АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Өмірде ештеңе кездейсоқ болмайды»: Айсұлтан Назарбаев несімен есте қалды[:]

[:kz]

 

«Өмірде ештеңе кездейсоқ болмайды. Мен бұған сенемін. Бәлкім жағдайдың неге бұлай болғанын бірден түсінбейтін шығарсың, бірақ уақыт өте келе барлығы өз орнына келеді», — деп жазды Айсұлтан Назарбаев. Оның болашағы жарқын болуы мүмкін еді. Жас жігітте ақша, білім, таныс, құлшыныс барлығы бар еді. Бірақ соңғы бірнеше жылда оның есімі тек жанжалмен танылды. Айсұлтан Назарбаев туралы еске түсіріп көрейік. 

Айсұлтан Назарбаев 1990 жылы 26 тамызда Қазақстан президентінің үлкен қызы Дариға Назарбаеваның және оның күйеуі, қайтыс болып кеткен бизнесмен, дипломат, бейресми мәліметтер бойынша Қазақстаннан Австрияға қашып кеткен Рахат Әлиевтің отбасында дүниеге келді.

Айсұлтан Рахат Әлиевті қиын адам деп танығанмен, бірақ соған қарамастан ол әрқашан әкесіне риза болғанын айтады.

«Әкелі бала – жау жүрек, әкесіз бала – сұм жүрек. Өз әкесін мойындаған адам – батыл. Өз әкесінен безген адам – зұлым», — мен осы сөздерді оқыдым. Әкем маған жақсы тәрбие берді, өсірді, оқытты. Дәл сол адам менің футбол мен спортқа деген махаббатымды оятқан еді. Сондықтан да мен оны әрқашан тек жақсы әке ретінде еске аламын. Қандай жағдай болмасын, өз әкесінің ұлы ретінде мен оған тек алғыс айтамын», — дейді Айсұлтан Назарбаев өз жазбасында.

Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Айсұлтан Назарбаев 2013 жылдың 31 тамызында шаңырақ көтерген. Оның сүйіктісі «ҚазРосГаз» акционерлік қоғамының басшысы Қайрат Боранбаевтың қызы, әйгілі актер Әнуар Боранбаевтың немересі – Әлима.  Үш жылдан кейін ерлі-зайыптылардың Амели деген қызы одан кейін Сұлтан атты ұлы өмірге келеді.

Айсұлтан Назарбаев 2017 жылдың 28 ақпан күні Қазақстан футбол федерациясы Атқарушы комитетінің шешімімен ФИФА, УЕФА халықаралық ұйымдары және Ұлттық Қауымдастықтарымен байланыс бойынша вице-президент міндетін атқарушы қызметіне Айсұлтан Назарбаев тағайындалған еді. Алайда, ол мұнда небары 7 ай жұмыс істеді.

Айсұлтан Назарбаев әкесінің Австриядағы елшісі қызметін атқарған кезінде австриялық «Адмира Ваккер» клубында футбол ойнауды бастаған. Президент Назарбаевтың немересі астаналық «Рахат» үшін Қазақстанның бірінші лигасында ойнады. 2006 ж. Футбол бойынша жастар арасындағы Еуропа чемпионатына іріктеу турниріне қатысты. Үш ай Челси академиясында өтті. 2007 жылы Портсмуттың жасөспірімдер құрамасында ойнап, Англия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

2017 жылы жанжалға байланысты Айсұлтан Назарбаевтың есімі аталған болатын. Екінші дүниежүзілік соғыстың аты аңызға айналған қаһарманы генерал Иван Панфиловтың шөберелері — Ержан мен Асқар Бримжановтар жұмыс істейтін экономикалық бөлімге Айсұлтан Назарбаевтың элиталық пәтерінде итальяндық дизаинерлердің жобасына сәйкес жөндеу жұмыстарын жүргізуге тура келді. Бірақ олар жөндеу жұмыстарын аяқтай алмады. Соттан кейін Панфиловтың шөберелері әрқайсысы үшін жеті жылға бас бостандығынан айырылды, бірақ бір айдан кейін олар ақталды.

