[:kz]
Семейде бүгін жиырма шақты көшенің қазақ жеріне түк қатысы жоқ орысша атауларын алып тастап, бәріне қазақ қайраткерлерінің атын қойыпты. Ақырын-ақырын рухани жаңғырып жатырмыз, Аллаға тәуба! Бірақ менің бір көңіліме келген нәрсе: жаңағы қазақша есімдердің бәрінің соңы ов, ев, ева деп бітеді екен. Ол кісілердің фамилиясы өзгертуге болмайтын бренд емес шығар. Қайтыс болған адамдардың атын да кейін тақтаға дұрыстап, азан шақырып қойған атымен қазақшалап жазып жатады ғой. Бізге де мүмкін көшеге біреудің атын берген кезде, осындай «аманатты» ескеріп, олардың аты-жөніндегі орысша тіркестерді алып тастап отыру керек шығар, қалай ойлайсыздар? Сонда біздің көшелеріміз ғана емес, марқұмдардың есімі де рухани жаңғырып шыға келетін еді…
Жолымбет Мәкіш
Фейсбуктегі парақшасынан
[:]