтар оның образына шүйлігіп, оған қысым көрсеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Атышулы бағдарламада орын алған күтпеген жағдайдың сәті Instagram желісінде жарияланған.
Видеодан шашын екі жаққа буып алған Ерсұлтанның студияға билеп кіргенін көруге болады.
Заманауи жігіттің мұндай стилі қатысушылардың көңілінен шықпай, олар алдымен үміткерді сынауға кіріскен. Алайда, Ерсұлтан олардың сөгістерін мүлдем елемей қойды.
Нәтижесінде, бағдарламаға қатысып отырған өзге жігіттер ашуға булығып, оған жұдырық ала жүгірген. Аталмыш оқиға бағдарламаның жарнамаға кеткен сәтінде орын алған.
Жігіттердің өзара қақтығысы кезінде үміткердің бетін жарақаттаған. Бағдарламаның бас редакторы бұл жайтты бей-жай қалдырмай, зардап шеккен жігітке қол көтерген қатысушыларды қатаң сынға алды.
Айта кетейік, Ерсұлтанның ерекше образын ұлдар қауымы мен қатар қыздар да түсіне алмай сөккен.
[:]