АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Онлайн садақа: Енді тұрғындар қайырымдылықты телефон арқылы жасай алады[:]

[:kz]

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Зекет» корпоративтік қайырымдылық қоры садақа, зекет беру жүйесін оңтайландыру мақсатында қордың мобилді қосымшасын іске қосты деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.

Мобилді қосымшаны іске қосудағы негізгі мақсат – қайырымдылық көмек көрсетуге, зекет беруге ниет білдірген азаматтарға қолайлы мүмкіндік жасау екен.

 

Қосымшаға көмекке аса зәру жандардың ортақ базасын енгізілген. Онда науқастың аты-жөні, тұрғылықты мекен-жайы, медициналық анықтамалар, т.б. қажетті құжаттар жүктелген. «Онлайн садақа жасау» мәзірі арқылы аталған кісіге көмек бере аласыз.

Мобилді қосымшаның бір ерекшелігі: автоматты есептегіш (калькулятор) құралы зекет беру көрсеткішіне жеткен мал-мүліктің, яғни жинақталған қаржының зекетін бірден анықтайды.

Мобилді қосымшаны «Play Mapкет» жүйесі арқылы «ҚМДБ зекет» сөзін жазып, жүктеп алуға болады.

.nur.kz

[:]