[:kz]
Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев америкалық режиссер Оливер Стоунның «Qazaq. История Золотого человека» атты сегіз сағаттық деректі фильмінде Рахат Әлиев туралы сұраққа жауап берді.
— Бұл менің үлкен қатем. Ол қаржы полициясының басшысы болды. Осы жағдайын пайдаланып, бизнесті тартып алды, ақша жинап, алып қойды. Оған бірде «Тоқта» дегенмін. Өзіңіз ойлап көріңізші, менің күйеу балам. Үш жиеншарым бар. Қызым, үш жиеншарым және оның әкесі бар, келді… Мен «Мен не істей аламын? Ол — қылмыскер» деп жауап бердім, — деді Тұңғыш Президент. 2015 жылы Нұрсұлтан Назарбаев туыстарының Рахат Әлиев ісіне қандай көзқараста болғанын айтып берген еді. — Неге жұрт үш жиеншарымның әкесін түрмеге отырғызғанымды ұмытты? Анасымен бірге жылап маған келмеді деп ойлайсыздар ма? Келді. Уайымдамады дейсіздер ме? Әрине, уайымдадым. Бірақ мұның анық екенін, шектен шыққандық екенін түсінгенде тоқтай алмадым. Туыстар жиналды, бәрі көндіруге тырысты: «Бәрі өз қолыңда ғой, жаба салсаң қайтеді». Барлық туысыма, балаларыма, достарыма ешкім құтылмайтынын ескерттім, — деген еді Елбасы.
www.oinet.kz/
[:]