АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Олар соған лайықты»: Тоқаев Үкіметтің ертең жақсы жаңалық жариялайтынын жеткізді[:]

[:kz]

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерді жақсы жаңалықпен қуантпақ, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Президент қазіргідей төтенше жағдай кезінде аянбай тер төгіп, еңбек етіп жүрген дәрігерлерді қаржылай қолдау керектігін айтты.

«Санитарлық-эпидемиологиялық саладағы күрделі кезеңде еңбек етіп жатқан дәрігерлерді қаржылай қолдаудың жаңа пакеті қажет. Олар соған лайықты. Үкімет есептеулерді жүргізуде. Қабылданған шешім дүйсенбіде жарияланады», — деп жазды Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.

 Енді, қабылғандан шешім ертең 30  наурызда жарияланатын болады.
 

[:]