[:kz]
Келесі қадам «Иә, Алла менің өмір жолымды (отбасындағы басқа да адамдардың аты-жөнін айтса болады) және солардың да өмір жолын аша гөрші», – дейді. Сонда адам санасы арқылы аппақ жолдардың ашылғанын көреді. Келесі қадам «Иа, Алла менің аяқ-қолымдағы кісенді шеше гөрші», – дейді. Сол кезде санасы арқылы аяқ-қолдарындағы кісеннің түсіп жатқанын көреді. Келесі қадам «Иа, Алла менің бизнес жолымды аша гөрші», – дейді. Сол кезде дәулет, байлық адамның төбесінен алтын ақша, доллар, теңге түрінде құйылады. Бұдан кейін адам өзінің шаңырағын тазалауы қажет.
«Иа, Алла менің шаңырағыма, аулама, әжетханама, автокөлігіме, бау бақшама т.б. құрлыстарға ұялап алған жын-шайтан перілерді, төменгі әлемнің жан иелерін, қаралықтарды менің шаңырағымнан, ауламнан, әжетханамнан, автокөлігімнен, бау бақшамнан т.б. құрлыстардан толық қуа гөрші, менің шаңырағымды толық тазалай гөрші», – деп тілейді. Сол кезде санасы арқылы үйден қара нәрселердің шыққанын көреді. Сеансты жүргізіп отырған адам санасына салса, қаралықтардың қай жерде тығылып отырғанын көре алады. Әр бөлмені санасымен қарап шығады, тазарған кезде бәрі жап-жарық болып кетеді. Сосын тазарған сайын: «Иа, Алла осы бергеніңе шексіз тәубе, шексіз шүкіршілік», – деп тәубе айтып отыруы тиіс. Мұны ұмытпаған абзал. Келесі қадам «Иа, Алла менің шаңырағыма, аулама, әжетханама, автокөлігіме т.б. құрылыстарға қара дұғадан, тіл көзден, жын-шайтан перілерден, төменгі әлемнің жан-иелерінен, қаралықтардан қорғайтын қорғау, қоршау салып бере гөрші», – деп тілейді. Сол кезде Алланың құдіретімен шаңырағына, ауласына, автокөлігіне қорғау салынады. Қорғау шаңырақ, пирамида т.б. бейнеде келіп түседі.
asetkz.ru/
[:]