Содан кейін, 2017 жылы Айсұлтан Назарбаев Facebook-та есірткі қолданғанын және нашақорлықпен емделіп жатқанын жариялады.

Әлеуметтік желілердегі жазбаларға сүйенсек, ол атасымен жылы қарым-қатынаста болған. Сонымен, 2016 жылы ол Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтап, оны дана және мықты көшбасшы деп атады.

«Біздің ержүрек, қайсар халқымыз президентпен бірге 25 жыл ішінде ғасырға бергісіз жұмыс атқара алды. Бұл біздің ұлы, кез-келген игі іске икемді халық екенімізді анық аңғартады. Аллаға шүкір, қазақта осындай көшбасшы бар. Абылай ханның өзі қазіргі заманды көрсе президентпен мақтанар еді”, – дейді ол.

Содан кейін көптеген адамдар Айсұлтанды саясаткер болуға дайындалып жатыр деп болжады. Айсұлтанның желідегі жазбалары қауесеттерге себеп болды. Сонымен, ол сол кездегі Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбековті қаладағы қоқыс үшін сынға алған. Оған қоса, жеке өзі Талдықөл көлінің жанында киіз үй орнатуға уәде береді.

«Мен қарапайым Астана тұрғыны ретінде бір нәрсені айтқым келеді. Шыны керек сасық қлада өмір сүргім келмейді! Егер Талдықөлдегі киіз үй туралы Елбасының ескертуі орындалмаса, мен оны жеке орнатамын», — деп шағымданды елбасының немересі.

2017 жылдың қыркүйегінде Айсұлтан ақпарат кеңістігінен кенеттен жоғалып кетті. Ол 2018 жылдың соңында желіге қайта келіп, өзін әлдекімдердің күштеп ұстап отырғанын жария еткен. Артынша ол ешкім білмейтін мәліметтермен бөлісіп, жұртты таңқалдырған. Ол Ресей Федерациясының билігіне өзін босатылғаны үшін алғыс айтты.

Пандемия кезінде интернетте Нұр-Сұлтандағы кедейлерге тамақ беріп жатқан жас жігіттің суреттері пайда болды. Пайдаланушылар жігіттің елбасының немересіне ұқсайтынын жарыса жазған. Өзінің парақшасында Айсұлтан тамақ таратқан өзі екенін мойындады.

«Өзімшілдігіңіз бен менмендігіңізді ұмытып, құдай үшін ғана жақсылық жасау соншалықты қиын ба? Әрбір адам қиямет күніне дейін өз эгосын жоюға тырысуы керек, өйткені сіздің менмендігіңіз шындықты білуге ​​мүмкіндік бермейді! Оны білгісі келетіндер оны сөзсіз таниды! Мен мұны жалғыз және жалғыз Құдайдың қалауымен жасаймын! Мен құдайдың алдында қаншалықты қиын болса да, айтқанын орындауға ант еттім», — деп жазды Айсұлтан.

Айсұлтанның қажылыққа барғаны белгілі болды. Ол соңғы жазбаларында тек қана Құдайға сенетінін айтқан.

«Мен, Алладан қорқатын адам ретінде, ешкімге баға бермеймін. Ерте ме, кеш пе, бәріміз алланың алдына барамыз. Содан кейін барлығы әділеттілікпен жазаланады. Төрелік ету әркімнің қолынан келе бермейтін ауыр жүк. Тіпті, Президент өткенді еске алып менің әкемнің тағдырын шешкен кезде қатты уайымдағанын айтад. Мен атамның батылдығына таңмын. Ол әкемнің орнына әке болып, мені жүректі жылы ұстап салқынқандылықпен өмір сүруге үйреткендердің бірі», — деп Айсұлтан атасы туралы жазды.

Сонымен қатар, Айсұлтан Назарбаев туралы «Сэндхёрст» әскери акдемиясындағы ұстазы Дэвид Хадсон айтып берген болатын. 

«Ол өте талапшыл жас. «Сэндхерсте» оқыған кезде өзінің ынтасын көрсетіп, әскери операцияларға қатысып, «Ерлік үшін» марапатталған», — дейді Дэвид Хадсон. 

 Stan.kz ақпарат агенттігі. 

[:]