АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Нұр Отандық» қарғысологтың тізімінде менің де атым бар» — Серік Абас-шах[:]

[:kz]

Айтпақшы, «Нұр Отандық» мәжіліскер-қарғысологтың списогінде тағы кімдер бар деп ойлайсыз?

Кешеден бері қазақ аудиториясы Бекболат Тілеуханның құлағын шуылдатып жатыр. Серік Боқан есімді журналистің әлемжеліде өзін сынап сынап жазған шағын постына ренжіген Тілеухан мырзаның қарғыстың неше атасын жаудырып жатқан аудио жазбасы расы керек, көп адамның таңқалысын тудырған. Тіптен «Бекеңдей адамның аузынан мұндай сөздер шығуы мүмкін емес!» деп жатқандар да баршылық, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы. 

Сөйтсек, Б.Тілеуханның қарғысын алған журналистердің тізімі мұнымен шектеліп қалмайды екен. Әлеуметтік желіде қоғам белсендісі әрі белгілі продюсер Серік Аббас-шах өзінің Мәжіліс депутатының «қара тізімінде» ілініп қалғанын жазыпты. Автордың жазуынша, бұл оқиға бұдан сәл бұрынырақта болған.

«Естіген кезде, таңдана қоймадым.
«Қарғысқа ұрынған» жігітті жақын танымаймын. Фейсбукте белсенді екен. Жазғаны жақпай қалған шығар? Екеуі де аман болсын!
Бұл туралы бұрын айтпаған едім…
«Список» дегеннен шығады ғой.

Бір жыл бұрын (24 шілдеде болса керек) Бекеңмен көшеде кездесіп қалдық. Мен кіргелі тұрған мекеме ғимаратынан шығып келе жатыр екен. Ойымда ештеңе жоқ, күліп амандасып жатырмын.

Әлеуметтік желіде кей әрекет-қылығы үшін сынап немесе қалжыңға айналдырып жүрсем де әлгі «кейіпкерлерімді» дұшпанға балау немесе жек көру әдетімде жоқ. Көбімен күліп-ойнап амандасамыз, әңгімелесеміз, тіпті мерекелерде бір-бірімізді смспен құттықтап та жатамыз.

Бекеңнің әзіліме де, әңгімеме де құштар емес екенін сезсем де ескі танысым ретінде сәлемімді аяп қалмадым.
— Сәлем, Беке? Қалайсыз?
— Менде қалған атаңның өші бар ма? (қаны басына шапса керек, танысымның түкірігі шашырып кетті)
— Беке, атамызды араластырмай ақ қояйық. Тіл байлығыңыз жетеді ғой, ойыңызды басқаша жеткізерсіз.
— Менде қалған атаңның өші бар ма?
— Не айтқыңыз келіп тұр?
— Мен енді ештеңе айтпаймын. Меккеге барғанда саған қарсы дұға оқыдым. Аллах сені тәубеңе келтіріп, аяғыма жықсын деп сұрадым. Көресің, күт енді…
— Беке, Ораза кезінде, қасиетті Меккеде жақсы тілек тілемеуші ме еді. Мынауыңыз не?
— Аллах жазаңды берсін!
— Беке, мына қылығыңыз тұлға ретінде де, жігіт ретінде де жараспайды сізге. Оның үстіне «жүйелі қарғыс жүйесін, жүйесіз қарғыс иесін табады» дейді ғой.

 

Бекең мені тыңдағысы келген жоқ. Түкірігі шашырап, тағы бірдеңелерді айтып бара жатты. Қарғап-сілеу шығар тағы? (Оны арғы жақта кеңесшісі ме, көмекшісі ме, білмеймін, әйтеуір қасынан қалмай жүретін бір жігіт күтіп тұрды, мен танитын…)

Айтпақшы, «Нұр Отандық» мәжіліскер-қарғысологтың списогінде тағы кімдер бар деп ойлайсыз?», — деп жазыпты өзінің facebook парақшасында.
 

 

 

[:]