АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Несие алуға мәжбүрлеген»: Елордада 200-ге жуық әйел косметологтарға алданды[:]

[:kz]

Косметологтардың көмегіне жүгінген елордалық 200-ге жуық қыз-келіншек сан соғып қалды. Ең сорақысы, медициналық орталық оларды несие алуға мәжбүрлеген. Банктен қомақты қаржы алған. Санаулы минутта сұлулықтың емес, алаяқтардың құрбаны болғанын қыз-келіншектер кеш түсініпті. Ал косметологиялық орталықтың иелері биыл карантинге жабылған күйі ізім-қайым жоқ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп хабарлайды.

Сұлулық салондарының бастапқыда «тегін қызметі» кейін бірнеше жылдық несие рәсімдеумен аяқталыпты. Әрқайсысында банктен алынған қарыз көлемі әртүрлі.  

«Екі жылға «Альфа банкке» 369 мыңға кредитке отырғызды. Айына 15400 теңгеден төлеймін», — дейді алданған келіншек. Алған ем-домның бірде-бір пайдасы болмай, крісінше, ерніне жара шыққан.

«Ерніме ұшық шыға бастады. Содан келуге қорықтым. Ұшықты олар иммунитетімнің төмендігінен деді. Ертеңінде сол жара шықты, келе алмай қаламын. Айлап келе алмай, солай 6 ай келмедім. Алты айдан кейін карантин басталды. Карантиннен соң келіп едік, жоқ деді ғой», — дейді Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Айгүл Ермағамбетова.

Есілдің сол жағалауында орналасқан косметологиялық орталық қазір ашық. Бірақ ол жерде бұрынғы басшылық жоқ. Барлық құрал-жабдығын жинап, қашып кеткен. Бұл қыз-келіншектермен бірге, орталықтың бұрынғы қызметкерлері де неше айдан бері жалақы ала алмай жүрген көрінеді. 

«Халықаралық іздеу жариялағандарына қарағанда, олар Қазақстанда емес сияқты. Шындап келгенде, мен ешқандай да косметологиялық қызметті алғым келмейді. Айнып қалдым. Бұл менің бет-әлпетім, сондықтан мен оны басқа біреулерге емдетуге сеніп тапсыра алмаймын. Толығымен келісімшартты бұзып, ақшамды қайтарып, мына төлеп жатқан несиені жабуды ойлап отырмын», — дейді Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Сандуғаш Байсадықова.

Алданған әйелдер адвокат жалдаған. Сотқа арыз бермекші. Заңгердің айтуынша, бұл алаяқтардың әрекеті.

«Алаяқтық ісінен 200-ге жуық адам зардап шегіп отыр. Бұл тек менің қарауымдағы адамдар. Өйткені күн сайын осы медициналық орталықтан желініп, заңсыз несие рәсімдегендер, еш қызмет алмаған адамдар қосылып жатыр. Қазір іс  Ішкі  істер министрлігінің қарауында», — дейді адвокат Еркінбек Орынбаев.

Ішкі істер министрлігі салонның бұрынғы әкімшілеріне қатысты алаяқтық бабымен қылмыстық іс қозғапты. Халықаралық іздеу де жариялаған. Күдіктілер Ресейде бой тасалап жүрген көрінеді.

[:]